Өндіріс жоспары. Өсіру технологиясы. Жерді егіналды дайындау. Жерді өңдеудің үздік тәсілі – жерді аудармай тереңдетілген жырту. Бұл топырақтың тереңдетіліп қопсуын, арамшөп-
тердің кесілуін және жойылуын қамтамасыз етеді, ертекөктемдік мерзімдерде егу барысында шаңды дауылдардан
өсімдіктің жақсы сақталуына көмектеседі. Жерді егіналды өңдеу келесі агротәсілдерден тұрады: көктемде егін алқабына
шыққанда топырақ ылғалдылығын сақтау үшін екі ізді тырмалауды жүргізеді. Егу алдында және одан кейін катокпен
жүріп өтеді. Көпжылдық шөптерді астықты-екпе немесе қарапайым астық сепкілерімен егеді.