85
есімі тарихта өзінің әділ бағасын алмай келді. Осы ақтаңдақтардың орынын
толтыру мақсатында кейінгі кездерде бірқатар игі шаралар атқарылуда [8].
Мәмбетәлі Сердалин (Шөбеков) – Қазақстаннан шыққан алғашқы білікті
де білімді экономистердің бірі. Сонымен бірге ол әдебиет пен тарих саласында
да жан - жақты ізденістер жүргізіп, ірілі - ұсақты ғылыми еңбектер жазған озық
ойлы, оқымысты адам.
Айдархан Тұрлыбаев – алаш қозғалысының ірі қайраткері Ұлт кеңесінің
мүшесі, Ақмола облысындағы алаш қозғалысының көшбасшысы, соңғы кезге
дейін Қазақстан тарихнамасында есімі еленбей келген көрнекті қайраткер.
Алаш қозғалысының бүтін бейнесін осы тұлғаларсыз елестету мүмкін де емес
деп білеміз. Өйткені осы азаматтар қажырлы еңбек еткен аймақ Қазақстанның
ең бай өлкелерінің бірі боп саналып, отаршылдық ең бір өрістеткен аймаққа
айналған болатын. Міне осындай дүлей күшке ақылымен, саяси - қарым
парасатымен қарсы тұра білген қайраткелердің күрескерлік жолын зерттей түсу
уақыт талабы [9].
Достарыңызбен бөлісу: