Газдарды жинау әдістері. Сутегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Сутегі алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу



бет1/28
Дата15.12.2023
өлшемі83,64 Mb.
#138378
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

  1. Газдарды жинау әдістері. Сутегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Сутегі алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу

Сутекті ығыстыру арқылы
Сутекті алу тәсілі-белсенді металдардың қышқылдармен әрекеттесуі.
Zn + 2HCl = ZnCl2 + Н2↑ + Q
Пробиркаға бірнеше мырыш түйірін салып,үстіне 2-3мл HCl қосамыз.Кейін оны штативке бекітіп тығынмен жауып,газ шығатын түтікшенің екінші ұшын су құйылған крисстализаторға төңкеріп қояды. : мырыш түйіршіктерінің тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясы алдымен баяу, содан кейін спиртшаммен қыздыру арқылы өте қатты әрекеттеседі. Пробирка қызады газ құбырынан түссіз газ шығады.
Сутегінің тазалығын тексеру үшін жанған сіріңкені түтікшенің аузына апарамыз.
Пах дауысы шығады.



Ауаны ығыстыру арқылы
Пробиркаға бірнеше мырыш түйірін салып,үстіне 2-3мл HCl қосамыз.Кейін оны штативке бекітіп ,тығынмен жауып газ шығатын түтікшенің екінші ұшын сутекті жинайтын пробиркаға бекітеміз. Пробиркаға газ жиналған соң тазалығын тексереміз.



2.Оттегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Оттегі алатын құрылғының
суретін салу. Реакция тендеулерін жазу.
Оттегін ауаны шығару әдісімен жинау.
Газды алу үшін калий перманганаты бар пробирканы аламыз. Оған кішкене мақта тампонын саңылауға мүмкіндігінше жақын қойыңыз, сонда газ шығатын түтік арқылы шаң тәрізді қатты зат оттегі қабылдағыш ыдысқа түспейді. Газ шығатын түтікшенің ұшын суға батырыңыз.
Ауа көпіршіктерінің пайда болуы құрылғының тығыздығын әрі дұрыстығын көрсетеді. Пробирканы зертханалық штативке бекітіңіз, сонда газ шығатын түтікшенің ұшы оттегі қабылдағыш ыдысының түбіне жетеді. - Спиртшамды жағыңыз, пробирканы қыздырамыз Шығарылатын оттегін ыдыстан ауаны шығару арқылы жинаймыз



Суды ығыстыру арқылы
Пробиркаға калий перманганатын құйыңыз, пробирканың тесігіне мақта салыңыз, пробирканы газ шығатын түтікшесі бар тығынмен жабамыз,штативке бекітеміз. Содан кейін газ шығатын түтікшенің ұшын осы цилиндрге салыңыз. Спиртшам арқылы калий перманганаты бар түтікті қыздырыңыз. Ыдыс оттегімен толтырылған кезде оны су астына шыны қақпақпен (пластинамен) жабыңыз.Оттегі екенін тексеру үшін жанған шырпыны түтікшенің аузына алып барғанда лап етеді,себебі оттекгі жануды қолдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет