8-СЫНЫП. АБАЙТАНУ ПӘНІНЕН І ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Тұла бойың ұят, ар едің» бөлімі
Оқылатын шығармалар: «Тұла бойың ұят, ар едің», «Жиырма жеті жасыңда», «Талаптың мініп
тұлпарын» өлеңдері
Оқу мақсаты: Әбдірахманға арналған өлеңдері арқылы кемел адамға тән тұлғалық қасиеттерді саралап тану, әке жоқтауының мәнін түсіну: - тілдік бірліктердің семантикалық мәнін түсініп, мәтіннің ішкі бірлігіндегі қызметін айқындау, образдық қызметін ашу.
- әке жоқтауындағы эмоционалды-экспрессивті сөздерді зерделеу, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыру.
-шығармадағы өзекті ойды анықтау, сөз образдарының идеяны берудегі қызметін ашу.
Тапсырмалар: «Бала болдың, жас болдың —
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың —
Көкірегіңді кермедің» деген шумақтағы ойды айқындаңыз, «жалғандық» сөзінің мәтіндегі қолданысын ашыңыз.
«Іздеп табар жалғаннан,
Бала берген пенде едім.
Пенде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім» деген шумақта ақынның қандай сезім күйі танылады? Ақын сезімін сипаттайтын сөз жазыңыз.
...«Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да, көп тұрмады»;
...«Көзге қамшы тигендей,
Шыр айналды артқы жас» үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз. Мәтіндегі қолданысын айқындаңыз.
Абайдың Әбдірахманға арналған «Тұла бойың ұят, ар едің», «Жиырма жеті жасыңда», «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңдеріндегі ортақ тақырыпты табыңыз, идеялық мазмұнды ашатын тірек ұғымдарды кластерте жинақтап, топтастырыңыз.