188
агрегаттарды пайдаланылу мүмкіндік береді.
2. Дыбыс қысымы қатал регламенттелетін бөлмелерде аа жіберетін және
сорып шығаратын камерадан алыс орналастыру керек. Камерадан бөлмеге
дейін дыбыспен өтетін жолын ұзартуымен дыбыс қысым деңгейін 1 м - де 1 дБ
- ге төмендеуіне жетеді.
3. Артқа бүгілген күректері бар тарамдалған желдеткішпен және білік
желдеткішпен пайдаланылу керек.
4. Тербелу подшипниктерді жылжу подшипниктермен ауыстыру керек.
5. Ауаны сорып шығаратын камераларда қосалқы бөлмелердің (басқыш
алаңдардың, сан тораптардың т.б.) үстінен орналастыру керек.
6. Желдету камераларының ішкі беттерін дыбысты тартып алатын
сылақпен жабу керек немесе әртүрлі биіктілігімен дыбыстарды жақсы сіңіретін
материалдармен қаптау керек.
7. Камера есігінің дыбысты изоляциялау қабілетін көтеру үшін олардың
конструкциясын қалыңдығы 40 - 50 мм тақтайлармен ауырлату, қос есікті құру
және есікті максимальды тығыз жабуын қамтамасыз ету мүмкін
8. Үйлердің каркасына, қоршау конструкциясына электродвигательді,
желдеткіштерді және тербелуді қоздыратын басқа жабдықтауды тікелей
бекітуге болмайды.
9. Ауа құбырларда арнайы шуды бастырғыштарды орналастыру керек.
10. Желдеткіштерді электродвигателімен икемді муфта көмегімен қосу
керек немесе сына тәрізді беріліспен пайдаланылу керек.
11. Желдеткішті ауа құбырына резеңкеленген матадан жасалған жұмсақ
ендірме арқылы қосу керек.
12. Желдеткіштің кіру тесігін жатық қылып істеуге керек.
13. Тербелуді изоляциялау табандармен пайдалану керек.
14. Метал беттерінен шығатын шуды азайту үшін оларды тербелуді
изоляциялау мастикамен (синтез шайыпмен толтырғыштың қоспасы) жабу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: