Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі: XIX ғасырдың аяғы мен XX
ғасырдың басы. Аталған уақыттың саяси, әлеуметтік - экономикалық, мәдени
өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де, әр алуан жаңалықтардың
қазақ қоғамының өміріне ене бастауы, әрине Қазақстанның Солтүстік
өңіріндегі әлеуметтік - экономикалық жағдайға әсерін тигізбей қойған жоқ.
Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау - көздер,
қоғамда орын алған әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайлардың XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллиғенциясының
жаңа легінің пайда болуы мен оның нақты іс - әрекетіне әсерін тигізді.
Зерттеудің географиялық шеңбері қазіргі Солтүстік Қазақстан, Ақмола
облыстарын қамтиды [10].