Септеу –склонение, жіктеу – спряжение, жалғау – окончание, теңеу – сравнение, ойлау – мышление, тозаңдану – опыление т б


Терминологиялық бірізділіктің сақталмауы



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі32,89 Kb.
#49269
1   2   3
Терминологиялық бірізділіктің сақталмауы: аборт – түсік түсіру, түсік түсу, аборт внебольничный – ауруханадан тыс түсік, аборт естественный – табиғи түсік, аборт искусственный – жасанды түсік (выкидыш – түсік?); анофтальм – анофтальм, анофтальмия – көз алмасының болмауы; аспиратор – сорғыш аспап, аспирация – аспирация; аутоантиген – өзіндік жаттек, аутоантитело – өзіндік антидене, истерик – есірік, истерия – долылық және т.б. (медицина).
Терминологиялық біріздендіру белгілі бір тар мамандықтың, белгілі бір саланың, нақты бір ұлт тілінің, туыстас тілдердің шеңберінде біріздендіру, тіларалық, ұлтаралық біріздендіру; халықаралық, бүкіл ортақ терминдері бар тілдер арасында біріздендіру [5, 517] болып бөлінсе, мысалдардан көріп отырғанымыздай, қазақ терминологиясында, терминологиялық біріздендірудің басқа түрлерін айтпағанда, белгілі бір сала шеңберіндегі біріздендіру жұмыстары көңіл көншітпейді.
Салаішілік әркелкілік (варианттылық, жарыспалылық, синонимия, омонимия, полисемия): агнозия – ажыратпау, агнозия акустическая – дыбыстық агнозия; паренхима – ұлпа, пульпа – ұлпа, ткань – ұлпа, ткань – тін; меристема – түзілу ұлпасы; плацент – бала жолдасы, послед – бала жолдасы, альвеола, лунка, луночка, ячейка – ұяшық; канцер, рак – обыр, аномалия; отклонение; погрешность – ауытқу; давность наступления смерти – өлім мезгілі, өлгеннен кейінгі мерзім; давность повреждения – зақым мезгілі, давность – бұрынғы мерзім; капсула – қапшық, футляр – қапшық (медицина), рак обыкновенный – кәдімгі обыр, рак растений – өсiмдiк жебір ауруы (ауылшаруашылығы) және т.б.
Салааралық әркелкілік (варианттылық, жарыспалылық, синонимия, омонимия, полисемия): абдомен – іш (медицина), абдомен – құрсақ (биология); чревье – құрсақ (медицина), брюшная стенка – құрсақ қабырғасы (биология); абстрактный – беймағлұм (медицина), абстрактный – дерексіз (психология); авария – апат (ауылшаруашылық, машинажасау, сәулет), авария – авария (экология, іс жүргізу); погрешность – ауытқу (медицина), погрешность – қателік (информатика, математика); аскарида – бөсір (медицина), аскарида – жұмырқұрт (ауылшаруашылығы); капсула – қапшық, футляр – қапшық (медицина); сумка – қапшық, сумка – қалта, қапша (биология); датчик – бергіш (металлургия, информатика), датчик – сезбек (электроника); подсознание – шаласана (медицина), подсознание – түпсана (психология); сперма – шәует, ұрық (медицина), эмбрион – эмбрион, ұрық, зородышь – ұрық (биология); коллатераль – жанама, коллатеральное кровообращение – жанама қанайналым, побочные реакции – жанамареакциялар, билирубин непрямой – жанама билирубин (медицина), побеги боковые – жанама өркен (биология), конкуренция опосредованная – жанама бәсекелестiк, ущерб косвенный – жанама нұқсан (экология); личинка – балаңқұрт (медицина), личинка – дернәсіл (экология), личинка – құрт (ауылшаруашылығы), облучение – сәулесоққы (медицина), облучение – сәулелендiру, сәулелеу (ауылшаруашылығы); покрышка – жамылғы, покров – жамылғы, плащ – жамылғы (медицина), покрытия – жамылғы (экология), ремиз – жамылғы (ауылшаруашылығы); крышка – қақпақ (медицина), затвор – қақпақ (экология); сборка – құрастыру, құрастырма, монтаж – құрастыру, компоновка – құрастыру, жиыстыру (металлургия), составление – құрастыру (іс жүргізу); катушка – шарғы (механика), катушка – шарғы, орауыш (машинажасау), расход – шығын, шығыс, затрата – шығын, убыль – шығын, убыток – залал, прибыль – пайда, выгода – пайда, вред – зиян, ущерб – зиян (экономика) және т.б.
Біздің бұл жерде «әркелкілік» деген терминді қолданып отырғанымыздың себебі – келтірілген мысалдардан байқалатындай, кездесетін мұндай жайттардың ішінде варианттылық, жарыспалылық, синонимия, омонимия, полисемия құбылыстары араласып кеткен және олар салаішілік әркеркілік түрінде де, салааралық әркелкілік түрінде де кездеседі.
Терминдердің бұлайша әркелкі немесе керісінше біркелкі қолданылуы ісқағаздар тілінде, әртүрлі техникалық құжаттарды дайындау кезінде және т.б. мемлекетішілік немесе халықаралық құжаттар алмасу кезінде түсініспеушілік туғызып қана қоймай, медицина сияқты адам өмірімен тікелей байланысты салаға қатысты құжаттарды толтыруда аса көңіл алаңдатарлық жайт болып табылады. Сонымен қатар, Мемтерминком бекіткен терминдер мен әртүрлі заңнамалық актілер мен нормативтік- құқықтық құжаттарда терминдерді қолдануда да әркелкілік орын алып отырғаны да жасырын емес.
«Әсіре қазақшалауға» ұмтылу: агирия – қатпарсыз ми, акроанестезия – қол-аяқ сезімсіздігі, акрогидроз – қол-аяқ тершеңдігі, акрогипотермия – қол-аяқ салқындығы, бірақ акродерматит термині сол қалпында қалдырылған; амебиаз – амебалық аурулар, анорхия – екіжақты атабезсіздік, аносмия – иіс сезінбеушілік, антропометрия – адам өлшемдері, бактериолог – бактерияны зерттеуші маман, бинт – дәкеден жасалған таңғыш, вагит – кезбе жүйке қабынуы, ваголизис – кезбе жүйкені әлсіреткіш, везикулография – шәует көпіршіктерінің рентгені, гастроптоз – асқазанның төмен түсуі, дискразия – дене сұйықтарының дұрыс араласпауы, дискэктомия – дискіні кесіп алып тастау, мелазма – тері түсінің қаралығы, мелалгия – аяқ-қолдың сырқырауы, фабелла – дән тәрізді сүйек (медицина) және т.б. Мұндай «әсіре қазақшалаудың» салдарынан терминдеріміз ұғымның түсіндірмесі, яғни сипаттамасы болып шыққан.
Қолдан тым жасанды сөз жасауға әуестік: автовакцина – өздікекпе; торакоабдоминальный – кеуде-іштік; коронкосниматель – тіссауытсуырғыш; сероцит – ұйыма жасуша; период предменустральный – етеккір келералды кезеңі (медицина) және т.б.
Терминжасам үдерісінде «дәстүр мен шарттылық принципі» (Ә.Қайдаров) негізге алынып, термин саналы түрде жасалатын жасанды сөз екендігі түсінікті. Алайда «термин шығармашылығында жасандылыққа, шарттылыққа бару кезінде сол шарттылықтың жүзеге асуына негіз болатын заңдылыққа табан тіреуге тура келеді», сонымен қатар «терминжасамның өзіне ғана тән ерекшеліктері болғандығына қарамастан, ол негізінен тілдің сөзжасам заңдылықтарына бағынышты болады» [5, 45, 49] деген тұжырымдарды басшылыққа алуымыз қажет.
Жалғаулардың әркелкі жалғануы: активатор – белсендіргіш, активатор каналов калиевых – калий өзектерін белсендіруші (дұрысы – белсендіргіш), аналгезирующий – ауырсынуды басу (дұрысы – ауырсынуды басушы болу керек), антенатальный – туыларалды, антенаталды (?), аритмогенный – ырғақсыздандырғыш (?) (медицина) және т.б.
Профессор Ш.Құрманбайұлы информатика және есептеуіш техника терминологиясында қазақ тіліндегі бір ғана -уыш/-уіш жұрнағы орыс тіліндегі -атор/-ятор/-тор, -щик, -чик, -тель, -н/ая, -н/ый суффикстері арқылы жасалған терминдердің қазақша нұсқасын жасауға пайдаланылғандығына мысалдар келтіре отырып: «Бұл арада салалықмамандар терминжасамның лингвистикалық қырына және терминтанудың жүйелілік сияқты маңызды талаптарына жете мән бермегені байқалады. Терминжасамда сөздің лексикалық мағынасына тән нәзік реңктерін, мағына көлемін дәл ажырата білу де оңай емес. Ал қосымшалардың ерекшелігін, грамматикалық мағына сияқты ұғымдарға сала мамандарының мән бере бермеуі жиі кездесіп жататын жайт», – дейді [5, 576].
Әртүрлі сөз таптарынан термин жасау: безумствовать – ақылсыздану, бесследно – ізсіз, выварить – езілте пісіру, қайнатып алу, досыта – тойғанша, жареный – қуырылған, забеспокоиться – мазасыздану (медицина) және т.б. Бір айта кететін нәрсе, әрине белгілі бір салаға тікелей қатысты болса, басқа сөз таптарынан термин жасалатындығы тәжірибеден белгілі. Алайда, келтірілген мысалдарды медицина саласына тікелей қатысты маңызды терминдер деп айта алмаймыз.
Бір терминнің жекеше және көпше түрде берілуі: зуб – тіс, зубы – тістер, нерв – жүйке, нервы – жүйкелер (медицина) және т.б.
Бірнеше сөз тіркесінің термин ретінде берілуі: допустимый уровень воздействия вредного фактора – зиянды әсердің рұқсат етілген мөлшері; тыльные пальцевые артерии стопы – бақайлардың сыртқы артериялары; трансуретральная резекция простаты – қуықасты безін үрпі арқылы сылып тастау; скелет свободной верхней (нижней) конечности – қолдың (аяқтың) еркін бөлігінің қаңқасы (медицина) және т.б.
Бір ғана терминнің түрліше тұлғада жазылуы: подкорка – қыртысасты, подкорковые ядра – қыртыс асты ядролар (дұрысы – қыртысасты), аппендицит – соқырішек, бірақ кишка прямая – тік ішек (дұрысы – тікішек), кишка толстая – тоқ ішек (дұрысы – тоқішек), кишка тонкая – аш ішек (дұрысы – ашішек), кишка тощая – ащы ішек (орфографиялық сөздікте берілмеген (медицина) және т.б.
Салаға қатысы жоқ атаулардың термин ретінде алынуы: клен – үйеңкі, наука – ғылым, естественные наука – жаратылыстану ғылымы, прикладная наукақолданбалы ғылым, рожь – қара бидай, роза – раушан, раушангүл, стремя – үзеңгі (медицина) және т.б.
Сараптауды қажет ететін баламалар: лечение неадекватное – сәйкессіз ем, суррогатная мать – бөтен ана, көтерген ана, бимануальный – екі қолмен, эндофитный – ішке қарай; клитор – деліткі, парафимоз – қыспакүпек (медицина) және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет