Қазақ əліпбиін латын графикасына көшіру ісі елдің мəртебесін асқақтатып, мерейін үстем етпек. Жаңа жазу мəңгілік ел идеясына қызмет жасайды, қазақ елінің жарқын болашағына, мəңгі ел болуға жол ашады [44]. Əліпбимен бірге графикалық, емле ережелері, орфография, орфоэпия заңдылықтары да өзгеріске түседі. Сонымен қатар терминологиялық жүйеге де өзгерістер енетіні анық. Яғни латын графикасына көшу мəселесінің тікелей талаптарының бірі – терминдерді бірізділендіру болып табылады.
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
Аллаһ (ар. Аллаһ) – дұрысы Алла; Алиф, əлиф, əліф (ар. алиф) – дұрысы əліп;
Астағфирулла, астағфиралла(ар. астағфир Аллаһу) – дұрысы астапыралла;
Афзал (ар. афзал) – дұрысы абзал; Гүнаһ, гунаһ, гүнəһ (пар. гунаһ) – дұрысы күнə;
Жұфұт, жүфт, жүфіт, жұфыт(ар. жуфт) – дұрысы жұп.
Кабап, кəбап, кəбəп, кебаб, кебап, кебеп, қабаб (ар. кабаб) – дұрысы кəуап; Мəсжид, мəсжід (ар. масжид) – дұрысы мешіт;
Мүһр, мөһр, мөһір, мөһр (ар. мөһр) – дұрысы мөр;
Никах, неках, неқақ, некаһ (ар. никах) – дұрысы неке;
Үмітуар, үмідуар, үміддуар (пар. умидуар) – дұрысы үміткер; Харакат, хəрекет, хəракат, һəрекет (ар. харакат)– дұрысы əрекет;
Һəлак, һəлəк, һəлек, һалак (ар. һəлак) – дұрысы əлек.
Əртүрлі нұсқада қолданылып, жазылып жүрген кірме сөздердің жалпы саны 1094 сөз. Оның 692 араб сөзі, 402 парсы сөзі. Бұл статистикалық мəлімет сөздіктен алынып отыр .
Мəселен, тілімізге бейімделген дыбыстық формасы бола тұра араб, парсы сөздерін түпнұсқаға ұқсатып транскрипциялай салу үрдісі жиі кездеседі:
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY WWW.OKMPU.KZ
Р.Сыздық: Ал қазақ жазуы латынға көшкен жағдайда да кірме сөздердің графикалық тұлғасы біршама қазіргіден өзгереді, бірақ оларды қазақша айтылуынша інситөт, белесепет, пизика, деректір, пірзійдент, іредактір деп жазамыз, сол арқылы оларды жерсіндіріп қазақылап аламыз деген болжамның да реті келе бермеуі мүмкін.
Ғалым М.Малбақов:латын графикасына көшуге байланысты пікірін былайша білдіреді: «Бұл жерде міндетті түрде назарда ұстауымыз қажетті жағдай – төл дыбыстарымызды бейнелейтін қаріптердің түркі əлеміне ортақ əріптер құрамынан алынуы, өзге түркі əліпбилеріндегі қаріптерге ұқсас болуы. Себебі біздің басты мақсатымыз, біріншіден, ұлттық əліпби жасау болса, екіншіден, түркі əлемінде өзара түсіністікті арттыратын, ортақ мұраттарға қызмет ететін əліпби жасау болмақ»