Библиографический список:
1. И.Н. Зорников. Экспорт образовательных услуг: зарубежный опыт и российская
статистика // Проблемы высшего образования (Вестник ВГУ), с. 59.
2. Шереги Ф.Э., Дмитриев Н.М., Арефьев А.Л. Научно-педагогический потенциал и
экспорт образовательных услуг российских вузов (социологический анализ). – М., 2002.
3. Open Doors: Report on International Educational Exchange. – P. 8; Global Educational Didest
2006; http://www.moe.edu.cn/hider; http://www.jasso.go.jp/statistics/intl_student/data06_e.html.
4. А.Л. Арефьев «Российские студенты в китайских вузах» // Высшее образование в
России. 2009. № 5, с. 118.
5. Economic Report of the President. Washington, 2000.
6. Academic Ranking of World Universities. 2006. –
http://ed.sjtu.edu.cn//rank/2006/ARWU2006Statistics.htm.
7. The Top 200 World University Rankings // The Times Higher. – 2006. – October 6.
8. http://www.opendoors.iienetwork.org.
177
9. А.Л. Арефьев, зам. директора Центра социологических исследований Министерства
образования и науки РФ «Международный рынок образовательных услуг и российские вузы» //
Высшее образование в России. 2008. № 2.
10. Международные, региональные и национальные организации, фонды и программы:
Справочник / Под ред. И.Н. Зорникова. – Воронеж, 2004.
11. http://www.britishcouncil.org/ecs/news/1999/0618/index.htpm, url:http://www.british-
council.org/ecs/news/2001/0502/, http://www.destatis.de/d_home.htm,
http://www.idp.edu.au/marketingandresearch/research/internationaleducationstatistics/fastfacts/article405.
asp.
12. Садовничий В.А. Университет. Настоящее. Будущее. Выступление на международной
конференции университетов стран СНГ «Университеты и общество». – М., 2000.
13. Высшее образование в XXI веке: подходы и практические меры: Заключительный
доклад Всемирной конференции по высшему образованию – Париж: ЮНЕСКО, 1998.
ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аяжанов C.C., Аяжанов Қ.C., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті
Есептеу техникаларын кеңінен қолданбай жəне əртүрлі бағытта ақпараттық жүйелерді
құрусыз қазіргі кезеңдегі адам қызметінің əртүрлі аяларының дамуы мүмкін емес. Осындай
жүйелерде ақпараттарды өңдеу дербес ғылыми-техникалық бағытқа айналды.
Ғылыми-техникалық революция – ғылымды қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші
факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру. Бастауы ХХ
ғасырдың ортасына келетін ғылыми-техникалық революция барысында қарқынды дами отырып,
ғылымның тікелей өндірістік күшке айналу үдерісі аяқталады. Ғылыми-техникалық революция
қоғамдық өндірістің бет-бейнесін, еңбек жағдайын, сипаты мен мазмұнын, өндіргіш күштердің
құрылымын, қоғамдық еңбек бөлінісін өзгертеді, өндіргіш күштердің шапшаң өсуіне мүмкіндік
береді, адамдардың мəдениетін, тұрмысын, психологиясын, қоғамның табиғатпен өзарақатынасын
қоса алғанда, қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал етеді, ғылыми-техникалық ілгерілеуді
күрт жеделдетуге əкеледі.
Ғылыми-техникалық ілгерілеудің бастауы техникадағы революциямен байланысты.
Жобаланатын жүйелердің күрделенуі мемлекетті ірі ұлттық ғылыми-техникалық жобалар
шеңберлерінде ғылым мен техниканың келісімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға «итермеледі».
Ғылымға қаржы бөлу мен зерттеу мекемелері санының күрт өсуі басталды. Ғылыми қызмет
жаппай кəсіпке айналды. 50-ші жылдардың екінші жартысында елдердің көпшілігінде ғылыми
қызметті жоспарлау мен басқарудың жалпымемлекеттік органдары құрыла бастады. Ғылыми жəне
техникалық əзірлемелер арасындағы тікелей байланыстар күшейді, өндірісте ғылым жетістіктерін
пайдалану жеделдетілді. 50-ші жылдары ғылыми зерттеулерде, өндірісте, содан кейін басқаруда,
ғылыми-техникалық ілгерілеуді символына айналған, электрондық есептеу машиналары жасалып,
кеңінен қолданыла бастады. Олардың пайда болуы өндіріс үдерісіндегі адамның жағдайы мен
рөлін өзгертетін, өндіріс пен басқаруды кешенді автоматтандыруға бірте-бірте көшудің
басталуымен байланысты.
Ғылыми-техникалық ілгерілеудің бірнеше басты ғылыми-техникалық бағыттарын бөліп
көрсетуге болады:
өндірісті, өндірісті бақылау мен басқаруды кешенді автоматтандыру;
энергияның жаңа түрлерін ашу жəне пайдалану; жаңа конструкциялық материалдар
жасау жəне қолдану.
Өндірісті автоматтандыру – бұл бұрын адам орындаған басқару мен бақылау
функцияларын аспаптарға жəне автоматты құрылғыларға беретін машиналық өндірісті
дамытудағы үдеріс.
Өндірісті автоматтандырудың мақсаты өндірістің бүкіл қорларын оңтайлы пайдалану үшін
еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту, жағдай жасау болып
табылады.
Аса күрделі жүйелердің пайда болуы қоғамды дамытудың сипатты үдерістерінің бірі
178
болып саналады. Бұның негізгі себептері мыналар: халық шаруашылығында қолданылатын
техникалық құралдардың үздіксіз ұлғая түсіп отырған күрделілігі; техникалық жəне сол сияқты
ұйымдық жүйелердің (кəсіпорындар, сала, мемлекет жəне т.б.) басқару сапасын арттыруға деген
қажеттілігі; кəсіпорындардың мамандануы мен бірігуінің кеңейе түсуі – халық шаруашылығын
дамытудың негізгі үдерістері.
Жай жүйелерді жобалаудың дəстүрлі тəжірибесінен өзгешелігі - ірі автоматтандырылған,
технологиялық, энергетикалық, аэроғарыштық, ақпараттық жəне өзге күрделі кешендерді əзірлеу
кезінде, элементтердің атқарымдық функционалдану қасиеттері мен заңдарын қарастырумен
байланысты – аздау, ал ең жақсы құрылымдарды таңдаумен, элементтердің өзара əрекетін
оңтайлы ұйымдастырумен, олардың атқарылымының оңтайлы режимдерін анықтаумен, сыртқы
ортаның əсерін ескерумен жəне т.б. байланысты - көбірек проблемалар туындайды. Жүйелердің
күрделене түсуімен байланысты осы кешенді жалпыжүйелік мəселелерге барған сайын
маңыздырақ орын беріледі.
Ғылыми-техникалық ілгерілеудің қарқыны халық шаруашылығының барлық аялары мен
салаларында жобалау, жоспарлау мен басқару үдерістерінің күрделенуін туғызады. Салалардың
дамуы мен олардың бір-біріне өзара ықпалының күшеюі, кəсіпорынның, бірлестіктің, саланың
жəне т.б. жобалау, өндіру жəне пайдалану, жоспарлау мен басқару кезінде шешімдер қабылдау
жағдайларында қарастырылатын мүмкін нұсқалар санын арттыруға əкеледі. Осы нұсқаларды
талдай отырып, əртүрлі білім салаларындағы мамандарды тарту, олардың арасындағы өзара іс-
қимыл мен өзара түсіністікті ұйымдастыру қажет.
Осылардың барлығы, үлкен жүйелерді талдауға жаңа, жүйелік көзқарастың пайда болуына
əкелді. Олар көбінесе толық сипаттауға көне бермейді жəне олардың əрбірі сондай-ақ жекелеген
атқарымдық ішкі жүйелер арасында көпқырлы байланыстарға ие болатын олардың əрбірі, сондай-
ақ үлкен жүйе болып көрінуі мүмкін. Арнайы теория – жалпы (абстрактылы) жүйелер теориясы –
жүйелік көзқарастың негізі болып қаланған.
«Жүйе» ұғымын пайдалануға деген қажеттілік өте ертедегі уақыттан əртүрлі физикалық
табиғат объектілері үшін пайда болды: сол кездің өзінде-ақ Аристотель, жүйе тұтастығы – оны
құраушы бөліктердің қосындысы ғана еместігіне назар аударды.
Нақтылай айтқанда, «жүйе» термині жəне онымен байланысты кешенді, жүйелік
көзқарасты философтар, биологтар, психологтар, кибернетиктер, физиктер, математиктер,
экономистер əртүрлі мамандықтардағы инженерлер зерттейді жəне солар ой елегінен өткізеді. Осы
терминді пайдалануға деген қажеттілік математикалық өрнекпен əлденені көрсету, бейнелеу, көзге
елестету мүмкін болмаған жағдайларда туындайды жəне бұл үлкен, күрделі, бірден толық
түсінікті емес жəне тұтас, бірыңғай болады. Мысалы – «күн жүйесі», «станокты басқару жүйесі»,
кəсіпорынды (қаланы, өңірді жəне т.б.) ұйымдық басқару жүйесі, «экономикалық жүйе», «қан
айналысы жүйесі» жəне т.б.
Математикада жүйе термині математикалық өрнектер немесе ережелер жиынтығы –
«теңдеулер жүйесін», «санау жүйесін», «өлшемдер жүйесін» жəне т.б. бейнелеу үшін
пайдаланылады. Осы жағдайларда «жиын» немесе «жиынтық» терминдерін пайдалануға болатын
сияқты болып көрінеді. Бірақ жүйелер ұғымы реттілік, тұтастық, белгілі бір заңдылықтардың
болуын атап көрсетеді.
Жүйелік түсініктерге деген қызығушылық, ыңғайлы жинақтаушы ұғым ғана емес, сонымен
бірге үлкен анықталмағандық пен есептердің қойылым құралы ретінде де көрінеді.
Өндірістік үдерістердің күрделіленуі мен ғылымның дамуына қарай, дəстүрлі
математикалық əдістердің көмегімен шешілмеген жəне есептердің қойылым үдерісінің өзі барған
сайын көбірек орын ала бастаған есептер пайда болды, эвристикалық əдістердің рөлі өсті,
формалды математикалық модельдердің бара-барлығын дəлелдейтін эксперимент күрделіленді.
Осындай есептерді шешу үшін математиканың жаңа бөлімдері əзірлене бастады;
практикалық есептерге жуықтатылған математикалық əдістер дербес қолданбалы математика
ретінде қалыптасты; есептердің қойылымын осы шешу кезеңіне тең деп танитын шешімдер
қабылдау ұғымы содан кейін оның бағыты пайда болды.
Бірақ есептерді қою құралдары жаңа бағытты қамтымады, өйткені дамудың көпғасырлық
тарихы С. Лемнің бейнелеп айтуы бойынша «математиктер, мəнді қолдануды өз ойларының
қарастыру шегінен шығарып тастады», яғни есептердің қойылу құралдарын əзірлеуді
математиканың функциялары емес деп санады.
Есептердің қойылу үдерістерін, күрделі жобаларды əзірлеу үдерісін зерттеу адамның
негізгі рөліне назар аударуға мүмкіндік берді: адам тұтасты қабылдаушы, проблемаларды
179
бөліктеу, жұмыстарды бөлу кезінде тұтастықты сақтаушы, шешімдер қабылдау өлшемдері,
құндылықтары жүйесінің иесі болып саналады. Жобалау үдерісін ұйымдастыру үшін жобалауды
ұйымдастыру жүйелері, əзірлемелерді басқару жүйелері жəне т.б. құрыла бастады.
«Жүйе» ұғымы білімнің əртүрлі салаларында кеңінен пайдаланыла бастады жəне ғылыми
білімнің белгілі бір даму сатыларында жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты.
Мəлім болғандай, осы жүйелерге, олардың атқарымдық жауапкершілігімен, нарықтық
экономикадағы бизнестің үздіксіз өзгермелі жағдайларына бейімделу қажеттілігімен, мемлекеттік
органдар мен бизнес-серіктестердің шектес ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл
жасаумен байланысты аса жоғары талаптар қойылады.
Ықпалдастыруға деген үдерісті қазіргі ақпараттық жүйелерді дамытудың неғұрлым
маңызды ерекшеліктерінің бірі деп санау қажет. Сөз, атқарымдық ықпалдасу, біртекті емес
ақпараттық қорларды ықпалдастыру, ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар үшін ақпараттар
берудің əртүрлі тəсілдерін ықпалдастыру, ақпараттық жəне/немесе есептеу жүйелерін
телекоммуникациялық жүйелермен ықпалдастыру туралы болып отыр.
Қазіргі уақытта бұл үдеріс, сөзбе-сөз мағынасында ақпараттық жүйе архитектуралары мен
құрылымдарының барлық құрамдас бөліктерінен көрінуде.
Атқарымдық ықпалдасу бір-біріне қатыссыз («автоматтау аралдары» сияқты, мысалы, 70-
ші жəне 80-ші жылдардағы өндірістік кəсіпорындарда) бұрын автономды жұмыс істеген
жүйелерді, барлық атқарымдарға, бөлімше мен объекті, кəсіпорын немесе мекеме қызметтеріне
қызмет көрсететін, бірыңғай ықпалдасқан ақпараттық жүйелерге біріктірумен байланысты болып
отыр. Осындай көзқарас, ішкі жүйелердің өзара іс-қимылын жəне тұтастай алғанда ақпараттық
жүйелерді құруды жүзеге асыратын қолданбалы бағдарламалар кешендерінің архитектурасы мен
құрылымына жаңа көзқарасты айқындап берді. Кəсіпорын немесе ұйымдар қызметінің жаңа
сапасын (мысалы, нарық талаптарына тез əрекет ету жəне өндірісті тиісінше қайта құру
тұрғысында) қамтамасыз ете отырып, атқарымдық ықпалдасу ақпараттық жүйелердің
күрделіленуін күрт арттыруға əкеледі. Ақпараттық жүйелердің күрделіленуінің арта түсуі, өз
негізінде, қолданбалы бағдарламалар мен мəліметтер қорларын жобалау, əзірлеу əдістері мен
құралдарына қосымша талаптар қояды.
Қазіргі ақпараттық жүйелердің екінші маңызды ерекшелігі – бөлінген мəліметтерді өңдеу,
атқарымдық ықпалдасумен байланысты.
Бірыңғай ақпараттық жүйелерге ықпалдасатын функциялар мен ішкі жүйелер, бір-бірінен
аумақтық алыс тұруы мүмкін кəсіпорын бөлімшелерінде орналасқан, гетерогендік (грекше.
heterogenes - əртекті) бағдарламалық-ақпараттық платформаларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Компьютерлердің сыныптары мен типтеріндегі, операциялық жүйелердегі, мəліметтер қорларын
басқару жүйелеріндегі жəне өзге де жүйелік бағдарламалардағы айырмашылық, я осы
платформалардың шешілетін есептер сыныптарының талаптарына сəйкес келу керектігінен, я
осыған дейін пайдаланылған техникалық жəне бағдарламалық құралдарды пайдалану
қажеттілігінен болады. Осындай гетерогендік платформалардың сипатты мысалы – бұл
кəсіпорынның жергілікті немесе корпоративтік желісі арқылы байланысатын пайдаланушылардың
автоматтандырылған жұмыс орындарынан (дербес компьютерлерден немесе жұмыс
стансаларынан) жəне серверлердің (қосымшалар серверлері, мəліметтер қорлары серверлері,
файлдық серверлер жəне т.б.) жиынтықтарынан тұратын, «клиент-сервер» архитектурасымен
бөліктелген ақпараттар өңдеу кешендері.
Осындай бөліктеліп ықпалдасқан ақпараттық жүйелерді жобалай отырып, жүйелік
ықпалдастырушы (интегратор), əртүрлі операциялық жүйелер қолдайтын қосымшалардың өзара
əрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімді табуы тиіс. Бұл ретте, бөліктелген өңдеу
ортасы қызметімен желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, аралық қабаттың
(қосымшалар мен операциялық жүйелер арасындағы) бағдарламалық қамтамасыз етуі
пайдаланылуы тиіс. Осындай гетерогендік ортада бірлесіп жұмыс жасауға арналған қолданбалы
бағдарламалар, қызметтер интерфейстеріне жəне осы ортаның қызметтеріне сəйкес келетін
бағдарламалық интерфейстерге ие болуы тиіс.
Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазіргі ақпараттық жүйені құруда маңызды рөл
атқарады. Мəліметтер қорлары, білім қорлары, қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары
ақпараттық қорлар болып түсіндіріледі. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар аса елеулі,
ал осыған дейін қолда бар қорлардың көлемі мен құндылығы аса зор жəне тез өсіп отырады.
Сондықтан қазіргі ақпараттық жүйені құру кезінде екі есепті шешуге тура келеді:
жаңаны əзірлеу немесе осыған дейін қолданыстағы ақпараттық жүйені дамыту кезінде,
180
қолда бар ақпараттық қорларды пайдалануды қалай қамтамасыз ету керек;
əртүрлі мақсаттағы бірнеше ақпараттық жүйенің жалпы (бөлінетін) ақпараттық
қорларды бірлесіп пайдалануын қалай қамтамасыз ету керек.
Бұл ретте құрылатын ақпараттық жүйеде пайдалануға жататын ақпараттық қорлардың
мəліметтерді берудің, білімді берудің, бағдарламалау тілдерінің əртүрлі модельдерінің көмегімен
жүзеге асырылуы жəне əртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс жасауы мүмкін екенін ескеру
қажет.
Демек ақпараттық жүйе құру үшін қолданылатын инструментальдық құралдар, сондай-ақ
қосымша жұмыс істейтін, құрылатын ақпараттық жүйе ортасына, ақпараттық қорлардың
бірыңғайланған көрсетілімі мен оған жүгіну тəсілдерін қамтамасыз ететін компоненттер кіруі тиіс.
Қазіргі ақпараттық жүйеде сипаты ақпараттар беру тəсілдерімен анықталатын, ақпараттық
технологиялардың бірнеше түрлерінің ұштасуы талап етіледі:
есептеу есептерін жəне/немесе басқару есептерін шешу;
мəліметтерді өңдеу;
мəтіндерді өңдеу;
машиналық кескіндемелер;
бейнелерді өңдеу (статикалық немесе бейнекескіндер);
сөйлесу хабарларын өңдеу.
Осы технологиялар үшін тиісті мəліметтер қорларын қолдайтын ақпараттық жүйе
орталарының жүйелік бағдарламаның қамтамасыз етілуі мен мəліметтердің тиісті типтерін
өңдейтін қолданбалы бағдарламаларды талап етеді. Ақпараттарды берудің осы тəсілдерін
пайдаланатын интерфейс құралдары қолдауы тиіс.
Соңғы жылдары ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құру мен оны
пайдалану үдерісі белсенді дамуда. Осындай жүйелерде ақпараттық жүйе функциялары мен
мəліметтер беру жүйелері біріктіріледі жəне осы кезде, мысалы, байланыс арналары бойынша
оларды сақтау, өңдеу жəне беру кезінде мəліметтерді қорғау бойынша жоғары талаптар қойылады.
Ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің осындай мысалдары мыналар:
электронды банкаралық есеп айырысу жүйелері мен қаржы-несие аясының өзге де жүйелері, əуе
тасымалдауын басқару жүйелері, құқық қорғау органдарына қызмет көрсететін жүйелер.
Ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің өзге сыныбы – бұл дəстүрлі
байланыс қызметтері мен мəліметтер беру, жаппай пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету
қызметтерімен толықтырылатын, жаһандық ақпараттық желілер. Ақпараттық қорлардың иелері
оларды пайдаланушыларға тиісті серверлер беретін Интернеттің қарқынды дамуы, Web-
технологиялар деп аталатын ақпараттық қорлар беру мен оған кіру технологияларын дамытуды
ынталандырды.
Ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерге Web-технологияларды қолдану
электронды бизнес (виртуалды биржалармен қоса көтерме жəне бөлшек сауда – Интернет-
супермаркеттер; тұтынушылармен жəне жеткізушілермен өнеркəсіптік кəсіпорындардың өзара іс-
қимылы – business-to-business), электронды кітапхана, қашықтықтан оқыту (виртуалдық
университеттермен қоса) сияқты салаларды дамытуды қамтамасыз етеді.
Ықпалдасқан ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер, оларды құру əдістері мен
құралдары, қосымшаларды жобалау жəне бағдарламалау құралдарын сүйемелдеу жəне дамыту
ақпараттық қорларды беру құралдары мен оған қатынау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
құралдары көзқарасы тұрғысынан қазіргі заманауи ақпараттық жүйенің неғұрлым күрделі
сыныбын білдіреді.
Қазіргі ақпараттық жүйенің ілгеріде айтылған ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық
жүйені əзірлеушілер мен пайдаланушылар, ақпараттық жүйенің өсе түскен күрделілігі мен оларды
жобалау жəне енгізудің мерзімдері мен жұмсалатын шығындарға қатаң шектеулер арасындағы
объективті қарама қайшылықтармен бетпе-бет келетінін атап өту қажет.
Нарықтағы бəсекелетік күрес жағдайларындағы кəсіпорындар мен ұйымдардың қызметі
үздіксіз өзгерістерге ұшырайды.
Бұл, қазіргі уақытта кəсіпорынның ажырағысыз бөлігін құрайтын жəне онымен бірге
бизнес-реинжирингке тартылатын, ақпараттық жүйелерде соған сəйкес өзгерістердің болуын талап
етеді. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе, өзгеріс, талап етілетін ақпараттық жүйенің атқарымдық
бөліктеріне ғана қатысты болатындай жəне өзге атқарымдық бөліктерді қозғамайтындай,
модульдік ретінде жобалануы тиіс екені ақиқатқа айналады. ақпараттық жүйенің бұл қасиеті
181
кеңеюішілік (extensibility) деп аталады. Сондай-ақ ақпараттық жүйенің сандық сипаттамалары –
қызмет көрсетілетін пайдаланушылардың саны, шешілетін есептердің өлшемділігі өзгерістерге
ұшырайды. Осыдан – ақпараттық жүйенің масштабтылығын (scalability) қамтамасыз ету
қажеттілігі туындайды.
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің, жекелей алғанда қолданбалы бағдарламалық
қамтамасыз етудің ұзақтығы, техникалық жəне жүйелік бағдарламалық құралдардың моральдық
жəне физикалық ескіру мерзімдерінен əлденеше рет асып кетеді. Сондықтан əртүрлі ақпараттық-
бағдарламалық платформалар (portability) арасында қолданбалы бағдарламалық құралдардың
тасымалдаушылығын қамтамасыз ету қажет. Қосымшалардың тасымалданушылығына қойылатын
талап мəліметтерді бөліктеп өңдеу қолданылатын гетерогендік платформалардан туындайды.
Ақпараттық жүйенің өзге жүйелермен деректер алмасу бойынша, сол сияқты оларды өңдеу
үдерістерін басқару бойынша (мысалы, транзакцияларды орындау кезінде) өзара іс-қимылын
қамтамасыз ету талабы ақпараттық жүйені интероперабельділік (interoperability) қасиетімен
ерекшелеу қажеттілігін анықтайды.
Ең соңында, ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға пайдаланушыларды даярлауға
жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту талабы тұрақты жəне достық пайдаланушылық
интерфейсін (friendly user interface) қамтамасыз ету қажеттілігін анықтайды.
Ілгеріде айтылған қасиеттердің жиынтығы ашық ақпараттық жүйені сипаттайды. Жекелей
алғандағы бұл қасиеттер қандай да бір шектерде ақпараттық жүйенің бұрынғы буындарында
жүзеге асырылған болатын. Ашықтық қасиеттерін қамтамасыз ету тəсілдері ендігі уақытта өзара
байланыста кешенді түрде қарастырылатындығы, ашық ақпараттық жүйеге қазіргі көзқарастың
ерекшелігі болып саналады.
Ашық ақпараттық жүйенің идеологиясы мен стандарттары ақпараттық жүйенің өсе түсіп
отырған күрделілігі мен оларды құруға жұмсалатын қаржы мен уақыт шектеулері арасындағы
ілгеріде айтылған қарама қайшылықтарға берілетін жауап болып табылады.
Ашық жүйелердің артықшылығы тегін сыйға берілмейтіні түсінікті. Ол үшін жабық,
монолиттік жүйелердің ең аз қорларымен салыстырғанда, жүйелік қорларды (өнімділікпен,
жадылардың көлемімен) біршама артық төлеуге тура келеді.
Ілгеріде айтылғандай, ашық жүйелер тұжырымдамасы бірден пайда бола салған жоқ. Ол
бірте-бірте, ақпараттық жүйе пайдаланушыларының олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін,
олардың техникалық жəне бағдарламалық құралдардың бір жеткізушісіне тəуелді болудан
босағысы келетіндігін сезінулеріне қарай қалыптасты. Осы құралдардың əзірлеушілері мен
жеткізушілері сондай-ақ, тіпті аса ірі фирмалардың өзі құралдардың барлық спектрінде іс-қимыл
жасай алмайды жəне тұйық фирмалық идеологияның орнына өзге фирмалардың ең жақсы
жетістіктерін оңтайлы пайдаланған тиімдірек деген қорытындыға келді.
Сондықтан ашық жүйелер тұжырымдамаларының тарихы ақпараттық технологияларды
стандарттау үдерісімен тығыз байланысты.
Осы бағытты одан əрі дамыту əртүрлі салалар, əсіресе, ғылым, мəдениет жəне білім беру
салалары үшін электронды мəліметтер алмасу форматтарына стандарттар əзірлеумен байланысты
болды. Ғылыми жарияланымдардың электронды көрсетілулерімен алмасудың стандартталған
форматтары, осы салалардағы объектілердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, математика,
химия, биология жəне медицина мен өзге де ғылым салалары үшін ұсынылған. Сондай-ақ
мұражай коллекцияларының (сəулет, живопись, мүсін, музыкалық шығармалар) жəне
құжаттамалық мұрағаттардың электронды көрсетілулері үшін стандартталған форматтар бар.
Электронды кітапханалар құру проблемалары электронды каталогтарды, библиографиялық
сипаттамаларды, жарияланымдардың толық мəтіндерін көрсетуге, осы құжаттардағы қажетті
ақпараттарды іздеуге жəне онымен алмасуға қолданылатын стандарттар көмегімен шешіледі.
Осылардың барлығы, ақпараттық қорлардың жиынтығы мен осы қорларға қатынау
құралдарын білдіретін, қоғамның ақпараттық инфрақұрылымдарын (бүкілдүниежүзі үшін
жаһандық, ұлттық немесе өңірлік) құру жəне дамыту проблемасын шешуге мүмкіндік берді.
Жаһандық немесе корпоративтік желілер арқылы ұжымдық пайдалану үшін берілетін ақпараттық
қорларды, ашық жүйелер идеологиясы мен стандарттар негізінде құрылған ақпараттық жүйе
қалыптастырады жəне қолдайды. Сондықтан ақпараттық инфрақұрылымдар проблемасы, жекелей
алғанда оны жүзеге асыру, əрбір ақпараттық жүйеге ғана емес, сонымен бірге инфрақұрылымдар
шеңберлерінде өзара бірлесіп жүзеге асыратын жиынтық ақпараттық жүйеге ашық жүйелер
идеологиясын таратуға саяды.
Бүгінгі күні ашық жүйелер тұжырымдамаларында ОЖ мен мəліметтер қорлары
182
стандарттарына ғана емес, сонымен бірге қолданылатын жүйелерді, қосымшалар мен
пайдаланушыларды біріктіретін стандартталған интерфейстерге де назар аударылған. Бұл көзқарас
дүниежүзінде танылған стандарттарды интерфейстерге, хаттамаларға, мəліметтер алмасу
форматтарына шоғырландыруды талап етеді. Қазіргі ашық ақпараттық жүйенің гетерогендік
ортасында мэйнфремдер (əмбебап ЭЕМ) мен суперкомпьютерлер, Unix жəне Windows
платформаларда серверлер, жергілікті жəне жаһандық желілер арқылы байланысқан дербес
компьютерлер мен жұмыс стансалары біріктірілуі мүмкін. Осылардың барлығы желілерге жəне
желілердің өзіне қосылатын əрбір жүйедегі ашық жүйелер стандарттарын таңдау мен жүзеге
асыру үшін жүйелік əдіснамалық негіздерді қажет етеді.
Ақпараттық жүйені жобалау барысында алынған, осы сұраққа берілген толық жауап,
құрылатын қосымша ұзақ өмір сүретін, жаңа жобаларда жəне аталған ақпараттық жүйені дамыту
кезінде қайталап пайдалануға болатын жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл, онсыз
айналып өтуге болмайтын, оны сүйемелдеу жəне дамыту қиын (кейде мүмкін емес) бұрынғы
жүйелерден «мұра болып қалған» проблема болашақта туындамас үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |