Сценарий 2022 жыл Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді


Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч боб келеді



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,6 Kb.
#23736
түріСценарий
1   2   3   4
Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч боб келеді

Тра – ля – ляй! Тра – ля – ляй!

Өнершіл аңдар – ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге бір сәлем.

Бәрі қосылып, билейді.

Бәрі Жаңа жылдарыңызбен!



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бір – ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.

Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.



Мыстан: Пай – пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін – ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)

Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды

Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту – у – у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын – ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей – ак, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле – шала залға Аяз – ата мен ақшақар кіреді. Аяз – ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.



Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.

Аяз – ата: Айналайыным – ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз – ата: Қызым – ау, не айтып тұрсың!

Қарашы біз тойға келдік!

Қане балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл – қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

(Балалар амандасады.)



Аяз – ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)

Аяз – ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет