салынатын ұлтарақ Негізгі ұлтарақтың пішініне сәйкес келетін аяқ киімнің бөлшегі. Аяқ киімнің эстетикалық, қолайлылық және гигие-
налық сипаттарын жақсарту үшін қызмет етеді. Табанның төменгі қабатымен жанасатын аса жұмсақ былғарының қаба-
тынан тұрады.
негізгі – қондырма ұлтарақ Аяқ киімнің үсті мен асты жабыстырылатын, табанның барлық үстіңгі қабатының астында орналасқан аяқ киімнің
астының бөлшегі. Аяқ киімді пайдалану барысында ұлтарақ көптеген майысу және қысылуға ұшырайды, салынбалы ұл-
тарақ болмаған жағдайда – терлетуге, табан жағына қажауға ұшырайды. Ұлтарақ дайындау үшін қолданылатын матери-
алдар осы әсерлерге төзімді болуы тиіс, терді жақсы сіңіруі, шегелерді, жіптерді мықты ұстауы тиіс. Аяқ киімде былғары
(дара немесе екі қабаттан жабыстырылған), аралас (былғары қабатынан және жасанды ұлтарақ материалынан немесе
арнайы қатты қағаздан) ұлтарақтар қолданылады.
Төсеме Аяқ киімнің үстіңгі жағын қалыпқа тарту барысында пайда болатын қуыстарды толтыру үшін қызмет етеді.
супинатор Көтергіш ұлтарақ ішіне бекітілетін аяқ киім бөлшегі. Ағаштан (көптен қолданылмайды) немесе болаттан жасалған
серіппеден (10x1,5 см немесе одан жоғары) тұрады. Өкше ортасынан алқымға дейін орналасады. Тұрақты тірек береді
және өкшенің майысуына жол бермейді.
Өкше Табанның өкшелік бөлігін белгілі бір биіктікке көтеруге арналған аяқ киімнің астыңғы жағының жауапты бөлшегі.
Жоғары жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді, жүру барысында соққыларды ұстайды, бастапқыда аяқты үзеңгіде
бекітуге арналған.