Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қайта өрлеу заманы деп қай ғасырларды айтамыз?
2. Гуманизм дегеніміз не?
3. Қайта өрлеу заманы адам мәселесін қалай шешеді?
4. Н.Кузанскийдің өзінің негізгі еңбегін «Ғылыми білімсіздік» деп
атауының сыры неде?
5. Н.Кузанский сенім мен ақыл-ой мәселесін қалай шешеді?
6. Н.Макиавеллидің адам туралы ілімінің ерекшелігі неде?
7. Н.Макиавелли саясат пен моральды бір-бірінен қалай ажыра-
тады?
8. Фортуна дегеніміз не?
9. Діни реформациядағы М.Лютердің енгізген өзгерістері қандай?
10. Жан Кальвиннің діни философиясының ерекшелігі неде?
11. Н. Коперниктің ғылымға енгізген төңкерісі неде?
Рефераттар тақырыбы:
1. Қайта өрлеу заманы философиясындағы гуманистік ағым.
2. Николай Кузанский – Қайта өрлеу заманының көрнекті филосо-
фы.
3. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси қөзқарастары.
4. Н.Макиавеллидің саясат пен моральдың қарым-қатынасы
жөніндегі қөзқарастары.
155
5. Діни реформация – Қайта өрлеу заманындағы рухани өзгерістердің
айқын көрінісі.
6. Л. да Винчи – Қайта өрлеу заманындағы жан-жақты дамыған
тұлға.
7. Н.Коперниктің ғылымда жасаған төңкерісі.
8. Дж.Бруно және оның философиялық қөзқарастары.
9. Протестанттық этика және оның маңызы.
10. Қайта өрлеу заманындағы фатум және фортуна мәселелері.
Ойланыңыз:
Фортуна өте мейірбанды адамдардан гөрі, не болса сол болсын деп
батыл кірісетін адамдарды сүйеді (Эразм Роттердамский).
Менің адалдығым мен сенімділігімнің кепілі – менің кедейлігім.
(Н.Макиавелли).
Қайсыбір философияның бастауында – таңғалушылық, дамуында –
зерттеулер, соңында білместік жатыр (М.Монтень).
Сен өздеріңнің қағидаларыңмен дүниені төңкеріп тастағың келеді, –
дейді біреулер. Бірақ төңкеріліп жатқан бұл дүниені төңкергеннің несі
жаман (Дж.Бруно).
Адам – көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар (Пико делла
Мирандолла).
Қандай қиындық болса да, өмірден бас тартпа (М.Монтень).
Құдай басқа тіршіліктердің бәрінің бейнесі мен қалпын шеңберлеп,
олардың алатын орнын анықтаған. Тек сен ғана, адам, ешқандай
шеңбермен қысылған жоқсың, сондықтан өз бейнеңді өз шешіміңмен
анықтай аласың (Пико делла Мирандолла).
156
Достарыңызбен бөлісу: |