Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет12/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Дерек: Анахарсис. Хаттар.
] / Қазақ тіліне ауд. М. Ілес,
Ә. Шашаев. – 2007. – 464 б. – 3000 дана. – ISBN 9965-35-640-8-(Т.1. 189-190). 
 
«Сондықтан ол адамгершілік міне-құлқы неғұрлым жақсылығымен ерекшеленетін скиф-
тер туралы да сөз етеді. Оның сөзіне қарағанда, скиф-көшпенділердің арасында бие сүтімен 
қоректенетін кейбіреулері бар көрінеді және олар өздерінің әділеттігі жағынан өзгелердің бәрін 
де басып озатын сияқты. Олар туралы ақындар да еске салып өтеді. Мысалы, Гомер Зевс «бие 
сауудың шын шеберлері мен абийлердің тұратын» аймағын әрқашан сырттай сезініп, өз 
пайымына алып отырады дегенді айтады. Ал Гесиод «Жерді айналып өту» деген дастанында 
гарпиялар Финейді «сүтпен қоректенуші, сүйретпе арбалардың үстіндегі күркелерде күн 
кешетін адамдардың» өз елдеріне қалай алып бара жатқанын суреттеп таныстырады. 
Одан әрі Эфор бұл нақты оқиғаның себебі неде екенін мынадай жағдаймен түсіндіреді. 
«Олар, – деп көрсетеді ол, қарапайым өмір салтын бастарынан кешіреді, қанағатсыз пайдакү-
немдік дегенді білмейді, өзара қарым-қатынас жасауда ұдайы жақсы ережелерді басшылыққа 
алады, барлығында, тіпті әйелдері мен балаларын, барлық туған-туыстарын жалпыға бірдей 
ортақ деп түсінеді. Оларды сыртқы жаулардың жеңіп шығуы мүмкін емес. Өйткені олардың 
қолында өзге біреулердің езгісіне түсуге себеп бола қоярлық ешқандай қимас байлығы жоқ, ол 
Дарийдің кемелерді бір-біріне құрастыра жалғап салған көпір арқылы арғы бетке қалай өткені 
туралы әңгімелей келіп, – «қой баққан сақтардың да арғы тегі скифтер», – деп атап көрсетеді.
– Олар астыққа бай Асиданы мекен еткен көрінеді. Соған қарағанда, олар, әрине, көшпелілер, 
ең әділетті адамдардың мекендеген жерінен шыққан болады». Одан әрі Эфор бұл тайпаға 
Анахарсисті де қосады. Оның сөзіне қарағанда, Анахарсис өзінің әдеттен тыс күшті ұстамды-
лығы мен ақыл – ойының тереңдігі арқасына жеті ұлы данышпанның бірі ретінде танылған. Ол 
тұтанатын шақпақты, екі тісті зәкірді және қыш – құмыра шеңберін ойлап табушы деп те 
айтылады». 
Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы [Мәтін]: 
4 томдық / Құрас. А.Н. Гарковец. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі грек авторлары Ұлы 
Дала туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет