Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет48/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56

 
Список литературы 
1. 
Christopher Westphal. Data Mining for Intelligence, Fraud, & Criminal Detection. Advanced Analytic & Information 
Sharing Technologies. 2009. CRCPress. – 426 p.  
2. 
Бондаренко  М.  Ф.  Теория  интеллекта:  учебник/  Бондаренко  М.  Ф.,  Шабанов-Кушнаренко  Ю.  П.  Харьков: 
Комп. СМИТ, 2007. — 576 с. 
3. 
Dieter  Jungnickel.  Graph,  Networks  and  Algorithms.  Algorithms  and  Computation  in  mathematics.  Volume5.  – 
Springer BerlinHeidelbergNew York, 2008. — 650 p. 
4. 
Хайрова 
Н. 
Модель 
извлечения 
знаний 
из 
неструктурированных 
документов 
корпоративной 
информационной системы./ Н. Хайрова, Н. Шаронова. // Applicable Information Models.  ITHEA. — Varna, Bulgaria, 
2011. — C. 131—139. 
5. 
Шабанов-Кушнаренко  С.  Ю.  Решение  булевых  уравнений  с  помощью  логических  сетей  /  С.  Ю.  Шабанов-
Кушнаренко,  Л.  Г.  Ситник,  Д.  В.  Биленко,  К.  В.  Силивейстров  //АСУ  и  приборы  автоматики.    —  Харків:  ХНУРЕ,  
2008. — № 142. — С. 23-28. 
 
 
 
 
 
 
s
 
u
 
1
 
2
 
3
 
s
1
 
s
2
 
s
3
 
s
4
 
a
1
 
a
2
 
a
3
 
a
4
 
u
1
 
u
2
 
u
3
 
u
4
 
l
2
 
l
1
 
l
3
 
l
4
 
l
5
 
l
6
 
l
7
 
l
8
 
l
9
 
l
10
 
l
11
 
l
12
 
l
13
 
l
14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
l
 
 
 
 
 
 
 
 
a
 
 
 

283
 
 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ – АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК  
 
Махатова В.Е., Бекбаева З.Ә., Қабдолова А.Е., Батырханов А.Ғ.  
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
  
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды 
ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  болып  табылады.  Қазіргі  таңда 
елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде  
күн  тәртібінен  түспей   отырғандығы  мәлім.  Ақпарат  мемлекеттің  даму  деңгейін  анықтайтын  стратегиялық 
ресурсқа  (қорға)  айналып, 
ақпарттық  мәдениетті  қалыптастыру, 
яғни  мәлімет  өңдеу  мен  оны  тасымалдау  ісін 
атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. 
 
 
Қазіргі  кездегі  қоғам  индустриялдық  кезеңнен  кейінгі  дамудың  ақпараттық  кезеңіне  аяқ  басты. 
Ақпарттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім,  білік,  дағдының  көлемі  күннен-күнге  артып, 
мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың 
көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері 
жатады.  Қазіргі  кездегі  адамдар  үшін  «компьютерлік  сауаттылық»  дегеніміз  кешегі  жай  сауаттылық  (оқып  жаза 
білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.  
Соңғы  кезде  біздің  қоғамда  болып  жатқан  ауқымды  өзгерістер  білім  саласында  да  біраз  өзгерістердің 
туындауына  себепші  болып  отыр.  Қазақстанда  жаңа  білім  беру  жүйесі  қалыптасуда.  Білім  жүйесіндегі 
инновациялық өзгерістерге  де  презиндентіміз  Н.  Ә.  Назарбаев  та  назар  аударып, ол  Республикалық  мұғалімдер 
съезінде: 
«ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына 
өз  жастарының  интеллектуалды  және  рухани  әлеуетін  барынша  дамыта  алатын  мектептер  мен  жоғары  оқу 
орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады»,
 - деген болатын. 
Қазіргі  кезеңде  білім  жүйесінің  барлық  салаларын  нақты  түрде  ақпараттандырудың  кешенді  жоспары 
жасалуда.  Информатикадан  мемлекеттік  білім  стандартында  көрсетілгендей  бүгінгі  таңда  оқу  мақсатын  тек 
компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап 
отыр.  Біздің  елімізде  барлық  мектептер  компьютерлендіріліп  жатыр.  Әлеуметтік  пенде  болғандықтан  адам 
әрқашанда  өзі  сияқтылармен  араласу  тәсілдерін  іздестіреді.  Соңғы  кездегі  Интернет  желісінің  күрт  дамып  кетуі 
(қазіргі  кезде  18000  әр  түрлі  желілерді  біріктіріп,  күнбе  күн  жаңаларымен  толықтырылуда)  қашықтық  ұғымын 
жоққа  шығарып,  планетамыздың кез  келген  нүктесін  бір-бірімен бейнелі  түрде байланыстыруда.  Ақпараттардың 
көзді  тартар  ертеңі  таң  қалдырып,  өзіңнің  соны  пайдалана  алатының  қуантады.  Бірақ  адам  жаңалыққа  тез 
үйренеді,  қазір  де  Интернет  жалпыға  бірдей  ақпараттық  қор  тәрізді  ертегідегі  «ханшалардан»  күнделікті 
«күніңізге» айналып барады.  
 Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы 
адамдар бар.  Кейбір  есептеулер  бойынша  екі  миллиондай  компьютермен 30  миллионға жуық  адам  жұмыс  істеп 
жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен.  
Интернет  желісін  алғашқы  дүниеге  келтіруге  себеп  болған  70  жылдар  басында  АҚШ  қорғаныс 
министрлігінің   Apranet  компьютерлік  жүйесі  болып  саналады.  Желі  нүктелерінің  үлкен  аумақта  шашырап 
жатқандығына  және  олардың  бір-бірімен  қосылу  желілерінің  күрделілігіне  байланысты  оның  аздаған  бөліктері 
бұзылғанымен  сау  желілердің  өзара  байланысы  жылдам  қайта  құрылып,  қалыпты  жағдайына  келе  алатыны 
айқындалды.  Интернет  көптеген  байланыс  желілерін  бір-бірімен  біріктіріп,  дүниедегі  ең  үлкен  компьютерлер 
торабын  құрайды.  Оның  қарапайым  желілік  нүктелері  үкімет  мекемелерінде,  университеттерде,  коммерциялық 
фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.  
Интернетке  қосылу  дегеніміз  –  басқа  жерлерде  тұрған  1000-даған  компьютерлік  жүйелермен  байланысу 
деген  сөз.  Желілердегі  компьютерлерден  үкімет  архивіндегі,  университеттің  мәлімет  базала-рындағы,  жергілікті 
қорлар  көлеміндегі,  кітапхана  каталогтарындағы  құжаттық  мәліметтерді,  суреттерді,  дыбыс  клиптерін, 
бейнелерді, т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпараттарды ала аласыз. 
Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. 
Компьютерлік  желі  – 
бір  бірімен  мәлімет  аламаса  алатын  кем  дегенде  екі  компьютердің  байланыс 
құралдары  көмегімен  қарым-қатынас  жасауына  арналған  ақпарат  өңдеудің  тармақталған  жүйесі.  Басқаша 
айтқанда  желі  деп  дербес  компьютерлердің   және  де  принтер,  модем,  факсимильдік  аппарат  тәрізді  есептеу 
құрылғыларының  бір-бірімен  байланысқан  жиынын  айтады.  Желілер  әрбір  қызметкерге  басқалармен  мәлімет 
алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен 
қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. 
Интернет  сөзі  әдетте,  желінің  физикалық  деңгейін  білдіреді,  яғни  бұл  сөзбен  компьютерлерден, 
кабельдерден  және  де  мәліметтерді  тасымалдайтын  басқа  құрылғылардан  тұратын  аппараттық  жабдықтамалар 
жиынын атайды. 
Желілік программалық қамсыздандыру
      Желідегі  компьютерлер  жұмысын  программа  басқарады,  ондағы  барлық  компьютерлердің  бір  –  біріне 
жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже 
мен  байланыс  жасау  қажет.  Осындай  ортақ  ереже  
желілік  хаттама
  деп  аталады.  Windows  2000  Professional 
операциялық  жүйесі  тұтынушыға  әр  түрлі  қызмет  көрсететін  бір  пайдаланушыға  арналған  жұмыс  станцияларын 
серверлермен байланыстыруға есептелген. 

284
 
 
     Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін: 
       Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі  компьютермен байланысса, онда бұндай 
компьютер жұмыс станциясы деп аталады. 
       Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады. 
Серверлер  әр түрлі қызмет  көрсетеді: 
        Файлды сақтау және беру ( файлды сервер); 
        Баспадан шығару (баспа сервері); 
        Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер); 
        Электронды поштаны алу, сақтау және беру  (пошта сервері); 
        Сайттарды орналастыру (web - сервер); 
Серверлер  көрсеткен  жұмысты  қызмет  деп  атайды.  Бір  серверде  бірден  бірнеше  қызмет  атқарылуы 
мүмкін.  Сервер  белгілі  бір  қызмет  атқару  үшін  ОЖ  –гі   сервер  құрамындағы  программаны  қосу  қажет.  Сервер 
қызметіне  қатынау  үшін  жұмыс  станциясынан  клиент  деп  аталатын  программаны  қосу  қажет.  Сервері  бар, 
қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент – сервер» технологиясында құрылған 
желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең 
қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды. 
Компьютер  желіге  қосылғаннан  кейін  бірнеше  рет  іске  қосылғанда  операциялық  жүйе  DHCP  (Dynamic 
Host Configuration Protocol)  серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай 
табу  үшін  адрес  меншіктейді.  Егер  желіде  DHCP  сервері  болмаса,  онда  операциялық  жүйе  автоматты  түрде 
қосылғаннан  кейін  басқа  компьютерлерді  анықтай  алатын  режимге  ауысады.  Сервер  –  ортақ  пайдалануға 
арналған  барлық  ресурстарды  қамтитын  компьютер.  Ортақ  ресурстарды  пайдалану  үшін  сервер  қосулы  болуы 
қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. 
 
Тікелей  ауқымды  желімен  байланыс  өте  қымбат,  сондықтан  компьютерлер  Интернетпен   интернет  – 
провайдер арқылы байланысады. 
 
Интернет  –  провайдер   –  бұл  компьютерлік  торап  (узел),  клиент  компьютерлерді  әр  түрлі  байланыс 
тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды. 
 
Сондықтан  клиент   компьютерде  Интернетпен  жұмыс  істеу  үшін  байланыс  тізбегімен  қосатын  жабдық 
болса болғаны. 
Кез  келген  компьютерді  Интернетке  қосып,   электронды  поштаның,  бүкіләлемдік  өрмектордың  немесе 
басқа  да желі  қызмет түрлерінің тұтынушысы  болып тіркеуді желі қызметін  ұйымдастырушылар –  провайдерлер 
орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында 
орналасқан.  Қазір  Қазақстанда  20  –  дан  астам  операторлар  интернет  провайдер  қызметін  орындауда.  Олардың 
ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады. 
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:  
Қарапайым модемге қарағанда ADSL  модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде 
береді.   Бұл  модемнің  тағы  бір  өзгешілігі  Интернетпен  байланыста  телефон  бос  болады.  ADSL  -  байланыстың 
теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін)  7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с). 
Аумақтық   (кампусты)  жергілікті  желі  –  Global  Ethernet.  Аумақтық  (кампусты)  жергілікті  желі  Интернетті 
шлюз
 арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған 
деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.  
           Корпаративті  желі  иелері,  Интернетке байланыстың  кең мүмкіндігін қолдану  мақсатында  қосылады.  Бұл 
жағдайда  корпаративті  желіге  рұқсат  етілмеген  сырттан  қосылудан  қорғау  мәселесі  туындайды.  Осындайда 
шлюздік  компьютер  желі  әкімдігі  рұқсат  берген  ақпаратты  ғана  өткізуді  қамтамасыз  ететін 
бранмауэр
  рөлін 
атқарады. 
Қазіргі  электрондық  пошта  кеңінен  қолданылып  келе  жатыр.  Поштаның  не  екенін  білеміз.  Ол,  кем 
дегенде,  екі  абонентке  мәлімет  алмасуға  мүмкіндік  беретін  кәдімгі  байланыс  құралы.  Мұнда  мәлімет  алмасу 
жүзеге  асуы  үшін  адресі  көрсетілген  хат  жазылып,  оны  пошта  жәшігіне  салу  керек.  Одан  хат  пошта  жәшігіне 
жетеді.  Бұл  процесті  жылдамдату  үшін  телефон  құлақшасын  көтеріп,  керекті  нөмірді  тереміз,  егер  дұрыс 
байланыс  орнатылса,  біздің  абонентіміз  айтатын сөзімізді  естиді. Электрондық  поштаның  ең  елеулі  ерекшелігі – 
оның  жылдамдығы.  Оның  жылдамдығы  телефонмен  бірдей,  бірақ  мұнда  екі  жақтағы  абоненттердің  бір  сәтте 
болуы  қажет  емес.  Оған  қоса  мұнда  хабарламаның  көшірмесі  жазбаша  жеткізілетіндіктен,  оны  сақтап  қоюға, 
бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер 
шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.  
Электрондық пошта жүйесі: 
қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді; 
 тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді; 
жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді. 
Бүгінгі  күні  педагогикалық  процестің  бір  маңызды  бөлігі  болып  мұғалімнің  оқушылармен  өзара  қарым-
қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталаған түрі саналады.  Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны 
жетілдіру,  дамыту  керек,  тәрбиеленушінің  өмірлік  және  кәсіби  түрде  өз  орнын  анықтауын  жүзеге  асыруына 
көмектесу қажет.  
           Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің 
айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке 

285
 
 
жұмыс  істеп,  ойлау  қабілеттерін  де  көрсете  алатын,  ізденісте  болғанын  жүзеге  асыра  алатын  оқытудың  жаңа 
түрлерін күтеді. 
           «Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол 
жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», - деп Дистерверг айтқан болатын. 
           Сондықтан  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеуге  жаңа  көзқарас,  жаңа  тәсіл  керек,  жаңа  педагогикалық 
ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан 
қазіргі  кездегі  оқушыларға  арналған  технологияларды  пайдалана  алатын  ұйымдастырушы  педагог  дәрежесіне 
көтерілу керек. 
 
Педагогикалық  тұрғыдан  алғанда,  бүгінгі  күні  білім  беру  технологияларының  көптеген  жетістіктерін 
игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.  
 
Мектепте  компьютерді оқыту  процесінде  пайдалану  мәселесі  үлкен  пікірталас  туғызды. Кейбір  адамдар 
мектепті  компьютерлендіру  оқушылардың  жалқаулығын  туғызады,  -  деп  пікір  туғызса,  ал  енді  біреулері 
компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.  
 
Академик А.  П.  Ершов  80-жылдарды  мынадай ой  айтқан болатын: «Компьютер  –  баланың  интеллектісін 
арттырудағы көмекшісі әрі досы».  
          Бүкіл  әлемде  мектепте  компьютерлер  пайдалану  тәжірибесі  мынадай  болжам  айтқан:  компьютер, 
біріншіден,  оқушыға  қарындаш  немесе  қалам  құралы  ретінде  қолданылса,  ал  екіншіден,  оқыту  процесінде 
көрінбейтін  ақпараттық  процестер  арқылы  оқушының  қызығушылығын  туғызатын  құрал  ретінде  қолдануға 
болады.  
         Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. 
Ушинский:  «бала  табиғаты  көрнекілікті  қажет  етеді»,  -  деген  болатын.  Көрнекілік  схемалар,  кестелер  немесе 
суреттермен  шектеліп  қала  алмайды,  олар  қозғалыссыз,  статикалық  түрде  тұр,  қазірде  олар  ғылыми  танымдық 
түрде  болса  да,  бала  жанына  жақынырақ  ойын  түрінде  болуы  тиіс.  Білім  беру  ісінде  ақпараттық 
технологиялардың  оқытудың  дифференциалдық  және  жеке  адамға  бағытталған  түрлерін  жүзеге  асыра  алатын 
мүмкіндіктері  бар.  Мұғалім  сабақта  әрбір  балаға  дараланған  схема  бойынша  тиянақты  түрде  талдауға  қол 
жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.  
         Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты 
түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.  
          Қазіргі  кезде  жаңа  ақпараттық  технологиялар  енгізу  оқушылардың  мүмкіндіктері  мен  талаптарын 
компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бігінгі 
күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, 
шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр 
      Оқушыларға  компьютерлік  желілермен  жұмыс  жасау  технологияларының  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін 
игеруде  көмек  көрсету  және  нақты  жұмыс  істеуді  үйрету  жаңа  технология  жетістіктерін  игеру  жолдарының 
бірі. Соңғы  кездегі  мектептерде,  түрлі  мекемелерде  және  жеке  пайдаланылатын  компьютерлердің  өндірісте, 
бизнесте  кеңінен  қолданыла  бастауы  жалпы  көпшілікке  кәсіби  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  білудің 
аса  қажеттігін  көрсетті.  Біздің  қоғамымызда  болып  жатқан  өзгерістер  орта  білім  беру  саласының  дамуына  да 
өзгерістер енгізуге себепші болды.         Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, 
сондықтан  да  оқып  үйретуді  ғылыми  танымда  нақтылықтың  критерийі  ролін  атқаратын  өмірмен,  практикамен 
байланыстыра  білуге,  ал  оқу  процесінде  –  оқуға  ынталылықты,  оған  оң  көзқарасты,  айналадағы  ортаның 
құбылыстарын  түсіндіру  үшін  теориялық  білімдерін  практикада  қолдана  білу  дағдысына  қалыптастыруға  тиіс. 
Бірақ  біз  компьютерлік  желілер  технологияларын   қолдана  отырып  бұл  материалдарды  түсіндіру  кезінде 
оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады.  Желілік 
технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. 
         Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана 
қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: 
        Компьютерде еркін жұмыс жасайды; 
        Компьютерлік желілермен байланыс жасайды; 
        Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды; 
        Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады; 
        Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады; 
        Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; 
        Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. 
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл 
мұғалімнен  ақпараттық  құзырлылықты,  ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,  оқушыларды  қазіргі  қоғамның 
түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Симонович С. Евсеев Г. Алексеев А.  «Специальная информатика». Учебное пособие. 
2. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология 
саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж. 
3. Информатика негіздері. № 4, 2006 ж. 
4. Е.Қ.Балапанов,   Б.Б.Бөрібаев,   А.Б.Дәулетқұлов.   «Жаңа  информациялық  технологиялар.  Информатикадан  30 
сабақ.»   242 – 380 бет.  2003 ж. 

286
 
 
5. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж 
6. Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. «Информатика 7,8 класс.» – Алматы: Жазушы, 2000, - 192 стр. 
7. «Мектеп  информатикасы:  іс  –  тәжірибе,  проблемалар  және  келешегі»Халықаралық  ғылыми  –  практикалық 
конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж. 
8. Электрондық оқулық. 
  
                                                                        
УДК  004.65 
«КІТАП» ИНТЕРНЕТ ДҮКЕНІНІҢ WEBСАЙТЫН ҚҰРУ 
 
Бекберген Е.Б. 
 
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті 
Орал қ., e-mail: 
erlan_9_1@mail.ru
 
 
Соңғы уақытта электронды сауда жүйесі қарыштап дамуда. Электронды сауда интернет желісінің көмегімен 
жүзеге асады. Көптеген компаниялар интернет желісін қолданып, өздерінің сауда-саттық жүйесін бұрынғыдан да 
еселеп, қарқынды дамытуда. Атап айтсақ, интернет желісінде тауарлардың барлық түріне (киім-кешек, аяқ-киім, 
косметика, иіс су, автокөлік, құрылыс материалдары т.б.) үйден шықпай-ақ, тапсырыс беріп, сатып алуға болады. 
Электронды  сауда желілік  маркетинг жүйесінде  тиімді  қолданылуда.  Барлық желілік  принциппен  жұмыс  істейтін 
компаниялар  өз  саудаларын  интернет  жүйесінің  көмегімен  дөңгелетуде(Атап  айтсақ,  Amway,  Forever  living, 
Oriflame т.б.). 
Мақалада  «Кітап»  интернет  дүкенінің  web  сайтын  құру  мәселесі  қарастырылған.  Жұмыстың  мақсаты, 
аталмыш  интернет  дүкеннің  web  сайтын  құру.  Web  сайт  арқылы  кітаптарды  сатуды  интернет  желісін  қолданып 
жүзеге асыратын үлкен электронды сауда комплексін құру. 
Сайт  бағдарламасы  PHP  тілінде  жазылған,  мәліметтер  қоры  MySQL  жүйесінде  құрылған.  Сайтты  жасауға 
Denwerбағдарламасы қолданылған. Сайттың негізгі бетітөмендегідей: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Сайттың басты беті 
Web сайт 1-суретте көрсетілгендей 6 бөлімнен тұрады: негізгі, көмек, төлем, сұрақтар, байланыс, сұрақтар. 
Сайтты  пайдаланушы  сайтта  көрсетілген  кітаптарды  таңдай  алады.  Таңдаған  кітапты  сатып  алу  үшін,  сайт 
қолданушысы міндетті түрде сайтқа тіркелуі керек. Тіркелген әрбір қолданушының жеке қоржыны болады.  
 

287
 
 
 
2-сурет. Қолданушының қоржыны 
Сатып  алу  үшін  таңдалған  кітаптар  тізімі  қолданушының  жеке  қоржынына  жинақталады  (2-сурет). 
Қоржынға  жинақталған  әрбір  кітаптың  бағасы,  барлық  кітаптың  бағасы  көрсетіледі.  Әрі  қарай  осыларды  сатып 
алу үшін төлем пункініне өтіп, сұраныс жолын толтыру керек. 
Қорытындылай келе, мақалада заманауи нарық сұранысын қанағаттандыратындай сайт жобасы жасалған. 
Сайтты электронды сауда жүйесінде қолданысқа енгізуге болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет