SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
Қорыта айтқанда, кеңестік кезеңдерде ескі кітаби сөздер, тіпті бүкіл арабша жазылған мұраларымыз жарамсыз деп танылған еді. Ал бүгінгі егемендік алып, тəуелсіз ел болған кезеңде ұлтымыздың рухани-мəдени дүниелерін жаңғырту мəселесі қолға алынып, соның негізінде, тіл, əдебиет, тарих, философия, т.б. саланың ғалымдары тарапынан көптеген игі іс-шаралар атқарылды. Тілдегі сөздік қазынамыз, жазба ескерткіштеріміз, ескі шығармаларымыз, тарихи жəдігерлеріміз, философиялық ой-толғамдарымыз ұлттық көзқарас тұрғысынан қайтадан бағаланып, жарыққа шығарылды. Соның негізінде, ұмытыла бастаған қаншама ескі бірліктеріміз қайтадан жаңғырып, сөздік қорымызға қосылып отыр. Ендігі мəселе, бір жүйеге түспей келе жатқан ескі кітаби лексикаларды жазба əдеби тілде кодификациялаудың шартта ры мен заңдылықтарын орнықтыру, оларды нормалаудың принциптерін көрсететін анықтағыш пен сөздік дайындап беру. Бұл – тілтанушылар қауымы мойнында тұрған латын жазулы əліпбиге көшуді жеңілдететін үлкен міндет.
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
Түркі халқы өздерінің көп ғасырлық тіршілігінде бірге өмір сүргендіктен, мəде- ниетінде, əдебиетінде, салт-дəстүрінде, əдет-ғұрпында, тілінде ортақ рухани құндылықтардың болғанына ертеректе жазылған жазба мұраларымыз дəлел. Түркі халықтарының Орхон-Енисей, Талас жазбалары (V-VIII ғасырлар), ерте ортағасырлық «Құтадғу білік» (XI ғасыр), кейінгі ортағасырлық «Мұхаббатнама» (XIV ғасыр) тəрізді əдеби жəдігерліктері, ерте кездегі жазба əдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» (XI ғасыр), «Кодекс Куманикус» (XIII ғасыр), т.б. сияқты жазба ескерткіштері бар. Жасыратыны жоқ, Кеңес дəуірінде түркітілдес ұлттардың мүддесі табанға тапта- лып келгені ақиқат.
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
1928 жылы араб графикасынан латын графикасына көшкен Түркия Республикасының тəжірибесіне сүйенсек, Османлы империясы кезеңінде мол қолданылған араб, парсы тілдерінен енген сөздерді саяси тұрғыдан барынша тазартты. Түркі тіліне енгізген сөздің көбі түркі түбірлеріне негізделген жаңа сөздер болса да, жаңадан енгізілген сөздердің кейбіреуі ғасырлар бұрын қолданыстан шығып қалған көне түркі сөздерін қолданды. Олар Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрік» т.б. жазба мұрағаттарынан алынды. Мысалы, барлық түркі тілдеріне ортақ «1-10 сынып оқушыларының оқу орны» мағынасындағы «мектеп» сөзі түрік тілінде «оқул» деп қолданылды. Қолданысқа енген мұндай сөздер ұтымды шыққанмен, олардың саны көп болмады.