БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Бимурзин К. - И - 41 тобының студенті
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Шайхыгалиев Е.А.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.
Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар
дамыған жағдайда кірісті, армия әскери - техникалық жағынан нашар
қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара
Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте - бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп
соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі
дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген
және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық
айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына
елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының
егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі,
1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5% - ға, жазғы бидай – 8,4% - ға,
тары – 22,1% - ға, картоп – 46,3% - ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс
көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін яғни екі еседен
астам көбейді. Өлкенің солтүстік - батыс және батыс облыстары бойынша дәнді
дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әрдесятинадан
алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарын - даш өлке
егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің
төмендігі болды. Бұл еңгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауы - нан, жердің
жөне түқымдық материалдардың енделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс
көлемі мен енім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің
жетіспеуі болатын. Акмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы
армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген, орыс тілді халықтың 39% -
ы шақырылды. Қазақстанның басқа аймактарында да нақ осындай көрініс
байқалды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да
құлдырауына өкеп сокты. Оған сан және сапасы жағынан үлкен зардап
келтірілді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру
кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым
23
көпшілігі тұратын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді. Мәселен, Ішкі
Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың
болды, үлес салмағы жөнінінен жылқы саны 48,5% - ға кеміді. Маңғыстау
уезінде, Жетісу облыстарында нақ осындай көрініс байқалды [1].
Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезете
жайылымды алқаптарды одан әрі алу салдарынанзардап шекті. Бұл мал
санының азаюына әсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде
капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады. 1913 –
1917 жылдары қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық
алаптың жылқы ірі - қара жайылатын 190 жайылымы тартып алынды және
алуға дайындалды [2].
Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық - ауық өткізіліп
тұратын реквиция да әсер етті. Патша өкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті
халықтан түйе, жылқы, сиыр жинады. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300
мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың жылқы әкетілді [3].
Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері
үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан
миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді.
Өйткені қазақ шаруашылығындағы мал саны жылдан - жылға азая берді.
Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмаи қалатын.
1916 жылы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына
арнайы кантрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның
мойнына түсті. Көтеріліске қатысқан - қатыспағанына қарамастан олардың
мүлкі мен малы тартып алынды. Мәсен, Жетісу облысында қазақтардан
қазақтардан мал мен мүліктің жартысы алып қойылды. Бұл орайда орыс
шаруалары да зардап шекті. Жетісу обдысы губерниясының 1916 жылғы
есебінде көтеріліс салдарынан мал шаруашылығына да үлкен зиян келтірді деп
көрсетілген. Облыс үшін келтірілген зиян үлкен болды.
Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен казактар шаруашылықтарының
жай - күйі, оларды күш - көлігімен қамтамасыз етілуіне байланыстыеді. Қазақ
шаруашылығында малды реквезициялауға және жылқы малын есепсіз
пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауыл
шаруашылықты қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне әкеп соқты.
Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс
жылдарында армияны жабдықтау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның
өзі мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты
бұл кезеңде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала шошқа шаруашылығы
жедел дами бастады.
Реквезициялар бірлігі ру билеушілер мен ірі мал иелеріне соқпай,
халықтың кедей және орташа топтарына ауыр салмақ болып түсті, қазақ
шаруаларының тақыр кедей болып қалуы күшейді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан соң Қазақстан өнеркәсібі де
соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды
салаларының бірі Успен және Сасық - Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру
болды. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды [4].
Салықтардың жоғары, қатынас жолдардың қашық, құрал - жабдықтардың
24
жетістпеуі салдарынан және басқа себебтерден алтын кеніштерінің саны
қысқарды және алтын өндірі 30% - дан астам томендеп кетті. Түсті
металургияға деген қажеттердің өсуі жіне олардың бағасының күрт артуы
соғыс жылдарында түсті металургияның, әсіресе Риддер және Сокольский
кеніштерінің дамуына түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен
салыстырғанда, 1917 жылы 25,3 есе өсті. Ресей теңдесі болмаған Екібастұз
қорғасын - мырыш зауыты зор қорғаныс маңызына ие болды, 1916 жылдан
жұмыс істей бастады, бірақ оның құрылысы соғыстың аяғына дейін толық
аяқталмады. 1917 жылдың қаңтарына дейін зауытта 13 пұт мырыш
балқытылды.
Өндіруші өнеркәсіп соғыс мұқтаждықтарына ет - сүт өнімдерін, былғары
тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары
тауарларын өндіру өсті, бұл кезеңде өлкеде 139 былғары кәсіп орын жұмыс
істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл
ауыл шаруашылық өнімінің 64,3% - ын өндеді. Шынына келгенде былғары, тері
және ішек - қарын өндірісінің майдангерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату
үшін Ресейдің ірі өнеркәсіп орталықтары: Пермь, Вятка, Рига қалаларына өнім
жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары
аяқ киімге және тері тондарға сұраны ерекше өсті.
Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраныс ұлғайды. Өлкедегі шұға
өндіретін тұңғыш Қарқаралы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге
арналған сұлғырт армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс жылдары ішінде
фабрика 894,4 мың шаршы метр шұға дайындады [5].
Соғыс жылдарында кедейлер мен орташалардың жағдайлары нашарлады.
Әскери ведомство жергілікті халықтан едәуір мөлшерде жылқы, түйе, сыйыр
және қой сатып алды. Бұл орайда патша шенеуіктері жергілікті халықты есебін
тауып, алдап кететін еді. Құны 150 - 200 сом тұратын жылқыны үшін қазына 30
- 50 сом, қой үшін 10 - 20 сомның орнына 4 - 6 сом төленетін. Жұмысшылардың
жалақысы үнемі төмендей берді. Ал ең қажетті заттар мен өнімдер тамақ
өнімдерінің бағасы күрт өсті. Кәсіпорындардағы ауыр еңбек жағдайларына
қызмет көрсетілмеді деуге болады.
Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914
жылдың өзінде Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташң кент пен
Транссібір темір жолдары темір жолдары теміржолшылары арасында баас
көтерулер мен ереуілдерге алып келдіСонымен бірге қалалар мен селоларда
баскөтерулер болып өтті. Тап күресінің әр түрлі нысанлары: қашып кету,
наразылықтар, қатаң талап қоюлар, бас көтерулер, экономикалық сипттағы
ереуілдер болып өтті. Сонымен қатар қоныс аударушылар деревнясының
дәулетті топтары мен қазақ шаруалары арасындағы күрес күшейеді.
Халық бұрасының соғысқа және патша өкіметіне қарсы қозғалысы 1915
жылдың екінші жартысында ерекше күшейді. Қалаларда халық орын алған
жағдайға наразылық білдірді.
Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің жалғасып жатқан
империялистік соғыс майдандарындағы жеңілісі, сондай - ақ елде жұмысшы
қозғалысы мен аграрлық қозғалыстың өсуі, соның ішінде жеңіліс тапқанына
қарамастан, Орта Азия мен Қазақстанның байырғы хадқының 1916 жылғы
25
көтерілістері Ресейдің орасан зор апат алдында тұрғанын дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |