Көшетті отырғызу кезеңдері. 1. Топырақты қопсыту;
2. Көшетті аз ғана тереңдету;
3. Раушанды суару;
4. Егу нүктесі екі сантиметрге жоғары болуы үшін раушанды топырақпен көму.
Өсімдікке күтімді ұйымдастыру. Дені сау өсімдіктің өсуін қамтамасыз ету үшін кәріздеу ұйымдастырылады. Кәріздеу жүйесі жабық болуы тиіс, тиісін-
ше, құбырларды белгілі бір арақашықтықта салу керек (олардың арақашықтығы 5 метрден аспауы тиіс, тереңдігі 1 метр).
Сонымен қатар, гүлдер күн, дәлірек, күн сәулесі өсімдіктің жапырақ бөлігіне түскенін ұнатады.
Сонымен бірге, голланд раушанына уақытылы күш беру керек. Ол былай жасалады — бірінші түйнектер пайда болған-
да, ең бірінші түйнекті бүгеміз. Нәтижесінде, өсімдік нығайтылады, себебі оның бүкіл күші тамырларына шоғырланады.