Сборник материалов V международной научно-практической конференции


Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі



Pdf көрінісі
бет228/674
Дата07.01.2022
өлшемі10,53 Mb.
#20558
түріСборник
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   674
Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі

1

Білу



Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау, жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру 

және т. б.

2

Түсіну


Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау, тұжырымдау, түрлендіру, 

көрсету және т. б.

3

Қолдану


Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, 

зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, 

аздап жаттықтыру

, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобайын жасау, шешу, 

пайдалану және т.б.

4

Анализ-талдау Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, 



талқылау, ажырата, айыра, зерттеуге, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, 

анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.

5

Синтез


Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, 

қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау, 

дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.

6

Бағалау



Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру, дәйектеу, шешу, негіздеу, 

түсіндіру, өлшеу,, алдын ала болжау, 

реті бойынша бөлу

, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліп/атап 

көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, 

зерттеу, алып шығу.




331

Сонымен, қалыптастырушы бағалау бес негізгі стратегиялардан тұрады:

• күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;

•  сыныпта  түсінгендерін  куәландыратын  тиімді  талқылаулар  мен  өзара  іс-әрекеттер 

қалыптастыру;

• білім алушыларды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын кері байланыс ұсыну;

• білім алушыларды өзара оқыту көздері мен ресурстары ретінде тарту;

• білім алушының өз білімін «жасаушы» ретінде қалыптасуы. 

Мұғалімге сондай-ақ, тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін бағалау  маңызды: 

тыңдау (тыңдалым), айтылым, жазылым және оқылым. 

2.  Жиынтық  бағалау  мұғалімдерге,  білім  алушыларға,  ата-аналарға  ұсыну  үшін  оқу 

бағдарламасындағы  бөлімі  ортақ  тақырыптар  аяқталғанда  алынады.  Жиынтық  бағалау 

нәтижелері туралы ақпарат білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне 

қағаз немесе электронды түрде беріледі. Бұл арқылы ата-аналар баласының білімін бақылап 

отырады.

      Қорыта  айтқанда,  қазіргі  заман  -  озық  ойлы,  жаңашыл,  сыни  тұрғыдан  ойлай  алатын 

ұстаздар заманы. Тың өзгерістерді, жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеме енгізе отырып, болашақ 

маман иесін қалыптастырyда  мaңызы зор екендігіне көз жеткіземіз. Бұрынғы дәстүрлі сабағымда  

басты рөлде мұғалім болса, ал қазіргі оқыту үрдісінде оқушы қызметi көрінеді

   Жаңартылған    білім    беруде  Қазақстан  үшін  ұсынылып  отырған  жаңа  критериалды 

бағалау  жүйесі  білім  алушының  дамуын,  оның  қызығушылығын  және  оқуға  деген  ынтасын 

арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай 

нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық 

құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

• Білім алушы оқытудың қай сатысында?

• Олар білім алуда неге талпынады?

• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек екенін түсінеді.

Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалім,

 білім алушылар, ата-аналар, мектеп әкімшілігі 

қатысады.  Мұғалімнің  үнемі  кері  байланыс  беруі 

білім  алушыларды  алға  жылжуға,  үздік 

нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырады.

Мұнда негізгі басымдық оқушылардың өздігінен білім алуына жол ашу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   674




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет