Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер



бет10/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ . Морфология. –Алматы, 1991.
2. Аханов К. Тіл білімінің ңегіздері. –Алматы, 1993.
3. Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан. /Қазақстан мектебі. 1998, №7.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары.-Алматы, 1982. (Кіріспесі).
5. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –Алматы, 1998, Ү бөлім.
6. Хасанова С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б.. Кестелі грамматика. –Алматы, 1996.
7. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялық құрылысы. –Алматы, 1968. - 7-16 беттер.


Дәйектеме: Ғылымда сөз атаулының атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп бөлінетіні. Тілдегі сөздерді лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөз таптарына бөлу олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тіліндегі сөздерді грамматикалық топтарға ажыратуда проф. А.Ысқақов анықтаған семантикалық, морфологиялық, синтаксистік үш негізгі белгі, ұстанымның негізге алынатындығы. Яғни, бір сөз табына жататын сөздердің ортақ жалпы мағынасы, сол мағынаға қарай топтастырылған сөздердің әрқайсысының өзіне тән морфологиялық түрлену жүйесі, сөйлемде алатын орны және синтаксистік қызметі болуы қажет екендігі. Сөз таптастыру – тіл білімінің өзекті мәселесі. Сөздерді таптастырудың тарихы,түркология мен қазақ тіл біліміндегі даму жолы. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының қазіргі жайы.
Жаттығу блогі
1-жаттығу. Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғандары бойынша топтаңыз.
Шынында да жаңа космос кеңістігінің биігінен біз үшін жаңа күн көрінді. Басқа жігіттер де қайықтарын есіп кеп, Еламан мен Мөңкенің жанына жинала бастады. Үлкен үйдің бір терезесінен ғана жылтыраған жарық көрініп тұр еді (Н.Нұрпейісов). Абай Балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталған соң, есіктен қайта бұрылды (М.Әуезов). Әлгі естіген даусым құлағыма ызың қаққан соң, дыбыс шыққан жаққа үрейлене көз тіксем, қорбаңдаған бірдеме бері қарай жылдамдата жылжып келді (С.Мұқанов). Кенжетай Есенейдің әрі атшысы, әрі имамы, анығырақ айтқанда, сыбыршысы, суфлері (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет