«Жас математиктер» математика пәні үйірмесі Үйірме жетекшісі: Дүзелбаев Ж



бет1/5
Дата17.02.2023
өлшемі28,3 Kb.
#68782
  1   2   3   4   5
Байланысты:
«Жас математиктер» математика п ні йірмесі йірме жетекшісі Д


«Бекітемін»
«№44 орта мектеп» КММ директоры
____________
«___»________2021ж.
«Жас математиктер»
математика пәні үйірмесі
Үйірме жетекшісі: Дүзелбаев Ж

Математика пәні бойынша жүргізілетін «Жас математиктер» үйірмесінің жоспары.


Алғы сөз

Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен жеке басымен және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор. Көпшілік оқушылардың үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығу-шылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастыра білсе, оның білім берерлік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол жұмыстар оқушылардың практикалық дағдысын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады. Сондықтан дарынды оқушылармен үйірме жұмысын жүйелі жүргізіп отырған жөн. Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарын да жандырады. Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қызықты есептерге, сиқырлы квадраттар, оларды шешуге және шырпымен құрастырылған есептерді шығаруға, танымдық есептерге, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс. Үйірме оқушылардың математиканы қызыға оқуына , терең тиянақты білім алуына, ғылымның келелі мәселелерін пайымдауға жол ашады.




Үйірме жұмысының мақсаты:

Дарынды, қабілетті, ынталы оқушылардың арасында математикалық ойдың дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, математикаға бейімі, қызығушылығы бар оқушылардың практикалық дағдысын дамыту, шығармашылық қабілеттерін тереңдету, ғылым жолына бағыт-бағдар беру.




Міндеті:
1.Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
2.Математикадан және информатикадан қосымша білім беру.
3.Олимпиадалық есептерді шығаруда әдіс-тәсілдерін меңгерту.
4.Ақпарат көздерімен: ғылыми әдебиеттермен, интернеттен ақпарат іздеу жұмыстарын жүргізуге үйрету.
5.Шығармашылық, ғылыми-ізденушілік жұмыстарына баулу.
6.Кәсіптік мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет