Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет61/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   125
Қызыл жебе 
Офицер көк мәуіт шинель жеңінің қайырмасына қыстырылған, 
сүргіштеп тастаған сұр пакетті оязға ұсына берді. Ояз пенснесін 
киіп,  пакетті  ашқанда,  керегенің  астында  күн  көрмей  өскен 
шөптей  арық  боп-боз  саусақтары  дірілдегендей  болды.  Мұны 
бағып  отырған  болыстар  состиысып  бір-біріне  қарады.  Тіпті 
Тұқымбай  да  өз  уайымын  ұмытып  кеткендей,  өзінен  бұрын 
сақалы  ербиіп,  алға  ұмсына  түсіп,  үнсіз  қалған.
–  Вот  дьявол!  –  ояз  хром  етігінің  қонышын  қолымен  сарт 
еткізіп. – Адам емес, бұл нағыз дию. Әлгі пристав қайда? Шақыр 
тез! Мырзалар, – одан соң отырған қауымға қарап. – Біз өзі келеді 
деп  тосып  отырған  Рысқұл  Жылқыайдаров  уже  губернаторға 
арыз  айтып  та  үлгіріпті.  Түрмеге  өз  еркімен  барып  түсіпті. 
Сіздің қолыңызда тұтқында отырған баласын Верный облыстық 
түрмесіне,  өзінің  қасына  алдыруға  рұқсат  бергізіпті.  Міне, 
бұйрық.  Баланы  тез  Верныйға  жеткізу  керек.
–  Сонда  қалай,  мырза?  Менің  ағамды  атып  тастап, 
ешқайсысының шекесі де қанамай құтылып жүре бермек пе? – 
деп  Анарбай  туысқанының  намысын  жыртқан  болды.
–  Ешкім  де  құтылған  жоқ.  Өкіметтің  түрмесінде  отыр.  Заң 
бойынша  жазасын  алады.  Сот  шешеді.
–  Сонда қай сот шешеді? Жай сот па, әскери сот па? – деп 
қалды Жайылма болысы Нарсұлтан. Басқа болыстар бұл сұрақтың 
мәніне  түсініңкіремеді.  Бірақ  сыр  бермеді.  Нарсұлтанның 
өздерінен өресі биіктеу екенін іштей мойындасты. Жай сот пен 
әскери  соттың  айырмасын  біле  алмай  дал.
Бұл арасы ояздың өзіне де беймәлім болып шықты.
–  Мырзалар,  мен  аттанайын.  Бұл  сұрақты  Верныйға  бара 
шешерміз. Қылмыс өте ауыр. Әділ сот өз шешімін айтады, – деді 
ояз.
Нарсұлтан болыс алдыға ұмсына түсіп, қол көтерді.
–  Жоғары  мәртебелі  мырза,  Сіз  әрине,  біз  пақырдан 
әлденеше  есе  артық  білесіз.  Ал  біз,  сіздің  қызметшілеріңіздің 
пайымдауынша, бұл жай өлім емес. Қылмыс – жай қылмыс емес. 
Мұның салдары қиын болып тұр. Егерім, осыдан Рысқұл ең ауыр 
жаза алмаса, мына бізге де қиын. Неге дейсіз ғой. Бұл өте зиянды 
үлгі. Ертең бізді де пытырлатып атып тастамасына біз кепілдік 


123
Қызыл жебе
бере алмаймыз. Біз өкімет адамымыз. Біздің де жауларымыз бар. 
Бұзықтар  әр  елден  табылады.  Ал  олар  ауыздықталып,  тыйым 
салынбаса,  алдындағы  үлгісі  Рысқұлдың  әрекетін  қайталап, 
қауым  бүлінеді.  Ал  бүлінген  жерді  бүтіндеу  қиын  екенін  сіз 
бізден гөрі жақсы білесіз. Сондықтан мен мына отырған қырық 
болыстың атынан, бұлар мені қолдайды деп сенемін, Рысқұлды 
әскери  сотқа  беріп,  ең  ауыр  жаза  қолдануын  тілер  едік.  Осы 
өтінішімізді  ескерсеңіз.
Басқалардың  санасына  «әскери  соттың»  мәнісі  енді  жетіп, 
бәрі  де  қойша  маңырап  қоя  берді.
–  Дұрыс айтады!
–  Біздің де талабымыз сол!
–  Өлім жазасына кесілсін!
–  Басқа бұзықтардың жаны түршіксін!
–  Болысқа оқ ату деген бұрын-соңды болмаған сұмдық.
–  Тыйым салынсын!
«Болыс  тұрмақ,  Россияның  патшаларына  оқ  атылғанын  бұл 
топастар  білмейді-ау»,  –  деп  ішінен  күлді ояз.
–  Жә,  мырзалар,  бұл  талаптарыңыз  орынды.  Бірақ  орыс 
мақалы  айтқандай,  құр  сөзді  қағазға  тігіп  қоя  алмайсың. 
Сондықтан осы арыздарыңызды қағазға түсіріп, қолдарыңызды 
қойып,  мөрлеріңізді  басып  беріңіздер.  Кәне,  әлгі  тұтқын  бала 
қайда?  Алдырыңдар.  Біз  аттаналық,  –  деді  ояз.
Ояз  басқалар  сияқты  малдас  құрып  отыра  алмаушы  еді. 
Сондықтан  астына  қос  жастықты  бүктеп  басып,  басқалардан 
биік  отырған.  Қазір  ол  орнынан  жеп-жеңіл  көтеріліп,  тіп-тік 
тұрған кезде, болыстар жағы қолдарымен жер таянып барып, екі-
үш  ұмтылып  әрең-әрең  көтерілді.
Дастарқан  жиналмай  жатып,  барлығы  жапырылып  ояздың 
соңынан  тысқа  беттеген.  Тұрарды  алдына  салып  Мақаш  келе 
жатқан.
–  Рысқұлдың  баласы  мынау  ма?  –  деді  Дат  болыс  қолын 
көзіне  көлегейлеп.
–  Ажалы  жоқ  екен  иттің  күшігінің,  –  деп  кіжінді  болыстар 
тобына  сырттан  қосылған  Таубай  старшын.


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет