Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Сыртқы білім стейкхолдерлерімен əрекеттесу



Pdf көрінісі
бет84/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93
Сыртқы білім стейкхолдерлерімен əрекеттесу. Еліміздегі білім беру 
жүйесін реформалау мен жедел дамыту жағдайы білім беру қызметінің нарықтағы 
бəсекеге қабілеттілігін енгізудің қажеттігімен бетпе бет келуде. Қазіргі уақытта 
басқару тəжірибесінде бсқарудың екі тұжырымдамасы қалыптасып отыр: 
тағайындалған басқару мен стейкхолдерлер тұрғысынан басқару. Бұл тұжырымдар 
басқару саласындағы əдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді: біріншіде 
басшылық тараптың мүдделерімен байланысты болса, екіншіде мүдделі топтардың 
(стейкхолдерлердің) 
қызығушылықтары 
қанағаттандырылады. 
Кəсіби 
қоғамдастықтағы көшбасшылық басқа мектептермен жүргізілген ынтымақтастық 
оларға пайда əкелетініне сенетін мектеп басшыларына байланысты. [33,50] 
«Мүдделі тараптар» ұғымы 1963 ж. Р. Стюарт, Н. Адлен, М. Дошер 
баяндамаларында «стейкхолдер» шотланд терминін «қандай да бір құндылықтың 


125
заңды иегері» мағынасында қолданған болатын. [51]
Стейкхолдерлер теориясы-
стейкхолдерлердің мүдделерімен ұйымның даму стратегияларын түсіндіретін жəне 
қалыптастыратын менеджмент теориясы. Осы тұрғыдан алғанда білім беру 
саласындағы стейкхолдерлер қауымдастық жұмысының мақсатына сай бірлескен 
жұмысты ұйымдастырады. Стейкхолдерлер 1980 ж. бастап кең таралды, олардың 
шығуы Э. Фрименнің «мүдделі тарап» концепциясының тууымен байланысты 
болды. Осылай стейхолдерлер компания жұмысында негіз алып, бүгінгі күні оның 
саласы кеңеюде. 
Стейкхолдер (ағылш. stákeholder), ұйымның немесе жүйенің жоспары 
жетістігіне мүдделі тарап деген сөз, яғни жүйенің қажеттіліктері мен күтілетін 
нəтижелерін қанағаттандыратын, сол жүйеге қатысты үлеске, құқыққа, талаптарға 
ие ұйым қызметіне мақсатты түрде ықпал ете алатын адам немесе ұйым, команда. 
Стейкхолдерлер- «мүдделі тараптар», «қатысушы тарап», «қызығушылық 
танытушы жақ», «ықпал етуші топ», «қызығушылық танытатын топ», «мақсатты 
аудитория» ұғымдарына синонимдес ұғым. Стейкхолдерлер тұжырымдамасы 
негізінде білім беру мекемелерін басқару үрдісі мынадай басқарушылық 
функциялардың 
орындалуын 
қарастырады: 
жоспарлау, 
ұйымдастыру, 
ынталандыру, реттеу, бақылау. Стейкхолдер-менеджмент мына кезеңдер арқылы 
жүзеге асады: 
1 кезең – стейкхолдерлер тобын анықтау. Олар мектеп жүйесіндегі 
əлеуметтік серіктестікке мүдделі жақтар, яғни сыртқы білім стейкхолдерлері: 
жергілікті басқару органдары, білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары, орта 
кəсіптік техникалық білім беру ұйымдары жəне жоғары сұранысты талап ететін 
мемлекет, қоғамдық ұйымдар,білім беру мəселелерімен ақпараттандыратын 
мерзімді баспасөз, еңбекпен қамту агентіктері, қамқоршылық кеңес.(сызба 1.) Ішкі 
стекхолдерлерге: оқушылар жəне олардың ата-аналары, педагог қызметкерлер, 
білім беру ұйымының əкімшілік аппараты мектеп түлектері жатады. 
Стейхолдерлермен жұмыс маңызды орынға ие, себебі олардың қоғамдық пікірді 
қалыптастырады, сол арқылы білім беру ұйымының қоғамдағы беделі мен орны 
айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет