ӘДЕБИЕТ:
1. Қаженбаев С., Махмудов С. Табиғатты қорғау - Алматы: Ана тілі, 1992. - 266
б.
2. Укос К., Уорнер С. Загрязнение воздуха источник и контроль. - Москва: Мир.
1980 г. - С. 78
3. Елманов В.И. Атмосфералық ауаны қорғау. - Москеу. 1984. - Б. 291.
4. Меркулов П.И., Ямашкин А.А., Масляев В.И. Антропогенное воздействие на
географическую обалочку. Мордовского Университета. 1994 г. - С. 247
196
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДАҒЫ
ЭКОТУРИЗМ СИПАТТАМАСЫ
Каримжанов Дархан Кайыржанулы,
студент 4 курса специальности «Экология»
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау
Научный руководитель - Капбасова Гульжанат Аскербаевна,
магистр естетсвенных наук,
преподаватель кафедры «Экологии,
безопасность жизнедеятельности
и защита окружающей среды»,
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау
Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген
мемлекеттерінің
шаруашылығының
негізгі
саласына
яғни
«пайда
көзіне»айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы
жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі – экологиялық туризм.
Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол
әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі
және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының
табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы
[1].
Туризмнің бұл түрінің пайда блуының басты ерекшелігі, ол осы
экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі
табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер
шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және
мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар
қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен
қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың
шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды [2].
Бүгінгі таңда Қазақстанды экологиялық туризмнің дамуы үшін жаңа
құрылып келе жатқан нарық деп қарастыруға болады. Биологиялық және
геологиялық әртүрлілік, халықтың минималды тығыздығы, бай тарихи және
мәдени мұра республиканың өте зор экотуристтік потенциалын айқындайды.
Президентіміз Назарбаев Н.Ә. өзінің «Қазақстан – 2050 Барлық
қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл - ауқатының
артуы»атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін
жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия
мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын,
ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді,
оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға
тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік
қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу
керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман
және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй
құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз
197
экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және
кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды
нәрсе»деген, кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерін көтере
отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет
көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен
болатын.
Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған,
әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі
уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты
мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну
және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың
«ашық»ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік,
экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы
тығыз
байланысты
білдіретін,
адамның
ғылыми
аймақтанушылық
қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек [3].
Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми
қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық
туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай
комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек
зардабын тигізеді.
Экологиялық
туризмнің
объектілері
табиғи
аймақтар,
тарихи
ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және
архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің
жан - жақты болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы
аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше
формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы
баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды
жағдайларда тіршілік ету және өзін - өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру
мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді
дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік
жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін
анықтайды [4].
Экотуризмге көзқарастарда кездесетін географиялық анықтама да ерекше
көрініс табады. Дамыған елдердің сарапшылары, яғни экотуристерді
жеткізушілер тұтынушылардың талғамы мен рекреациялық қажеттіліктерімен
келісе отырып, тұтынушылар көзқарасын мақұлдайды. Туроператорларды және
қабылдайтын туристік жақ зерттеушілерін ойландыратын жайт елдегі
әлеуметтік - экономикалық дамудағы туризмнен түсетін табыс пен туризм рөлі.
Экотуризм жөнінде анықтамалардың ішінде біздің көзқарасымызбен
үйлесетіні – Гужиннің Г.С., Беликовтың М.Ю., Клименконың Е.В. берген
анықтамалары, ол: Экотуризмнің негізінде қоршаған ортаға қамқорлық көрсету
жатыр. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғаудың әртүрлі
жобаларын жүзеге асыру мақсатындағы мәдени қызығушылықты көрсететін
табиғат
зонасына
қатысушылардың
шектелген
санымен
саяхатты
ұйымдастыратын түсінігімен анықталады [5].
198
Берілген анықтама халықаралық экотуризм ұйымының (TIES), берген
анықтамасымен көп ұқсастықтары бар: Экотуризм – «жергілікті халықтың
жағдайына қолдау көрсетумен және қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғи
зоналарға, аймақтарға жүргізілетін жауапкершілігі мол саяхат».
Бұл саяхаттың түрін терең түсіну үшін TIES берген экотуристің он
парызын мысалға келтірейік:
- Жердің әлсіздігі мен осалдығын ескеру;
- Тек із ғана қалдыру, тек фото ғана алып кету;
- Тұрған әлеміңді танып - білу;
- Жергілікті халықты сыйлау;
- Қоршаған ортаға зиянын тигізетін бұйымдарды сатып алмау;
- Әрқашанда тек жүрілген соқпақ жолмен ғана жүру;
- Қоршаған ортаны қорғаудағы бағдарламаларға қолдау көрсету;
- Қоршаған ортаны қорғау тәсілін иейлінше қолдану;
- Табиғатты қорғауда әрекет ететін ұйымдарға қолдау көрсету;
- Экотуризм қағидасына қолдау көрсететін фирмалармен бірге саяхат
жасау.
Экотурист парызына сәйкес «British Airways»әуе компаниясы
жолаушыларға төмендегідей ескертпелер (British Airways Worldwide) құраған:
1. Піл сүйегінен немесе оған ұқсас сирек кездесетін жануарлардан
жасалған бұйымдарды ешқашанда сатып алмаңыз;
2. Жергілікті өндірістң өнімдері мен қызметтерін тұтынуға белсене
атсалысыңыз. Осы орайда Сіз жергілікті экономиканың дамуына өз үлесіңізді
қосасыз;
3. Жануарларға қиянат жасамаңыздар және өсімдіктерді жараламаңыздар.
4. Әсіресе маржан рифтерімен абай болыңыз. Естеріңізде болсын,
маржандар – олар жақындағаннан адам денесін жаралап тастайтын тірі ағзалар;
5. Көптеген елдер қоршаған ортаны қорғау мәселесімен жұмыс істеуде,
егер сіз ұлттық парктерді, мұражайларды, ескерткіштерді араласаңызсіз оларға
өз үлесіңізді қосасыз;
6. Егер сізде қоршаған ортаны қорғау жөнінде мәселе туындаса өз
ойыңызды, оған деген қатынасыңызды айтыңыз;
7. Тірі табиғатты мекендейтін тіршілік иелеріне қиянат жасамауға тырысу,
тіршілік ететін ортасын немесе табиғи өмір салтын бұзбаңыз;
8. Қорықтарда немесе ұлттық саябақтарда өсімдіктерге зиян тигізбес үшін
тек көшелермен ғана жүріңіз. Шылым тартқанда байқаңыздар – сөнбеген
шылым өрттің себебі болуы мүмкін.
Наташа К. Верд экотуризмге берілген анықтамаларды белсенді және
белсенді емес деп екіге ажыратқан. Біріншісіне ол Майяның берген
анықтамасын жатқызады: «экотуризм жергілікті халық пен болашақ туристер
үшін аймақтың табиғи ресурстары мен жергілікті мәдени құндылықтарды
сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, мәдени, табиғи туристік
ресурстардың қолданылуын ынталандырады, реттейді және көмектеседі».
Белсенді анықтамаға мысал болатын көзқарас халықаралық выживания
қоғамыныңкөзқарасы. Онда: «экотуризм жергілікті халықтың туристік
территорияларды игерудегі қызығушылықтарын, жергілікті флора мен фаунаны
199
қорғауды, жергілікті халықтың қоршаған ортаны қорғаудағы экономикалық
ынтасын қамтамасыз етуді ынталандырады».
Экотуризмнің белгілерінің толық спектрі төмендегідей ажыратылады:
1. Саяхатшы саяхат кезінде қоршаған ортаны танитын кез - келген саяхат;
2. Ең негізгі құндылық табиғат болып табылатын саяхат;
3. Экотуризмнен түсетін табыс қоршаған ортаны қорғауда қаржылық
қолдауға жұмсалады;
4. Экотуристер жабайы табиғат ресурстарын қорғау және қалпына келтіру
әрекеттеріне тікелей қатысады;
5. Экотур – бұл барлық әрекеттер «экономикалық жұмсақ»болатын саяхат.
Жоғарыда көрсетілген көзқарастардың барлығы экотуризмнің дамуы
жөнінен нақты статистикалық мәліметтер алуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан
БТҰ - ның сарапшылары туризмнің түрлерінің келуі және түсімдері түсінігінің
орнына «табиғи туристік ресурстарға бағытталған туризм»немесе «табиғи
туризм» (nature based tourism) деген түсінікпен алмастырылады.
Бұл ережелер басқа терминдердіңқолданылуымен тереңдетіледі: «табиғи
туризм», «жұмсақ туризм», «жасыл туризм», «жауапкершілікті туризм»,
«агротуризм» және т.б. Осыған орай Экотуризм қоғамының Президенті Д.
Вестерн былай деп жариялады: «туризм мен экотуризмнің ешқашанда нақты
айырмашылығы болмайды. Экотуризм туристік нарыққа таңдаулы болу керек
және бүкіл әлем еліктеу үшін үлгі болып табылатын алдыңғы қатарлы сала
болу қажет» [5].
Қазақстанның қазіргі заманда табиғи ортасы үлкен алаңдаушылықты
тудырады және табиғатты қолдану қағидаларын өзгертуді талап етеді.
Республикадағы табиғат экожүйесін қалпына келтіру мен экологиялық апаттың
алдын алу үшін елде табиғатты қорғау мен мемлекеттің экономикалық
мұқтаждың арасында бір қалыптылық болу қажет.
Қазақстан Республикасында экологиялық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің
дамуы үшін басты бағыттар ішкі және сыртқы саясат.
Қазақстан Республикасында экологиялық саясат жүргізу үшін табиғат
ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жағынан арнай
жүйелейтін құрылым – Қазақстан Республикасының Экологиялық тұрақты
даму Орталығы ашылды, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарымен
жұмыс істейді. Орталықтың міндеттеріне проблемаларды анализдеу, әлеуметтік
маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыру жатады.
Конституцияға ҚР заңдарына, Декларация шарттарына, БҰҰ қоршаған
ортаны қорғау және оны дамыту конференциясында (Рио - де - Жанейро, 1992)
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа деген «Қазақстан –
2030»жолдауында қоршаған ортаны қорғау және дамуды тұрақтандырудың
Көпуақытылық Экологиялық Бағдарламасы (КЭБ) «Экология және табиғи
ресурстар – 2030» атты ұлттық деңгейдегі жоспар жүзеге асырылды [10].
2030 жылға дейін қойылған мақсатқа жетудің 4 негізгі басты бағыты бар:
-
Қауіпсіз экологиялық орта құру;
-
Табиғат ресурстарын рационалды қолдану;
-
Өсімдік және жануар әлемнің көптүрлілігін сақтау;
-
Тұрғындардың экологиялық ақпараттану деңгейі.
200
Қазіргі заманғы қоршаған ортаның бағасы әлде қайда маңызды
проблемаларда. Қоршаған орта жағдайы туралы арнайы мекемелердің
қорытындысы бойынша ең бірінші кезекте:
- Су ресурстарының жетіспеуі;
- Игерілетін жерлердің деградациясы;
- Урбандалған территориялардың атмосферасының ластануы;
- Су объектілерінің су ағыстарымен ластануы;
- Қоршаған ортаның қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
- Ормандар мен ерекше қорғалатын орындардың жетіспеушілігі;
- Ландшафтты және биологиялық көптүрлілікті сақтаудың бір жолы әр
түрлі деңгейдей ЕҚТТ жүйесін құру орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |