26
Әрине, маркстік философияның шеңберінде «негізгі мәселе» тек қана
диалектикалық материализмді дарыптеуге,
қалған философиялық
бағыттарға «бейғылымдылық» баға беру жолында пайдаланылды.
Бірақ, соған қарамастан, біз философияның негізгі мәселесі –
марксизмнің ойлап шығарған «жалған мәселесі»
деген ойдан алшақ
болуымыз керек. Өйткені философия дүниеге келісімен-ақ, оның
шеңберінде әртүрлі бір-біріне қарсы бағытталған ағымдар пайда болды.
Философиядағы әрбір дүниеге деген
көзқарастың негізінде осы
пәннің негізгі мәселесінің шешімі жатыр.
Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан
шығады. Дүниенің біртұтастығын, бірлігін ой өрісімен қамту үшін, біз
мына сұраққа жауап беруіміз керек: Дүниенің алғашқы негізгі субстан-
циясы неде? (substantіa – латын сөзі, негізінде, астында жатқан).
Екінші жағынан, бұл Дүниені
ең шегіне жеткен жалпылық
тұрғысынан алып қарағанда,
онда біз екі-ақ құбылысты табамыз:
оның бірі
материя – табиғат заты, екіншісі –
сана – адамның ішкі жан-
дүниесі,
рухы.
Жалпы
айтқанда, жоғарыда көрсетілген үш ұғымда дүниені
зерттеудегі негізгі үш идея берілген. Ол – дүниенің
бірлігі, екінші-
ден – оның заттық
субстраты, үшіншіден – адамның өз ішінен табатын
материалдық емес,
рухани тебіреністері.
Келесі ерекшеліктері – бұл ұғымдардың
метафизикалық табиғаты,
яғни оларды жеке
ғылымдардағы ұғымдар сияқты, тәжірибе арқылы
тексеру мүмкін емес, өйткені олар бүкіл
әлемді өз мазмұнында
қамтуға бағытталып, бүкіл адамзат тәжірибесінің сыртына шығып, тек
Достарыңызбен бөлісу: