Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет311/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   341
А.М.Тулеуова

1

, Б.А. Шканова

2

  

1

аға  оқытушы,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  магистрі,  Батыс  Қазақстан  инновациялық-



технологиялық университеті, Орал қ., Қазақстан, e-mail: tam83_83@mail.ru  

филология ғылымдары кандидаты, доцент, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық 



университеті, Орал қ., Қазақстан 

 

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 

 

Мақалада  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі,  оқыту  әдістемесі  мәселелері,  жоғары 

мектепте  мемлекеттік  тілді  оқытудың  қолданыстағы  тиімді  әдіс-тәсілдері,  қысқаша 

сипаттамасы  қарастырылады.  Жоғары  және  (немесе)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

беру  ұйымдары  үшін    "Қазақ  тілі"  жалпы  білім  беру  пәнінің  үлгілік  оқу  бағдарламасы, 

бағдарлама мақсаты, онда аталған пәнді оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері беріліп, 

олардың  ұйымдастырылуы  мен  сипаттамасы,  күтілетін  нәтижесі  туралы  талданады. 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

397 



 

Мақаланы жазу барысында тақырып бойынша ғалымдар мен педагог мамандар  еңбектері, 

тақырып  бойынша  дереккөздер  қолданылды.  Мәліметтерді  жинақтау  шолу,  жүйелеу, 

саралау, талдау, жалпылау, теорияландыру әдістеріне негізделді.  

Түйін  сөздер:  оқыту  әдістемесі,  әдіс-тәсілдер,  функционалдық  сауаттылық, 

құзыреттілік, үлгілік оқу бағдарламасы. 

 

КІРІСПЕ 



 

Оқу үдерісінің сапалы және нәтижелі жүруі оқытушы білігі және тәжірибесімен қатар 

оқыту  әдістері  мен  әдістемесіне  байланысты.  Оқу  әдістері  тарихи  категория  болып 

табылады. Өндіріс күштерінің, өндірістік қатынастар деңгейі және сипаты оқыту үдерісінің 

мақсаттарына,  мазмұнына,  ұйымдастырылу  жолдарына  өз  ықпалын  тигізеді,  олардың 

ауысуымен  оқу әдістері  де  өзгеріске  келеді.  Оқытудың  басты  мақсаты,  әдіс  тәсілдері, 

мазмұны  мен  міндеттері  қоғам  талабынан  туындап,  ұдайы  өсіп,  жаңарып  отырады. 

Сондықтан,  «...Қазіргі  әлемде  жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып  қалғалы 

қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде 

жұмыс  жасау  машығын  меңгеруге  дайын  болуға  тиіс.  Сондай-ақ  балаларымыздың,  жалпы 

барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет. 

Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.» [1].  

Адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене 

араласуы,  яғни  заман  ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,    тұлғаның  мамандығына, 

жасына  қарамай  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруын,  қоғам  құндылықтарына  сәйкес  әрекет 

етіп, ондағы мүдделерге сәйкес әрекет етуін қамтитын «функционалдық сауаттылық» ұғымы 

алғаш  рет  ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болды,  кейіннен  зерттеушілердің  қолдануына 

енді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық 

технологиялардың  тілін  біліп,  кез  келген  әлеуметтік  ортаға  бейімделеді.  Осы  тұрғыда 

функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдап, қоғамдық ортада өмір сүре 

білетін,  тіл  табыса  білетін,  белгілі  бір  сапалық  қасиеттері  бар,  жалпы  негізгі  және  пәндік 

құзыреттіліктерді  меңгерген  адам  саналады  [2].  Ұлттық  жоспарда  осы  функционалдық 

сауаттылықты  дамытудың  төрт  негізгі  тетігі  берілген.  Соның  бірінші  тетігі  –  оқыту 

методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен 

біліктілігін  арттыру,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу  және  тағы  басқа  салаларда 

ілгерілеушілік байқалады. 

Сапалы  білім  беру  мақсатында  тиімді  әдіс-тәсілдерді  ізденіспен  пайдалану-  оқытушы 

алдына  қойылып  отырған  уақыт  талабы.  Ю.К.Бабанский:  «Сапаны  арттыру-  нақты 

жағдайдағы  кез  келген шешімнің  ең  тиімді  нұсқасын  таңдау»  -  деп  атаған  болатын.  Оқыту 

әдістемесі және тіл үйрету ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты 

жоғарғы деңгейде игеретін және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап 

етуде.  


 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

Осы  жұмыста  «Жоғары  және  (немесе)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 



ұйымдары  үшін  жалпы  білім  беру  пәндері  циклінің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы 

№ 603 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

ұйымдары  үшін  "Қазақ  тілі"  жалпы  білім  беру  пәнінің  үлгілік  оқу  бағдарламасы,  ондағы 

берілген  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  әдістеріне  шолу  жасап,  ұйымдастырылуы  мен  сипатын 

талқылағымыз  келеді.  Бұл  үлгілік  бағдарламада    қазақ  тілінде  A1  –  қарапайым  деңгей 

бойынша  қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқитын  білім  алушыларға  және  A2,  B1,  B2,  C1 

біліктілік  деңгейіне  сәйкес  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрлері  бойынша  коммуникативтік 

құзыреттілікті  қалыптастыру  арқылы  әлеуметтік,  мәдениетаралық,  кәсіби  және  қарым-



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

398 



 

қатынас  құралы  ретінде  қазақ  ұлттық  мәдениеті  тұрғысынан  қазақ  тілін  сапалы  меңгеруді 

қамтамасыз  ету  болып  саналатын  мақсаты,  бағдарлама  жалпы  білім  беретін  "Қазақ  тілі" 

пәнін жаңартылған мазмұнда оқып үйренуге және рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы 

шеңберінде  студенттердің  әлеуметтік-гуманитарлық  дүниетанымын  қалыптастыруға 

бағытталғандығы нақты берілген және оны оқытуда қолданылатын келесі оқыту әдістері мен 

технологиялары көрсетілген: 1) студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын 

оқыту  әдісі,  ол  студенттердің  де  оқыту  үдерісіне  рефлексивті  көзқарасына  негізделеді;  2) 

құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған  оқыту;  3)  коммуникативті  сөйлеу  әрекетін 

меңгеру;  4)  мәтіннің  мағынасын  когнитивті  модельдеу  және  оның  мәнмәтіндегі  қызметі 

негізінде түсіну, талдау; 5) тілдік қарым-қатынасқа конверсациялық талдау жасау; 6) сөйлеу 

барысында  сөйлеушінің  мақсатын  анықтау  және  прагматикалық  талдау  жасау;   7) 

коммуникативтік  ықпал  жасауға  бағытталған  ниеттерді  қатыстыра  отырып  түрлі  қарым-

қатынас  салаларына  байланысты  мәтіндер  құрастыру;    8)  әртүрлі  форматтағы  рөлдік 

ойындар  және  оқу  пікірталастары;  9)  кейс-стади  (нақты  жағдаяттарды  сараптау);   10) 

жобалау әдісі [3]. 

Студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, рефлексивті 

оқыту – оқытушылардың проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе 

отырып 

шешу 


әдістеріне 

тоқталатын 

болсақ, 

рефлексивтік 

оқытудың 

дағдылары: проблемаларды 

мойындап, 

оларды 


шешудің 

тиімді 


құралдарын 

іздеу;   басымдықты  белгілеудің  маңыздылығын  және  міндеттерді  шешуде  олардың  басым 

мәнін  түсіну;   тиісті  ақпаратты  жинақтау  мен  сұрыптау;  нақты  және  түсінікті  сипаттама 

беру;   жорамал мен құндылықтарды мойындау; шешім қабылдау, дәлелдемелерді бағалауға 

нәтижелерді өз бетінше түсіндіру; қорытындылар мен жалпылаулар жасау; тұжырымдар мен 

жалпылауларды қуаттау; алынған тәжірибемен негізінде ұстаным модельдерін түзету болып 

табылады. 

2)  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған білім 

алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау»  [4,  24],  –  делінген.  Білім  берудің  жаһандану  жағдайы 

маман құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың дара тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп 

отыр.  Құзыреттілікке  негіз  болатын  өздігінен  білім  алуға  және  ақпараттық  ресурстарды 

пайдалануға  дайындығы  болып  табылатын  ақпараттық  құзыреттілік,  тіл  арқылы  өндірістік, 

мәдени  өмірдің  сан  алуан  міндеттерін  шешу,  қарым-қатынас  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін 

сөйлей  білуді  қамтитын  коммуникативті  құзіреттілік,  ұлттық  сипаты  бар  деп  танылатын 

танымдық,  этика-эстетикалық,  рухани  және  тұрмыстық  қатынастар  мен  олардың 

заңдылықтарын  тілдік  құрал  арқылы  зерттейтін  тіл  білімінің  бір  бағыты  болып  табылатын 

лингвомәдениеттік  құзіреттілік  жатады.  Ал  мәдениеттанымдылық  құзыреттілік  дегеніміз  – 

қоғамның  дамуына  үлес  қосатын,  әлемдік  өркениетке  көтерілетін  білімді  де  мәдениетті, 

парасатты,  ұлттық  және  әлемдік  әдебиеттердің  құндылықтарын  игерген  тұлғаның 

қалыптасуы.  

Тіл  үйретудің  тіл  үйренушіде  үйретіліп  отырған  тілде  сөйлеуші  халықтың  шындық 

өмірді  қабылдауы  жөнінде  тілдік  сана  қалыптастыру,    тілін  үйретіп  отырған  ұлттың  тілдік 

қарым-қатынас  мәдениетін  меңгерту,  дағдыға  айналдыру,  үйретіліп  отырған  тілді  қарым-

қатынас  құралдарын  сөйлеуде  дұрыс  қолдана  білуге  үйрету  болып  табылатын  лингво-

әдістемелік міндеттері бар. Қазақ тілін лингвомәдени бағытта үйретуші оқытушының қазақ 

тілінде  тілдік  сана  қалыптастыру  жөнінде,  қазақ  мәдениетінің  негізгі  бағыттары,  қазақ 

этномәдениетінің ерекшеліктері туралы, мәдениетаралық қарым-қатынас негіздерін меңгеруі 

мәселелер  жөнінде  түсінігі  болуы  керек.  Қазақ  тілін  терең  меңгерту  үшін  білім  алушыда 

дүниенің  этномәдени  бейнесі  жөніндегі  түсінігі,  тілдік  сана,  қазақ  халқының  өмір  сүру 

салты,  әдет-ғұрпы  жөніндегі  түсінігі  қалыптасуы  керек,  себебі  сөзде  халықтың  мыңдаған 

жылдар бойы сақталған рухани қазынасы қарапайым адамның санасына бекіп, сол халықтың 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

399 



 

өзіне  тән  мінез-құлқын,  философиясын,  өмірлік  қағидаларын  айқындайды.  «Қоғамдық  сана 

мен  жаңа  бағыттағы  зерттеулер  деңгейі  контексінде  ұлттық  болмысын  дәлелдейтін  күшті 

құрал ұлттық тіл екенін сезіну зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша келу талабын  қойып 

отыр:  атап  айтқанда,  ұлттық  тіл  ерекшелігінің  сырын,  табиғатын  сол  тілде   сөйлеуші  ұлт 

өкілінің  рухани,  психологиялық,  әлеуметтік,  т.б.  сипаттарымен  біртұтастыққа  зерттеу»  деп 

атап  көрсетеді  профессор  Ж.А.  Манкеева  [5].  Осы  тұрғыдан  аталған  бағдарлама  міндеті 

болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, 

әлемдік  деңгейдегі  білімді  меңгеруде  тілдің  дәнекер  болып  табылатындығын  ұғындыру, 

еліміздің  дамуы  жолында  еңбек  ететін  маманның  мемлекеттік  тілді  жетік  меңгеріп,  ұлттық 

жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын 

кеңейту түрінде айқындалған.   

3)  ЖОО  студенттеріне  қазақ  тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  үйрету  көптеген 

міндеттер  мен  мақсаттарды  қажет  етеді:  халықаралық  стандарт  деңгейінде  білім  беру; 

студенттерге  қазақ  тілін  өзінің  ана  тілі  мен  тарихын,  мәдениеті  арқылы  меңгерту;  

коммуникациялық  қарым-қатынсаты  еркін  жүзеге  асыру;  көптілді  меңгеру  арқылы  қоғамда 

өз  орнын  табуға  жетелеу;  өзін-өзі  үнемі  жетілдіріп  отыруға  үйрету.  Берілген  міндеттерді 

жүзеге асыру арқылы көптілді тұлға тәрбиелеу  барысында қазақ тілінің доминанттық  рөлін 

іске  асыра  отырып,  тілді  меңгертудің  тиімді  әдістемесі  мен  жұмыс  жүргізу  оқытушыға 

жауапты  міндеттерді  жүктейді.  Тілді  коммуникативтік  тұрғыдан  үйрету  педагогикалық 

үдерістің жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз етеді [6].  

Кoммуникaтивтік  oқытудың  мaқсaты  -  оқу  тіліндегі  қатысымды  пікір  aлысу  aрқылы 

үйрeту, білім алушылардың өз oйлaрын, ниеттерін, қажеттіліктерін eркін жeткізуі мeн өзaрa 

коммуникативтік  қатынасқа  түсіп,  сөйлeуді  дaмытуы.    Бұл  бағыттағы  oқытудa  білім  бeру  

білім  алушының  өзін  aуызшa  (тыңдaп  түсіну,  сөйлeу)  жәнe  кoммуникaцияғa  (oқу  жәнe 

жaзбaшa)  тaрту,  яғни  oқылып  жaтқaн  тілдe  бүкіл  курс  бoйыншa  қaрым  –  қaтынaсын 

қaлыптaстыру  болып  табылады.  Шынайы  өмір  (амандасу,  қоштасу  түрлері,  мерекемен 

құттықтау,  тілек  айту,  қоғамдық  орындарда  коммуникацияға  қатысу:  дүкенде,  сауда 

орталықтары,  емханада,  дәріханада,  дәмханада,  асханада,  театрда,  кітапханада,  мұражайда, 

әуежайда,  вокзалда,  халыққа  қызмет  көрсету  орталығында,  банкте  және  т.б.  өтілетін 

тақырыптарға қатысты) жағдаяттарына негізделген коммуникативті жаттығуларда ақпаратты 

табу  және  алмасу,  өзі  туралы  мәлімет  беру  және  басқа  мәдениет  туралы  үйрену  сияқты 

шынайы мақсаты болады, сондықтан білім алушылар тілдік білімді меңгерумен шектелмей, 

әлеуметтік ортаға түсуге де бейімделеді. 

4)  Сабақ  оқыту  барысында  өткізілетін  ең  күрделі  жұмыс  түрлерінің  бірі  –  мәтінмен 

жұмысты  ұтымды  ұйымдастыру  болып  табылады.  Мәтінмен  жұмыс  дегеніміз  –  сабақта 

өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады: дыбыстармен жұмыс;  сөздіктермен 

жұмыс;  сөздік  қорларын  жетілдіру;  тіл  дамыту;  ережемен  жұмыс;  белгілі  тақырыптар 

бойынша тірек сөздерін табу; ауызша сөйлей білуге дағдыландыру. 

Мәтінмен  жұмыс  істеу  мынадай  кезеңдерге  бөлінеді:  I.  Мәтінді  оқығанға  дейінгі 

жұмыс; II. Мәтінмен жұмыс кезеңі; III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.  

Мәтінмен  жұмыс  кезеңін  төмендегіше  ұйымдастыруға  болады:  оқыған  мәтіннің 

мазмұнын  әңгімелету,  мәтін  бойынша  сұрақтарға  жауап  бере  білу,  жоспар  жасату,  мәтінді 

бірнеше бөлімге бөліп, оларға ат қойғызу, мәтіннің негізгі мазмұнын ашу үшін қолданылып 

тұрған  жанама  ойлар  мен  суреттеулерді  таптыру,  қорытынды  жасауға  үйрету.  Мәтін 

мағынасын  толық  түсіну  дегеніміз  –  мәтіннің  мазмұнын  түсіну  үшін  оның  ішіндегі  жеке 

сөздерді  түсінуі  керек.  Сондықтан  мәтіннің  мазмұнын  ашатын  жеке  тірек  сөздерді  дұрыс 

тауып, қолдана білу дағдыларын қалыптастыру қажет.  

5)  консервациялық  талдау  әдісі  -  әңгімелесуді,  пікір  алмасуды  талдау  әдісі.  Бұл  әдіс 

адамдардың  қарапайым,  жасанды  ойластырылмаған,  шынайы,  табиғи  қарым-қатынастары 

жағдайындағы  кеңінен  тараған  пайымдаулары  мен  ой-пікірлері  жайында  мағлұмат  жинау 

барысында  аса  өнімді.  Бұл  әдісте  белгілі  бір  берілген  тақырып,  мәселе  жайындағы 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

400 



 

қатысушылар  пікірлер  мен  пайымдаулар,  сұхбаттар  ұйымдастырылып,  олардың  сипаты, 

сыңайы туралы бақылаушы топтың  пікірлері, тұжырымдары қарастырылады.  

 

6)  Тілдің  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі  негізгі  қызметі  синтаксис  арқылы  жүзеге 



асады,  сондықтан  коммуникативті  синтаксис  сөйлемдерді  құрылымдық  тұрғыдан  емес, 

олардың мазмұны, семантикасы тұрғысынан зерттейді. Синтаксис ойлаумен, қарым-қатынас 

үдерісімен  және  сол  коммуникация  жүріп  жатқан  жағдаймен  тікелей  байланысты  болады. 

Синтаксистік  құрылымдардың  коммуникативтік  қызметі  әлем  тілдерінің  бәрінде  бірдей, 

демек,  ол  –  тілдің  әмбебап  бөлігі.  Сонымен  қатар  әр  тілде  синтаксистік  қатынас  берілуінің 

өзіндік ерекшеліктері де бар. Функционалдық синтаксис тілде түрлі өтініш, тілек, таң қалу, 

сүйсіну сияқты сезімдердің берілу амалдарын сипаттауға мүмкіндік береді.  

Функционалдық  синтаксис  байланыстыра  сөйлеудегі  синтаксистік  құралдардың 

қызметін  қарастыратындықтан,  түрлі  контекстегі,  яғни  сөйлеу  үдерісіндегі,  сөйлемдердің 

типтері де нақтылануы тиіс. 

Орыс тіл білімінде контекстегі сөйлем немесе қарым-қатынас бірлігі высказывание деп 

аталады.  Қазақша  ғылыми  айналымда  контекстегі  сөйлемдерді  атауда  бірізділік  жоқ,  олар 

айтылыс,  айтылым,  сөйлесім,  сөйленім,  сөйлемелік деп  түрліше  аталып  жүр.  К.Аханов 

эмоционалды-экспрессивті  қызмет  атқаратын  құрылымдарды  сөйлемдер  қатарына 

жатқызбайды және оларды айтылыс деп атайды [7]. Зерттеуші А.Елеуованың: «...Соған орай 

синтаксистегі  сөйлем  табиғатын  контекстік  және  жағдаяттық  тұрғыдан  қарастыратын 

зерттеулерде сөйлем-айтылымның  белгілі  бір  бөліктерінің  актуалданбай  түсіп  қалуы 

предикативтілік 

және 

контекстік-психологиялық 



сипаттағы 

коммуникативтілік 

категорияларынан  көрінеді»  [8],  –  деген  пікірі  тікелей  қарым-қатынаста  қолданылатын 

сөйлемдердің екі жағын анық аңғартады. 

Сөйлеу  тілінің  прагмалингвистикалық  аспектісін  зерттеген  З.Ерназарова  сөйлем  мен 

нақты коммуникацияда қолданылатын синтаксистік құрылымды ажыратады: «... Сөйлем мен 

сөйлесімнің ең басты айырмашылығы  — біреуінің сөйлеу актісінде пайда болатындығында. 

Сөйлемнің өзі арқылы аяқталған ой берілетін болса, сөйлесімде берілген ойдың түсініктілігі 

мен  мағына  толықтығы  сөйлеу  актілері  арасындағы  мағыналық  байланыс,  тақырып 

ортақтығы арқылы қалыптасады» [9], ал бұл - контекстегі сөйлем. 

Сөйлемнің  құрылуына  негіз  болатын  факторлар  әуелі  сөйлеушінің  мақсаты  болса, 

екіншіден  сол  мақсатқа  негізделген  коммуникативтік  талаптар.  Осы  тұрғыдан  алғанда 

актуализациялау  немесе  актуальды  мүшелеуде  коммуникативтік  талаптың  құрмалас 

сөйлемдегі  көрінісі  екендігі  анық.  Сөйлеушінің  сөйлеу  жағдаятында  не  ойды  жеткізу 

барысында  сөйлемді  құраушы  компоненттерді  әр  қилы  жолмен  актуализациялауы  оның 

мақсатымен  тікелей  байланысты. «Сөйлеуші  ойды  жеткізу  мақсатында  әр  түрлі  тәсілдерді 

қолданады.  Мұндай  тілдік  тәсілдердің  қатарына  сөйлем  мүшелерін  мақсатқа  сай 

орналастыру  және  оны  белгілі  бір  интонация,  сазбен  жеткізу  жатады.  Осыған  сәйкес 

сөйлемдерді  базистік  және  актуальданған  орын  тәртіпті,  айтылу  сазына  қарай  хабарлы, 

сұраулы, бұйрықты сөйлемдер деп бөлуге негіз бар» [10, 101]. «Тілдесудің мақсаты, мазмұны 

күрделенген  сайын,  сөйлеушілерге  қоятын  коммуникативтік  талаптар  да  күрделенеді. 

Сөйлеушілер адресатқа ықпал етуге, сөзін өткізуге тырысады немесе өзіне имидж тудыруға 

ұмтылады»  [11,  93].  Ғалымның  бұл  сөзі  біздің  жоғарыдағы  коммуникативтік  талап 

сөйлеушінің  мақсатымен  тікелей  байланысты деген  пікірді  растай  түседі.  Коммуникативтік 

талаптар сөйлемнің құрылымына да әсер етеді.  

Прагмалингвистиканың  әдіс  –тәсілдеріне  келетін  болсақ,  прагмалингвистика  бірнеше 

үрдістен тұрады: жағдаят, коммуниканттардың стратегиясы, коммуникативтік ниетін жүзеге 

асыру  үшін  тілдік  құралдарды  талдау  т.б.  Осы  жағдайлар  негізінде  прагматикалық  талдау 

мәліметтері бір ғана амалмен атқарылмайды, ол үшін бірізді іс-амалдар жүйесі қажет. Ондай 

қатаң  операциялар  жүйесі  қойылған  міндеттерді  шешуге  әкеледі.  Прагмалингвистиканың 

негізгі  әдіс-тәсілдеріне  алгоритм  жатады.  Алгоритм  дегеніміз  –  белгілі  бір  қойылған 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

401 



 

міндеттерді  шешуге  әкелетін,  қатаң  түрдегі  ережелерге  сай  жүргізілетін  бірізді  әрекеттер 

жиынтығы. 

7)  Мәтінді  зерттеуге  қызығушылық  өткен  ғасырдан  басталды.  Мәтін  талдау  жазбаша 

дереккөздерден  алынған  сөйлемдерге  талдау  жасаудан  басталды.  Мәтін  талдау 

теориясындағы  коммуникацияның  дискурсқа  қарағанда  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мәтін 

үрдіс  емес,  ол  жазбаша  түрде  сөйлеудің  нәтижесі.  Онда  тек  қана  хабар  бар  да,  адамдар 

арасындағы ақпарат алмасу жоқ. Мәтін авторы мәтінді қарым-қатынасқа түспей, оның мәтін 

мазмұнынына әсерін білмей-ақ орташа оқырманға бейімдейді. 

Мәтін  талдаудың  негізгі  мақсаттары:  1)  мәтін  типін,  түрін  анықтау;  2)  мәтіндердің 

құрылымын  зерттеу;  3)  мәтін  ішіндегі  байланыс  ерекшеліктерін  анықтау;  4)  мәтіннің 

семантикалық-прагматикалық ерекшеліктерін анықтау. 

8)  Компьютерлік  технология,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  жеке-

топтық,  ұжымдық оқыту  технологиясы,  жобалау  технологиясы,  «миға шабуыл»  әдісі,  ойын 

технологиясы,  кейс-стади  технологиясы,  портфолио  технологиясы  т.б.  технологиялардың 

барлығы   интерактивті  оқыту  технологиялары  жүйесін  құрайды.  Біліктілік  пен  дағдыларды 

жетілдіру  кезеңінде  көбінесе  топтық  ойындар,  сөйлесім  әрекетін  дамыту  кезеңінде  рөлдік 

ойындар,  тілдік  қатынасты  жетілдіру  кезеңінде  іскерлік  ойындар  мен  тренингтер 

ұйымдастырылады. Олар тілдік материалдарды белсендіруге құрылып, сөйлеу жаттығуларын 

шындық өмірге жақын имитация арқылы дамытады. 

Топтық  ойындар  арқылы  тіл  үйренушілердің  сабаққа  түгел  қатысуы  қамтамасыз 

етіліп,  белсенділіктері  арттырылып,  сөйлесім  дағдылары  қалыптастырылса,  жағдаяттық 

ойындар оқытуда оқу қатынасын ұйымдастыру көптеген жағдаяттарды шешуге бағытталған 

қатынас  түрінде  жүзеге  асады,  рөлдік  ойындар  оқушылардың  елестету,  қиялдау  қабілетін 

ұштауда  ерекше  қызмет  атқарады.  Рөлдік  ойындардың  мақсаты:  тілдік  қатынасқа  түсуге 

қажеттілік, қызығушылық тудыру; ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-

грамматикалық  дағдылар  қалыптастыру;  саналы  тәртіп,  еңбексүйгіштік,  белсенділікті 

дамыту,  өзара  көмек  беруге  тәрбиелеу;  тіл  үйренушінің  сөйлесім  әрекетін,  қатысымдық 

ниетін  жоспарлай  білуді  дамыту;  әрбір  тіл  үйренушінің  өзінің  және  басқалардың  сөйлесім 

әрекетін  бақылап,  бағалауы  арқылы  өз-өзіне  есеп  беруін,  рефлексиялық  қабілетін  дамыту. 

Рөлдерін  орындай  отырып,  тіл  үйренушінің  топтың  барлық  мүшелерімен  қарым-қатынасы 

өзгереді.  Сұхбат,  жағдаяттар  топ  мүшелерінің  іс-әрекетімен  байланысты  ұжымдық  мінез-

құлық пен тілдесімді қалыптастырады.   

 

9)  Кейс-технологиялардың  негізгі  ерекшеліктері:  Кейс  әдісі  нақты  жағдайлар 



тұрғысынан практикалық жағдайларды зерттеу;  болған жағдайларды баяндау; проблемамен 

танысу,  оны  шешудің  жолдарын  іздеу.  Кейс-технологияларға  жататын  әдістер:  жағдайды 

талдау  әдісі;  инцидент  әдісі;  рөлдік  ойындар әдісі;  іс  хабарды  талдау  әдісі;  ойындық  жоба; 

дискуссия әдісі. 

Ережеге  сәйкес  кейс  келесілерден  тұрады:  жағдайлар  –  кездейсоқ  жағдай,  түйінді 

мәселе,  шынайы  өмірден  оқиға;  жағдайдың  контексті  –  хронологиялық,  тарихи,  орын 

контексті  әрекеттердің  немесе  жағдайға  қатысушылардың  ерекшеліктері;  автор  ұсынған 

жағдайға  түсініктеме  беру;  кейспен  жұмыс  істеуге  арналған  сұрақтар  мен  тапсырмалар, 

қосымшалар. 

Кейсті  құрастыру  сатысы:1)  Білім  мақсаттары  жүйесінде  кейстің  орнын  анықтау;  2) 

Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу; 3) Жағдай моделін құру 

немесе  таңдау;  4)  Сипаттауды  құру;  5)  Қосымша  ақпараттарды  жинау;  6)  Ақырғы  мәтінді 

даярлау; 7) Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру. 

Кейспен  жұмыс  істеуді  ұйымдастырудың  нұсқалары  өте  көп,  бұл  білім  алушы 

шығармашылығы үшін мүмкіндік болып табылады. 

10)  Жобалау  технологиясының  тиімділігі  бүгінде  арта  түсуде.   Жобалау 

технологиясын  қолданудың  мақсаты  -  студенттердің  қызығушылығын  дамытып,  өз  бетімен 

жұмыс жүргізу арқылы білімін жетілдіру, ақпараттық іздеу, талдау, жинақтай білу қабілетін 

қалыптастыру  және  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетін  кеңейту.  Жобалау  технологиясында 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

402 



 

студенттер  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  шығармашылық  жұмыстар  дайындайды. 

Студенттердің  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  оны  жоспарлау  қажет.    Жобалау 

әдісінің  көмегімен  танымдық  дағдылары  дамиды,  ақпарат  іздеу,  табу,  қорыту,  бағалау, 

тұжырымдау қабілеттері кеңейтіледі, сыни және шығармашылық ойлауы дамиды. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Қазақ  тілін  оқыту  барысында  сабақта  түрлі  технологияларды  ұтымды  қолданып, 

студенттердің  қызығушылығы  мен  ынтасын,  белсенділігін  арттырып,  шығармашылықпен 

жұмыс  жасауына  мүмкіндік  туғызу  отыру  қажет.  Оқыту  кезең  бойынша  ұйымдастыру,  сол 

арқылы  әрбір  кезеңде  оқытудың  мазмұнын,  формасын,  әдістерін  және  құралдарын 

сәйкестендіріп  таңдап  алуды,  болатын  нәтижелерді  кезең  бойынша  айқындауды  есепке  алу 

негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету 

тиіс.  Жаңа  технологиялар  дәуірі  студенттерге  қазақ  тілін  оқытудың  әдістемелік  жүйесінің 

мазмұны  айқындалып,  соңғы  ғылыми  жаңалықтар  негізінде  толықтырылады,  білім  берудің 

парадигмалары негізіндегі оқытудың мәні айқындалып, ұстанымдары нақтыланады.  Жаңаша 

жаңғыртып  оқыту,  интерактив  әдістер,  жаңа  технологиялар  тіл  үйренушінің  танымдық, 

білімдік  белсенділігін,  уәждемесін  тудыруға  бағытталған.  Қазақ  тілін  оқытуда  бұл  әдістер 

арқылы елеулі нәтижелерге жетуге болады. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1 Қазақстан Республикасының Президенті  – елбасы Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан 

халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. 

2  Г.М.Тажиметова  Функционалдық  сауаттылық  –  сапалы  білім  берудің  кепілі 

/https://bilimger.kz/author/jaicom/ 

3  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  31 

қазандағы № 603 бұйрығына 1-қосымша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі 

білім беру ұйымдары үшін "Қазақ тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 

/ИС «ИПГО». Копия электронного документа. Дата  05.11.2018./ http://adilet.zan.kz/ 

4  Қазақстан  Республикасындағы  Білім  туралы  заңнама.  Заң  актілерінің  жиынтығы.  – 

Алматы: ЮРИСТ, 2012. – 264 б. 

5 Ж.А. Манкеева. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. А., 2008. 

6 Нуржанова К. К., Тусипбекова Э. К., Оспанова Г. Е., Оспангалиева М. Т. Көптілді топ 

студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін кәсіби қазақ тілі арқылы дамыту // Молодой 

ученый.  –  2017.  –  №16.1.  –  С.  35-37.  –  URL  https://moluch.ru/archive/150/42699/  (дата 

обращения: 23.01.2019).  

7 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Ана тілі, 2002. – 664 б. 

8  Елеуова  А. Қазақ  тіліндегі  актуалсыздану  құбылысы  және  оның  сөйлем 

құрылымында алатын орны: Филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2007. 

9 Ерназарова З. Сөйлеу тілінің прагмалингвистикалық аспектісі.  – Алматы, 2001. – 98-

б. 


10  Ермекова  Т.Н.  Компоненттер  құрылысының  құрмалас  сөйлемнің  семантика-

грамматикалық сипатына қатысы. Филол. ғыл. док... дисс. қолжазбасы. – Алматы, 2007. 

11 Әмір Р. Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесі».  – Алматы: Қазақ университеті, 

2014. – 110 б. 

 

А.М. Тулеуова



1

, Б.А. Шканова





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет