Шұғаның белгісі


Жақып (сасып). Енді қайттік? Сергеев қайда? Қартай



бет11/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Жақып (сасып). Енді қайттік? Сергеев қайда?


Қартай. Меніңше, бір-ақ жол бар.


Жақып. Айтшы, айтшы!


Қартай. Есенгелдінің жолы...


Шоңмұрын. Есенгелді құсап үйде отырып атысамыз ба?


Жақып. Түсіндім: Есенгелді сияқтандырып алдап түсіру – солай ғой, Қартай?


Қартай. Дәл өзі!

Әбіш.



Шоңмұрын (жымыңдап). Дұрыс, дұрыс... Бірақ кім орындайды?


Жақып. Қартай мен Әбіш орындайды. Большевикше киініп, қызыл жалауды қолына алса болғаны... Қартай-ау, сенің большевик деген қағазың да бар шығар?


Қартай (күлімдеп). Большевик, сәбден қағаздары менен табылып бағар ғой.


Жақып. Қартай! Есенгелдіні ұстап берген айлаң айрықша бағалауды керек қылады. Ол үшін бүкіл қазақ елі атынан алғыс айтамын!.. Ал Таран әскерін солай қолға түсірсең...


Шоңмұрын. Менімше, бір-екі орысты да большевик қылып қосу керек. Күлән да барсын деймін, әйел көрсе, кеңес үкіметін орнатып қойғандай қуанатын большевиктердің әдеті...


Қартай (оның сөзін бөліп). Қане, тездету керек. Мен әзірленуге кеттім...


Қартай, Әбіш шығады. Теңселіп Антонов кіреді.


Антонов (мас). Господин полковник... Господин полковник... Орындалды... Жым-жырт... Халықтарды... Тойған мысықтай бүрісіп жатыр бәрі... Жиырма сүмбіден бергізіп ем, тырнақ алды бәрі... Қа-қа-қа...


Жақып. Оны қоя тұр, офицер Антонов, Таран әскері келе жатыр, ерлігің болса енді көрсет (бәсең дауыспен) сандалмай.


Антонов. Таран келеді?.. Өлтірем мен оны... Өлтірем... (Қылжаңдап барып диванға құлайды. Жатыр.) Өлтірем мен большевики! Өлтірем... (Қартай кіреді.)


Қартай. Әзірміз.


Жақып. Тез жөнеліңдер. Әскер әзір тұрады. Тура осында әкеп кіргіз. Өзгесіне уайым жеме.


Қартай. Әйтеуір, әзір тұрыңыз. Біз өлімнің өзіне барамыз. Қаладағы жұмысымызды естісе, онда біздің біткеніміз... Қоштасқанымыз осы болсын! (Қартай тез шығады.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет