СөЖ 1 кейс: Психология тарихы, қазіргі жағдайы және даму бағыттары



бет1/5
Дата17.02.2023
өлшемі39,42 Kb.
#68909
  1   2   3   4   5

СӨЖ


1 кейс: Психология тарихы, қазіргі жағдайы және даму бағыттары
Психология тарихы бір-бірін 2000 жыл бөліп тұрған екі кезеңді қамтиды. Осы себепті біз психологияны ең ежелгі және ең жаңа ғылыми пәндердің біріне жатқыза аламыз. Ең алдымен, біз Платон, Аристотель және басқа грек ойшылдары бүгінгі психолог-мамандарға қатысы бар мәселелермен айналысқан – біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы адам болмысы мен мінез-құлқы туралы айтылған ой-пікірлері мен болжамдарына мән беруіміз керек. Өйткені дәл сол кезеңде психологияның кіріспе бөлімдерінде оқытылатын ес, қабылдау, мотивация, ойлау, түйсік және мінез-құлық патологиясы сияқты маңызды тақырыптар қамтылады.
Сонымен қатар психологияны жаңа ғылыми пән ретінде қарастыра отырып, қазіргі психология философиядан жеке пән ретінде бөлініп шыққанынан бергі 200 жыл шамасындағы тарихи оқиғаларды жандандырамыз.
ХIХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін философтар адам табиғатын болжау, интуиция және жалпылама қорытынды жасау арқылы зерттеген. Философтар биология және басқа да жаратылыстану ғылымдарында сәтті қолданылған құралдарды пайдалана бастаған кезден трансформация басталды. Зерттеушілер мұқият бақылау және эксперимент жасау сияқты адам санасын зерттеу әдістеріне сенімді бола бастағанда ғана психология өзінің философиялық түп тамырынан ажырай бастады.
Психология жаңа пән болып қалыптасқаннан кейін объективті зерттеу әдістерін дамыту қажеттігі туындады. Философиядан бөлінгеннен кейінгі психология тарихының басым бөлігі аталмыш пәннің зерттеу құралдары, әдістемелері мен әдістерін үздіксіз жетілдіру мәселелеріне арналады.
Психикалық құбылыстарды зерттеу үшін физика және биология ғылымының әдістерін қолдану идеясының пайда болуына ХVII ғасыр мен XIX ғасыр аралығындағы философиялық ойлар мен физиологиялық зерттеу жұмыстары түрткі болған. XIX ғасыр философтары ой-пікірді зерттеудің эксперименттік амал-тәсілдері жолын жасаса, психологтар осы мәселелерді басқа
жағынан шешуге талпынды. XIX ғасыр психологтары ойлау процестері негізіндегі физикалық механизмдерді түсінуге шешуші қадам жасады. Олардың ғылыми әдістері жеке философиялық әдістерден ерекшеленді.
Психологияның даму эволюциясын түсіндіру тарихи деректеріне байланысты болғандықтан, тарихи зерттеулерде қолданылатын әдістер мен қағидаларға қысқаша тоқталу қажет. Жеке адамдардың өмірін, оқиғалар мен дәуірлерді қалпына келтіру үшін қолданылатын тарихи деректер ғылыми деректерден айтарлықтай өзгеше. Ғылыми деректердің басты ерекшелігі –
олардың жиналу әдісінде. Мысалы, психологтар адамның қандай жағдайда басқа бір адамныңқайғысына ортақтасатынын немесе балалардың теледидар мен бейнеойындардағы озбыр әрекетке еліктеп-еліктемейтінін анықтағысы келгенде арнайы жағдаят ойлап тауып, қажетті деректі сол арқылы жинақтайды. Сондай-ақ психологтар зертханалық эксперименттер жасап, объектінің шынайы жағдайдағы әрекетін байқап, екі айнымалы шама арасындағы статистикалық корреляцияны есептеп, шолу жасаумен де айналысады. Осы әдістер арқылы олар зерттегісі келетін объектіні бақылауда ұстайды. Мұны басқа мамандар әртүрлі уақыт кезеңдері мен түрлі жағдайларда қайта қарап, бағалай алады. Кейінірек алғашқы және кейінгі зерттеу жұмыстарын жаңаша қарау арқылы белгілі бір деректің дұрыстығы айқындалып жатады.
Психологияның шығуы мен дамуын зерттеу арқылы ғана оның қалыптасу жағдайын анық көре аламыз. Тарихты білу жүйені бір ретке келтіріп, хаосқа мән бітіріп, өткен шақ арқылы бүгінгі күн жағдайын ұғындырады.
Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлықының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Психологиялық факторлар әлеуметтік үрдістерді өздігінен анықтамайды, керісінше, олардың өзі осы үрдістерді талдау кезінде ғана түсінікті болады. Адамның психикалық әрекетінің негізгі түрлері қоғамның тарихы барысында пайда болып, тарихта қалыптасқан заттық әрекеттер жағадайында жүзеге асырылады, еңбек ету барысында, құрал мен тілді пайдалану кезінде пайда болған амалдарға сүйенеді.
Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарашты меңгеру және т.б.); адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-дамайлаларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет