Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет69/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Байланысты:
Семинар әдістемесі 2021

Негізгі ұғымдар: мемлекеттің жаңғыруы, Ұлт лидері, Ұлт жоспары, модернизация, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін салушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігін бүгінгі күні әлемдік көшбасшылар мойындайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықаралық ұйымдардың, ұлы державалардың басшыларымен достық байланыстарын, өзінің жоғары беделін пайдаланып, қысқа мерзім ішінде елімізге Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін таба білді. Қысқа уақыт ішінде Еуразия кіндігінде барлық қазақстандықтардың мақтанышы болған әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар – Астана бой көтерді. Тарих ғылымына «Қазақстан жолы» жаңа термині енгізілді. Бұл жолдың оңай әрі қателіксіз болмағандығы тұрғысында Президенттің өзі бірнеше мәрте айтқан болатын. Ең бастысы, Қазақстан бүгінгі таңда, өзінің болашаққа деген ұмтылысымен ерекшеленіп отыр.



Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.

Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет