Семинар, практика, зертханалық және студиялық сабақтардың атауы Сағаты көлемі 1



бет9/12
Дата25.11.2023
өлшемі129,62 Kb.
#126208
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Зертханалық жұмыс №4
Қаныққан бу қысымы.
Ертінді мен таза еріткіштің қату температурасын анықтау
Криоскопиялық әдіс арқылы заттың молекулалық массасын анықтау.

Жұмыстың орындалысы: Қату температурасын анықтау үшін криостат қолданылады. Ол зерттелетін зат үшін арнайы термометр кигізілген шыны пробиркадан тұрады. Пробирка қалың қабырғалы болып табылатын ыдыс, (шыны немесе металдан жасалған) салқындатқыш қоспамен (6 салм. бөлігі мұз + 1 бөлігі ас тұзы) толтырылған криостатқа батырылады. Қоспаның температурасы таза ерітікіштің температурасынан 5 – 60С төмен болуы керек.


Пробиркаға бюреткадан 10мл таза еріткішті құяды. Әрбір пробирканы криостатқа орнатып, әрбір 10сек. сайын температура өзгерісін жазу керек. V ерітіндіні термометрмен ақырын араластыра отырып, бастапқы кездегі термометрдегі сынап бағанасы төмендейді, себебі салқындау тез жүретін болғандықтан сұйық әдетте аса салқындап температура қату температурасынан төмен болады. Сондықтан сұйықты осы жағдайдан шығару үшін араластыру керек. Кристалдану кезінде жасырын жылу бөлініп, осының есебінен термометрдегі сынап таза еріткіштің қату температурасына дейін жоғарлайды. Содан соң пробирканы криостаттан шығарып, құрғақ стаканға салып, әрбір 10 секунд сайын кристалдар толық ерігенге дейінгі температураны жазу керек.
Таза еріткішпен жүргізген тәжірибеден соң оған аналитикалық таразыда өлшеніп анықталатын затты салады (0,3г артық емес). Ерітінді термометрмен араластыра отырып, толық еруін қадағалап, жоғарыда көрсетілгендей етіп тәжірибені жүргізеді.
Алынған нәтижелерді кестеге толтырып, қисығын салады. Еріген заттың молекулалық массасын мына формуламен анықтайды:



Зертханалық жұмыс №5


Шекті араластын сұйықтар

Қажетті құрал – жабдықтар: Су моншасы, пробиркалар, термометр, фенол, су.


Жұмыстың орындалысы: Массалық үлестері белгілі фенол мен су қоспасын дайындаңдар. Су моншасын шамамен 700С – қа дейін қыздырып, оған қоспасы бар қоспаның мөлшерлену температурасын анықтаңыздар. Бұл гомогендену температурасы, содан соң пробирканы су моншасынан шығарып, ауада салқындата отырып, лайдың қайта пайда болу температурасын анықтаңыздар. Бұл гетерогендену температурасы болып табылады. Гомогендену және гетерогендену температурасының арасындағы айырмашылық 10С – тан аспауы қажет. Әр қоспамен тәжірибені 3 реттен жүргізіп, орташа температура анықталады. Алынған мәндерді келесі кестеге толтырып, фенол – су қоспасының «Температура – құрам» диаграммасын салыңыздар.



Пробирка №

Фенол және су мөлшері, %

гомогендену температурасы 0С

гетерогендену температурасы 0С

Орташа мәні
















Қайнау температурасы – құрам диаграммасын салу.


Жұмыс мақсаты: Өзара бір – бірінде еритін сұйықтар айдау және алынған мәндер бойынша диаграмма салу.
Қажетті құрал – жабдықтар: Пробиркалар, резина тығындары бар колбалар, термометр, бюретка, NаОН, СН3СООН, фенолфталейн, миллиметрлік қағаз.
Жұмыстың орындалысы: Сұйық қоспалардың қайнау температурасын анықтайтын прибор ыдыстан 1, термометр 2, салқындатқыш 3 тұрады. Салқындатқыштың ішкі түтігі 4 тығынға негізделеді және 6 қалыпқа келтірілетіндей болуы керек.
Приборды штативке орнатып, ыдыс 1 анықталатын қоспаны ұсақ немесе фосфор түтіктерін салады. 1 ыдыстың аузына тығын арқылы 120 – 1300С тең термометрді кигізіп, содан соң ыдысты салқындатқышқа су жіберіледі де сұйықты қыздыра бастайды. Температура өзгермегеннен кейін салқындатқышты 6 жағдайда келтіріп, 1мл, дистиллят жинап алады. Содан кейін приборды бөлшектеп, сұйықты құйып алып, ыдысты жақсылап тазартып, келесі айдау үрдісіне дайындайды. Алынған дистилляты 0,1г NаОН ерітіндісімен титрлейді.
Ерітіндіні дайындау: Мольдік үлестері 0,25, 0,50, 0,75 болатын 35 – 40мл СН3СООН ерітіндісін дайындайды. Алынған мәндерді кестеге толтырып «Тқайнау – құрам» диаграммасын салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет