Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет77/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
ÿстöл, 
Бараба, 
Тара-татар 
диалектілерінде:  ÿстöl,  Төлеуіт,  Алтай  тілдерінде:  остол  = 
орыстың «стол» сөзі. 
Қазақ-қырғыз  тілінде:  ыстолба,  Шор  диалектісінде:  остолба  = 
орыстың «столб» сөзі. 
Қазақ-қырғыз  тілінде:  ізбә,  Қуарық  диалектісінде:  ыспа,  Осман 
түріктері  тілінде:  ізба,  Алтай-төлеут  тілдерінде:  ызба  =  орыстың 
«изба» сөзі т.б. 
Ғалым  өмір  сүрген  дәуірде  орыс  тілінен  енген  сөздерден  гөрі, 
араб-парсы  тілдерінен  енген  сөздер  көптеп  байқалатыны  белгілі. 
В. Радловтың  суреттеуінше  кірме  сөздер  «іштей  тіл  жүйесін 
шірітуші»  элемент  ретінде  әрекет  ететін  халық  тіліне  қауіпті  жай 
болып  табылғанмен  де,  жалпы  түркілік  дыбыстардың  үндесу 
заңдылығының  күштілігінен  сыртқы  дыбыстық  өзгеріске  ұшырап, 
өздері  енген  тілдің  заңдылықтарына  бағынуға  мәжбүр  болады. 
Және де, сингармонизм заңдылығының мықтылығы арқасында ғана 
сол  кірме  сөздердің  түркі  тілін  жаулап  алу  процесі  кезінде  де 
қазақтың  тілі  «ислам  діні  әсер  етпей  қалыптасқан  тілдер» 
қатарында көріне алғаны белгілі. В.В. Радлов түркі тілдеріне енген 
кірме сөздерді келесі топтарға бөліп қарастырған: 
1)  моңғол тілінен енген сөздер, 
2)  орыс тілінен енген сөздер, 
3)  араб-парсы  тілдерінен  енген  сөздер  деп,  әр  топтағы  енген 
сөздерге  байланысты  мына  мәселені  аңғарады,  Моңғол  тілінен 
енген сөздер көбінесе фонетикалық жақтан өзгермей сол қалпында 
қолданылады.  Бұл  пікірмен,  біздіңше,  әбден  келісуге  болады, 
өйткені  арғы  тегі  бір  түркі-моңғол  бірлестігінен,  сонау  Алтай 
дәуірінде  бөлінген  екі  тілдің  фонетикалық  жүйесі  ұқсас  болуы 
себепті сөз ену барысында өзгерісті қажет етпесе керек. Өзгеріс тек 
дауыстылар  қолданысында  болуы  мүмкін.  Оны  біз  В.  Радлов 


119
 
еңбегінің  64  тарауында  ұсынылған  талдаулардан  байқауымызға 
болады.  Ал  орыс  сөзін  бейімдеуде  ғалым  пікірінше,  сөз  ішінде 
буынның алғашқысы, не кейінгісі басым буын қызметін атқарумен 
тығыз  байланысты  болса  керек.  Яғни,  егер  алғашқы  буын  өзінен 
кейінгі  буынға  әсер  етсе,  немесе  керісінше,  соңғы  буын  алдында 
тұрған  буынға  әсер  етсе,  өзіне  палатальдық  жақтан  бейімдеуші 
компонент  функциясын  атқарып  отырғандығы.  Сөз  өзгеруде 
екпінді буын дыбысы барлық басқа дыбыстардың палаталитетін, ал 
басқа  дыбыстар  лабиалитетін  айқындайтынын  да,  кейде  керісінше 
болып  келетіндігінде  ескертіп  кеткен  ғалымның  пікірімен  толық 
келісе отырып мысалдар арқылы ол тұжырымның дәлдігін көрсетіп 
өтсек.  
1)  Екпін  түскен  дыбыс  сөздің  палатальдығын  (жуан  не 
жіңішкелігін),  ал  екпінсіз  буын  лабиалдығын  (еріндік  пен  езулік 
болып  айтылуын)  айқындайтын  кірме  сөздер.  Мысалы:  волость  
болыс  (болұс),  дуга  -  доға,  майор  -  майыр,  генерал  -  жандарал, 
картечь - кәртеш, кошелек - көшөлөк, изба - ыйызба, купец – кәпәс, 
көпес, няня - нәне, огурец (диалектіде: үгүршүк, әгүршік), губерния 
[гүбірнө], газета - газет (гәзет), обьекті - [әбійекті]. 
2)  Екпін  түскен  буын  сөздің  лабиалдығын,  ал  екпінсіз  буын 
палатальдығын айқындап барып түрленген сөздер. Мысалы, мода 
моды  [модү],  восъмушка  (осьмушка)  -  әшмүшке,  номер  -  нөмір 
[нөмүр], носки — [нәскій], область - облыс [облұс]. т.б. 
Қорыта  айтқанда  түркі  тілдері,  оның  ішінде  қазақ  тілі  басқа 
тілден  енген  сөздерді  өз  ыңғайына  қарай  фонетикалық 
заңдылықтың  икеміне  келтіріп,  халықтың  артикуляциялық 
мүмкіндігіе бейімдей алатын үйлесімді де үйлестіруші де тіл болып 
табылады. 
Байқап  отырғанымыздай  В.  Радлов  заманында  түркі  тілдеріне 
енген  сөздердің  барлығы  да  тілдің  ішкі  заңдарына  бағынышты, 
үйлесімді  болып  келіп,  айтылуы  анағұрлым  жеңіл  болған. 
Ал бүгінгі  күні,  ғалым  көрсеткен  түрлену  принциптерінің  көбі 
ұмыт болып, жасанды түрде «ата заңның» мардымсыз хал-ахуалын 
туғызып отырмыз. 
Қорыта  айтқанда  қазіргі  қазақ  тілінде  де  қолданылатын  кірме 
сөздердің  басым  бөлегі  тілдің  ішкі  заңдылықтарына  бағынышты 
болып  келеді.  Ол,  әсіресе,  ауызекі  сөйлеу  тілде  айқын  көрінетіні 
белгілі.  Жазба  тілде  ішкі  заңдылықтарға  бағынбай  еш  өзгеріске 
ұшырамай  жазылып,  айтылып  жүрген  сөздер  де  баршылық.  Ол 


120
 
жайында  «А.  Байтұрсынұлы,  Х.  Досмұхамедұлы,  Н.  Төреқұлұлы, 
Қошке Кемеңгерұлы сияқты ардақты ағаларымыз сонау  20-сыншы 
(ХХ  ғасырдың  –  автор)  жылдардың  өзінде-ақ  білген  де,  көрген  де 
екен»  /56,112/.  Бұл  құбылыстың  қазақ  халқы  үшін  жат  екендігін 
айтқан  кейінгі  ғалымдар  да  тілдің  аса  құдіретті  заңының  іштей 
құлдырауына  соғуы  мүмкін  деген  қауіпті  білдіреді.  Осы  орайда 
«Ахмет  Байтұрсынұлы  алғашқылардың  бірі  болып:  «Жат  тілден 
енген  сөздерді  тіліміздің  ішкі  заңдылығына  бағындырмай  алудың 
түбі  күндердің  күнінде  қазақ  тілінің  қураған  бұтақтай  сынып 
түсуіне  әкеліп  соғады»  /57,38/  -  деп,  тілдің  болашағы  байланысты 
өзінің  алаңдаушылығын  білдірген  еді.  Осы  орайда  біз  тіл  маманы 
Б. Қалиевтың  «Шет  тілдерінен  енген  сөздерді  қазақ  қалай  айтса, 
қалай  дыбыстаса  оларды  солай  жазған  мақұл.  Яғни  шет  тілі 
сөздерін  қазақ  дыбыстарының  тіркесім  заңдылығына,  үндесім 
заңдылығына бағындырып, өзіміздің төл дыбыстарымызбен жазған 
жөн»  /56,62/  -  деген  пікірін  қолдаймыз.  Қазақ  орфографиясы 
морфологиялық  принципке  негізделген  деген  пікір  қатып  қалған 
қағида  болмауы  тиіс.  Егер  кірме  сөздерді  жазуда  біздер  дәстүрлі 
принципті  пайдаланып  жүрсек,  оған  қосымша  ХІХ  ғасырда,  1929-
1940 жылдар аралығында  қолданылған фонетикалық принципті де 
тым  болмағанда  кірме  сөздерге  қатысты  қолдану  мәселесін  еше 
аламыз  деп  ойлаймын.  Бұндай  әрекет  ету  тіл  тазалығын,  бөтен 
сөзбен ластанбауынан сақтайтынына сенімдіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет