Сәулет өнерінде негізгі көңіл бөлінетін және міндетті түрде оң шешімін табатын төмендегідей басты бағыттар



бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі159,6 Kb.
#22312
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диплом теория дүрыс 2021-1[1]

3. КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1. Ғимараттардың конструкциялық схемалары, жүйелері

Ғимаратың конструкциялық шешімі, жобалаудың бастапқы кезеңінде ғимаратың құрылыстық жүйесі мен конструктивтіксхемасын тағайындау арқылы анықталады. Конструктивтік жүйе ғимараттыңберіктігін, қаттылығын, орнықтылығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан көтергіш конструкцияларжиынтығы болып табылады. Ғимараттың конструктивтік жүйесін таңдау,оның әрбір конструкциясының статистикалықролін анықтайды. Құрылыс ғимаратының жүйесін таңдауда, салынатын ғимарат конструкциясының материалдары және ғимараттарды тұрғызу техникасы анықталады.Ғимараттың көтергіш конструкциялары өзара байланысқанвертикаль және горизонтальдыэлементтерден тұрады.

Көлденең жүк көтергіш конструкцияларбарлық қабаттардағы тік түскенжүкті көтергіш қабырғалар мен колонналарға олар өз кезегінде түскен салмақты ғимараттыңнегізіне береді.

Көлденең жүк көтергіш конструкцияларәдеттегідей ғимаратта қатаңдық диафрагма рөлін ойнайды. Көлденең түскен жүктердіқабылдайды, (жел, сейсмикалық т.б)осы әсерлердің күштерін вертикаль конструкцияларға жібереді. Аралық шешім көлденең күштерді бөлуменқатты элементтер арасындағы түрлі пропорциялар мен конструкциялар көлденең күштерді қабылдау үшін жұмыс жасайды.


















ДЖ 1418000 06.21

Өлш.

Пар.

Құжат №

Қолы

Күні

Орындаған

Берікқожа Ұ.Қ.







Жетекші

Мамбетяров Е.







КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ


әдебиет.

бет

беттер

Рецензент

Юсупов А.Ж.







О







Кеңесші










ЖПЖК

4АХТ-17-1



ЦӘК төрайымы

Мамбетова Р.С.



















Жабын- диафрагманың қаттылығын қамтамасыз етеді. Жабын сейсмикалық әсерден, желден тікжүк көтергіш конструкциялардың

жылжуының бірыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Биіктігі екі қабаттан жоғары көлденең жүк көтергіш конструкциялар азаматтық ғимараттардаөрт қауіпсіздік нормаларына сай жанбайтын және жануы қиынболуы керек. Бұл талаптарға және экономикалық талаптарға темір бетонды конструкцияларсай келеді, және сондықтан оларды көлденең жүк көтергіш элементтері ретінде жиі қолданады. Әдетте, темір бетонды плиталар- құрастырмалы, құрастырмалы-құймалы және құймалы болып келеді.

Ғимараттың тік жүк көтергіш конструкциясы әртүрлі. Құрылым түрі – құрылым жүйесін классификациялау үшін анықтауыш белгі болып табылады. Тік жүк көтергіш конструкцияның мынадай түрлері бар: стерженьді толық қималы (қаңқа тіректері);жазық (қабырға); көлемді-кеңістікті (көлемді блоктар). Қатаңдық ядросы әдетте ғимараттың ортаңғы бөлігінде орналасады. Үлкен ғимараттарда бірнеше қатаңдық ядросын қою қарастырылады. Тік жүк көтергіш конструкциялардың түрлеріне сәйкес төмендегідей конструктивтік жүйелер қолданылады: қаңқалы, қаңқасыз, көлемді-блокты, діңгекті және қабықты. Тік жүк көтергіш құрылымды таңдау көлденең жүк көтергіштің бөлінуіне байланысты. Бұл ғимараттың жобалау шешіміне, сәулеттік композициясына және жобаның үнемділігінеәсер етеді. Негізінде жобаланған ғимаратта жүйені таңдау, жобаланған ғимараттың ерекшелігіне типологиялық әсер етеді. Бұлқұрылыстыңжағдайы оның қабатты және инженерлік-геологиялық жағдайына байланысты. Төменде негізгі конструкциялық жүйенің қолданылуы келтірілген:



  • Қаңқалы жүйе құрылыста көп қабатты сейсмикалық шыдамды ғимараттарға тиісті қолданылады.(6 және одан да көп қабатты). Қаңқалы жүйе- негізінен қоғамдық және өндірістік ғимараттарда көп қолданылады. Ал, тұрғын үй құрылысында оныңқолдану көлемі шектеулі.

  • Қаңқасыз жүйе – тұрғын үй құрылысында өте кең таралған. Оны - 30 қабатты биіктіктегі ғимараттардысалуға пайдаланады;

  • Көлемді блоктық жүйе- тлғыз қабатты тұрғын үйлерде, қарапайым және күрделі геологиялық жағдайларда қолданылады. Бұл ғимараттар жеке-жеке көлемді блоктардың бір-біріне солқылдақ немесе қазаң байланыстармен біріктірілуі арқылы тұрғызылады.жүк көтергіш баған ретінде орнатылған.

  • Діңгекті жүйе биіктігі көп қабаттан жоғары ғимараттарда қолданылады.Діңгектіжүйені жинақыкөп қабатты ғимараттарда. Әсіресе, сейсмикалықтөзімді құрылыста кеңінен қолданылады.

  • Қабықты жүйе – зәулім тұрғын. әкімшілік және әртүрлі бағыттағы ғимараттарға тиісті. Конструкциялық жүйелердің схемалары 2.2 суретінде келтірілген.

Аралас жүйелердің төмендегідей негізгі түрлері бар:

  • Толық қаңқалы емес жүйе-тік және көлденең жүк көтергіш қабырғалармен қаңқалар негізінде қаланған. Бұл жүйені 2 түрлі жағдайдақолданады: жүк көтергіш сыртқы қабырғалар мен ішкі қаңқалар немесесыртқы қаңқалар мен ішкі қабырғалар.

Бірінші әдіс- ғимараттың жобалау шешімінің еркін жоспарлануы үшін қолданылады.

Екінші әдіс - жүк көтерілетін жеңіл құрылымды сыртқы қабырғалар болғанжағдайда қолданылады.

Диафрагмалы қаңқалы жүйе қабырға аралық және стерженьдік элементтерді жүк көтергіш құрылымдар статистикалықфункцияныңбөлінуі негізінде пайда болған.Жүйе құрылыста қаңқалы-панельдік түрде коп қолданылады, және көп қабатты,сейсмикалық төзімді тұрғын үйлерді тұрғызуғақолданылады:


  • Қаңқалы-діңгекті жүйе-қаңқа мен діңгектің статикалық функцияларының өзара бөлінуі негізінде пайда болған. Мұны көп қабатты биік ғимараттарды салуда қолданады.

  • Қаңқалы-блоктық қаңқа мен және көлемді блоктардың үйлесуіне негізделген.

Жүк көтеретін көлемді блоктарды, үйдің көтергіш қаңқа торының ішінтолтыруға қолданады.

Бұл жүйе көп қабаттан жоғары ғимараттарда қолданылады;



  • Блок-қабырғалы жүйеқа бырғалар мен көлемді блоктарды үйлестіруге негізделген.

  • Діңгекті-қабырғалы жүйе көтергіш қабырға және діңгектің өзара үйлесуіне негізделген.Діңгекті-қабықты жүйе сыртқы көтергіш қабықшамен ғимараттың ішкі қаңқасының үйлесуіне негізделген. Бағана мен қабықтың бірігуі қабаттардың тік конструкцияларымен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе зәулім, биік үйлерді тұрғызғанда қолданылады:Аралас жүйелер схемасы 1 суретінде келтірілген.

Конструкциялық жүйе деген ұғым –ғимараттың конструкциялық –статикалық мінездемесі. Мысалы, қаңқалы емес құрылым жүйесі негізінде панель, бетон, кірпіш, ағаш қабырғаларымен ғимарат жобасын жасауға болады. Өз кезегінде, қаңқалы жүйе темір бетон, ағашжәне металл конструкцияларынан түзеледі.

Құрылыста жеке әр түрлі конструкциялық жүйелерді қолдану аймағы мен көлемі үйлердің қолданылу аясына және қабаттарының санына байланысты.

Жобада қабылданған конструкциялық схемалар және шешімдер

Жобаланып отырған ғимарат қаңқалы конструкциялықсхемада жобаланған, жүк көтергіш қабырғалар бойлық бағытта орналасады.

Ғимаратың орнықтылығын, беріктігін төмендегідей конструкциялық шешімдер арқылы қамтамасыз етіледі.

Іргетаста блоктардың әрбір қатарында берік байланыстыру схемасы қабылданған.

Жалпы алғанда, жобаланатын ғимараттың жеке конструкциялық элементтері бойынша қабылданған нақты шешімдер төмендегі бөлімдерде баяндалған.
3.2. Іргетастар

Іргетас ғимараттың көтергіш қаңқасының негізгі конструкциялық элементі болып табылады және құрылымнан түсетін барлық жүктерді өзіне қабылдап, үйдің табанына (негізіне) бірқалыпты таратады. Кейбір жағдайларда оларға кететін материалдық шығын, яғни іргетастың құрылыстық құны жалпы ғимарат құнының 30%-ына дейін жетуі мүмкін.

Сыртқы көтергіш қабырға панелдері астына ленталы біртұтас құймалы темірбетонды іргетастар қабылданған, қималары стақан тәріздес. Қиманың жоғарғы қабырғалық бөлігі қабырға қалыңдығына сәйкес 380мметіп қабылданған. Іргетастың жер асты бөлігінің өлшемі жоғары жағына қарағанда кеңейтіліп 1200 мм аралықта тағайындалған және А-ІІІ арматурасынан жасалған темір торлармен темірленген. Іргетасқа В-20 класындағы бетон қолданылады. Ленталы іргетастың жерге ену тереңдігі, топырақтың тоңу қабатынан төмен жатыр -м құрайды.

Ортадағы жүк көтеретін бағаналар астына жеке орналасқан стақан тәрізді темірбетон іргетастары орналасады.

Жобаланған ғимараттағы іргетастың құрамы мен конструкциясы:


  1. Торды бөлек металл сымдарынан жасайды. Металл сымдарының аралын 0,8-1,0 мм болатын бұралған сыммен орнықтырады.

  2. Іргетастың астыңғы бөлігінде 100 мм болатын битумдалған төсем орналастырылады.

  3. Барлық колонналар мен іргетастарға ажетті арматуралар бір уақытта орнатылады.

  4. Төменгі бөлікте орнатылатын бетон конструкцияларына су өткізбейтін W4 маркалы бетон ГОСТ 10178-85 портланцементінде және шлакопортланцемент қолданылады.

  5. Іргетас пен колонналардың жерге тиетін үстіңгі бөлігі битуммен боялады.

3.3. Қабырғалар

Қабырғалар ғимараттың қаңқасын құрайтын, тік қоршау міндетін атқаратын, сонымен қатар ішкі кеңістікті бөлмелерге бөлетін көтергіш конструкциялары болып саналады. Қабырғалар жоспарда орналасуы бойынша негізгі, сыртқы және ішкі болып келеді. Қабырға материалдарына байланысты кірпішті, ірі панельді, монолитті, табиғи тасты, бетонды болып бөлінеді.

Тұрғызу әдісі бойынша олар



  • құймалы,

  • өрілмелі,

  • құрастырмалы болып бөлінеді.

Қабырғалар келесі талаптарға жауап беру тиіс: берік және орнықты болуы; отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес келуі; ұзақ мерзімділігі; бөлмелерде тиісті температуралық-ылғалдық қалыпты сақтауды қамтамасыз етуі; жеткілікті дыбыс оқшаулағыштық қасиеттерінің болуы; жасалуында технологиялықтығы және индустриялдылығы; экономикалық; сәулеттік-көркемділігі.

Ғимараттың сыртқы қабырға қалыңдығы 380 мм кірпіштен, оның бетінде бу бөгеті, бу бөгетін 100 мм жылу оқшаулағыш қабатпен, ал сыртқы бөлігі металл конструкцияларымен қапталған. Негізгі қабырғадан бөлек ішкі бөлмелердің қабырғаларының қалындығы 120 мм кірпіштен жобаланған.


3.4. Қабатаралық және жабын жамылғылары

Жобаланатын ғимараттың барлық бөліктерінде қабатаралық және жабын жамылғылары монолитті плиталардан орындалған.

Плиталар сейсмикалық аймақтарға арналған 1.141.1-32с сериясы бойынша дайындалған.

Плита өлшемдері жабу аралығына байланысты төмендегідей өлшемде дайындалады: L=6510 ені 1490; L=6510 ені 1190;L=3240 ені 1490;L=3240 ені 1190; L=2890 ені 1190; L=2890 ені 1490; L=6390 ені 1490; L=6390 ені 1190, монолитты жамылғылардың қалыңдығы 220 мм етіп қабылданған.

3.5. Шатыр және суағар құрылымдары

Жобаланатын ғимараттың шатыры тегіс төбелі болып қарастырылғанøТегіс шатырлар дәстүрлі түрде оңтүстік өңірлерде қардың қалыңдығы биік емес жерлерде жиі кездеседі, бірақ солтүстік өңірлерде салуға тікелей тыйым салынбайды. Қыс мезгілінде жел күші мен жауын-шашын әсері айтарлықтай тегіс шатырларға әсер етпейді.

Тегіс төбелі шатыр бір жазықтық, оның көлбеуі 2-ден 15-20 ° дейін өзгеруі мүмкін (ең төменгі көлбеу су ағыны үшін қажет). Тұрғын үй құрылысы кезеңінде оның түрі таңдалады, ол пайдалану әдісімен анықталады:



  1. Пайдалануға жарамды. Бұл шатырдық қолдануға жарамды екендігін білдіреді. Шатыр ғимараттың ішінен шығатын кіреберіспен байланысады, және де шатырда демалыс аймағы, гүлзар, солярий, спорт алаңдары орналасады. Құрылым түсетін жоғарғы салмақты ескере отырып салынады.

  2. Пайдалануға жарамсыз. Тексеру немесе жөндеу үшін ғана қажетті.

Дәстүрлі тегіс шатырдың құрылысы еңіске қарамастан бірнеше қабаттан тұрады:

  1. Негізі. Әдетте негізіне плита немесе металлопрофильдік құрылым қолданылады.

  2. Пароизоляция. Ол тікелей негізге салынады және жоғарыда тұрған қабатты төменнен өтетін диффузды ылғалдан қорғайды. Қабат рулонды немесе битум материалдардан жасалады.

  3. Жылу оқшаулағыш. Жылытқыш ретінде бір немесе екі қабат минват немесе пенополистирол плитасы қолданылады.

  4. Гидроизоляция. Төменгі қабаттарды атмосфералық ылғалдан қорғайды. Бұл қабат үшін битум негізіндегі материалдарды пайдаланады: түрлі рулонды материалдар, сондай-ақ мастика немесе ПВХ-мембраналар.

  5. Сыртқы қабат. Сыртқы қабатқа заманауи гидрооқшаулағыш материалдардың маркалары таңдалады. Даналы материалдарды пайдалану ұсынылмайды – шағын еңіс және көптеген түйіспелер ағып кетудің жоғары қаупін тудырады.

Жобаланған ғимараттың шатырында қолданылатын қабаттар:

  1. Болат профильді төсеніш H57-750-0.8 по ГОСТ 24045-94

  2. Болат жүгіртпе

  3. Желдетілетін аймақ

  4. Цемент ерітіндісі М50 – 30 мм нығайтылған тор қабаты ø3 Вр1 өлшемі 100х100мм.

  5. Жылытқыш қабат – сазды қиыршық тас Ү=600кг/м3 – 300мм.

  6. Бу өткізгіш қабат – рубероид РКМ – 350 Б битумдық мастикада.

  7. Цемент ерітіндісі М50 – 5 мм.

  8. Монолит плитасы – 300 мм.

3.6. Едендер

Жобаланатын ғимараттың едендері бөлмелер мен бөліктердің функционалдық қолданыс бағытына қарай төмендегідей түрлерде жобаланған:


  • Спорттық еден;

  • Керамогранит;

  • Керамикалық плиткалар;

  • Паркет еден.

Жалпы барлық күту залдары, дәліз, хол, тамбур, баспалдақ торлары, қоймалардың едені керамограниттанжасалған. Керамограниттан жасалған еденнің тығыздығы жоғары, сондықтан шаң, кір және микроағзалар материалдың ішінде жиналмайды. Керамогранит блоктарының көптеген өлшемдері бар, бұл төсеу процесін жеңілдетеді.

Сұлулық салонының бөлмелерінде, санитарлық түйіндерде, жабдықтар қоймасында, асханада және оның қосалқы бөлмелерінде еден керамикалық плиткалардан орнатылған.

Барлық қалған қызметтік бөлмелерде және демалыс бөлмелерінде еден паркеттен тұрғызылған.

Жаттығу залдарында еден спорттық еденнен жасалған. Әмбебап спорттық едендер ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты жағдайын сақтай отырып, үздіксіз динамикалық жүктемелерге төзе алады - бұл спорт залдарының көпшілігінде қолданылады. Бұл еден жоғары технологиялы және берік болып табылады. Полиуретанды полимер еденнің негізі болып табылады және оған соққыға төзімділік, икемділік, төзімділік және шаң жиналмайды. Бұдан басқа, полимерлі спорттық қабат серпімді және ыстыққа төзімді, ол гигиеналық және практикалық тұрғыдан оңай тазаланады. Ол толығымен суға төзімді және судан оқшауландырады.


3.7. Есік

Есіктер ғимаратқа кіруге, бөлмеден бөлмеге қатынауға, өрт немесе апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға арналған. Олардың орналасуы, саны және өлшемдері бөлмелердегі адам санына, ғимарат түріне және арналасуына байланысты.

Жобаланатын ғимаратта негізінен жекеше тапсырыспен жасалатын есіктер орнату жоспарланған. Сыртқы есіктер әйнек, ал ішкі бөлме есіктері негізінен таза ағаштанорнатылады. Өлшемдері төменде 5 кестеде көрсетілген.

Кесте 5.


Ғимаратың сыртқы және ішкі есіктер ведомосі

Маркасы

Өлшемдері (Н*а)мм

Саны

Д-1

2100 (h)*1400

11

Д-2

2100(h)*1000

27

Д-3

2100(h)*700

2

3.8.Терезе

Терезелер ғимарат ішкі кеңістігіне жарық түсіру, сыртқы кеңістікпен байланыс, бөлмелерде ауа алмастыру және өрт пен апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығару үшін арналған.

Терезелер жеке терезе және көлемді панорама түріндегі формаларда жобаланған. Ғимараттың бойлық және бүйірлік фасадындағы терезелер үлкен көлемді панорама түрінде жобаланған.

Панорамалық терезелер көптеген артықшылықтарға ие:


  1. Үлкен көлемді терезелер, күндізгі жарыққа бөлмеге мүмкіндігінше енуге мүмкіндік береді. Бұл энергияны үнемдеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, табиғи жарық көздің денсаулығы үшін өте маңызды.

  2. Панорамалық терезе кез келген уақытта керемет көріністі байқауға мүмкіндік береді. Әдемі көрініс адамдардың көңіл-күйіне және көңіл-күйіне жағымды әсер етеді.

  3. Панорамалық терезелермен ғимараттың қасбеті заманауи көрінеді.

  4. Сыртқы әрлеу бағасы төмендейді.

  5. Панорамалық дизайн бөлменің көлемін визуалды түрде арттырады, өйткені ішкі және сыртқы кеңістіктегі шекара әйнектелген.

  6. Панорамалық тереземен жабдықталған ғимарат интерьерін қазіргі заманғы және әртүрлі етіп жасауға болады.

3.9. Баспалдақ

Ғимаратқа кіруге қабаттан қабатқа көтеріліп – түсуге, жер төлеге түсуге, шатыр кеңістігіне шығуға, өрт және апат болған кезде адамдарды қауіпсіз жерлерге жеткізу үшін әр түрлі баспалдақтар қолданылады. Тепкішекте баспалдақтар саны18-ден көп, 3-тен кем емес болуы тиіс.

Ғимарат 2 қабатты болғандықтан баспалдақ тепкішектерінің ені – 900мм кем болмауы тиіс. Жобада Д –Г осі және 5-6 осі бойынша темірбетон баспалдақ орнату қарастырылған.


3.10. Басқа құрылым түрлері

Колонналар

Колонналар негізінен ғимараттағы барлық жүктерді қабылдайтын және оны іргетасқа тарқататын басты элемент болып табылады. Колонналарды дайындауға В-15 класындағы бетон қолданылады. Колонналардың қимасы квадратты, ал өлшемдері 400х400 мм. Ұзындықтары қабырғаның биіктігіне сәйкес. Колонналар А-ІІІ арматурасынан дайындалған кеңістікті (көлемді) арматуралық қаңқалармен темірленген.

Колонналар қаңқаны құрайтын құрамдас элемент болғандықтан, көлденең орналасатын қары элементтерімен қатаң түрде байланысуы қажет.


3.11.Әрлеу жұмыстары

Қоғамдық ғимараттыңинтерьерін безендіру үшін сапалы және берік материалдарды қолдану тиімді.

Ғимараттың ішкі қабырғасы гигиеналық қасиеттерге ие болуы керек: жиі және тез тазалауға, құрғақ және ылғалды сүртуге, жууға және кейбір жағдайларда тез және жиі дезинфекцияға жарамды болуы керек.

Ғимараттың ішкі бөлмелері:



  • күту залы, зал, демалыс бөлмелері, баспалдақ торы, дәліз қабырғалары жақсартылған сылақпен сырланып сәндік тастар мен керамикалық плиталар қолданылады;

  • санитарлық бөлмелер мен асханаларда глазурлі плиталар таңдалынған;

  • Компьютер және конференц залдары шыны түсқағаздармен қапталады.

Шыны түсқағаздар бірқатар артықшылықтарға ие, соның ішінде:

  • экологиялық таза;

  • гигиена;

  • ауа өткізгіштігі;

  • өрт қауіпсіздігі;

  • бояу мүмкіндігі;

  • төзімділік;

  • ұзақ мерзімге жарамды.

Түсқағаздар отқа төзімді, осының арқасында олар қоғамдық ғимараттарда, сондай-ақ өрт кезінде адамдарды эвакуациялау үшін арнайы жабдықталған ғимараттарда қолданылады. Сонымен қатар, өрт кезінде тұсқағаз зиянды заттар шығармайды.

Сыртқы қабырғалары ақ сәндік кірпіш және термоағаш конструкциялармен қапталады.

Панель ақ түсті кірпіш өте танымал, мрамор тәріздес т. Бұл материал ғимараттың қасбеттерінің көрінісін тартымды ете түседі. Сырт кельбеті үлкейтілген масштабта суреті қарастырылған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет