Сахрауи36 қазақ халқына насихат
Сөз айтам, діндестерім, салғын құлақ, Хақтың сөзі – алдыңда жаққан шырақ.
Қазағым, бірсіздікті37 қоя тұрып, Қылыңдар дін ісінде жақсы ынтымақ.
Ынтымақсыз алты ауыз боламын деп, Басымызға тиген жоқ па темір тоқпақ?!
Өзгеден анық артта қалдық қой біз, Жиылып ақсақалдар ақылды тіз.
Ақылды тізбесеңдер, ақсақалдар, Жылаудан тиылмастай болды ғой көз.
Көбейді дұшпан, залым бек қисапсыз, Бұ нәпсілік қылды ғой һәм қарарсыз.
Әуелден ынтымақпен тұрып келсек, Болар ек хоштықпенен біз харапсыз38.
Өзгеде ілім менен мағрифат39 бар, Біздерде ынтымақсыздық, жаһилият40 бар.
Өзге милләт41 бір-біріне шапағатты, Біздерде шапағат жоқ, дұшпандық бар.
Шайтанның уәсуесіне42 еріп кетпей, Иттифақ43! қой, бүйтпелік, ей, халықтар!
36 далалық
37 яғни, алауыздықты
38 ойрансыз
39 ғылым, білім
40 надандық
41 ұлт
42 арбауына
43 бірлік
Көңлімізден жамандықты біз жоялық, Мағариф44, ілімдікпен біз тояйық.
Кел, халықтар, өткен іске тәубе қылып, Жылаумен екі көзге жас алайық.
Өмірді зая қылар жанжал бітсін, Иғтибарсыз45 жанжалды қолданбайық.
«Ертеңгісін есек қайғырар» демей, Жамағат, келешекті қайғырайық.
Ілімсіздік ескілік әзірінде,
Ілім мен мағарифті46 қолданайық.
Қатеміз біздің қылған хәдден47 асты. Жаһілеттің48 аяғы бізді басты.
Айласыз біздің қазақ артта қалып, Бізден басқа халықтың айласы асты.
Біздерге алға таман еш бару жоқ, Өтті деп уақытымызға қайғыру жоқ.
Біздердің арамызда шәфқәт49 біткен, Мейірбан боп ағайынды жай қылу жоқ.
Ағалар, өзің де үшін ойлаңыздар, Ұмытпай ел үшін де ойлаңыздар!
Көңілмен қайта-қайта сен анық біл Ауызбен текке айтып қоймаңыздар.
44 ағартушылық
45 назарсыз
46 ағартушылықты
47 шектен
48 надандықтың
49 мейірім
Бауырлар, пайда уақытты босқа өткеріп, Ғапілдікпен50 текке ғұмыр жоймаңыздар.
Бұ сөзге қазақ байғұс құлақ қоймас, Надандықтың ластығын жалап тоймас.
Біледі сөз айтқанды дұшпаным деп, Сөйтіп қазақ жаһілеттің51 атын жоймас.
Насихат сөз айтқанға қас болады, Надандықтың әсерімен мас болады.
Бір адам аярлықпен бір сөз айтса, Жеткенше сол кісіге бас болады.
Егер де жақсы кісі бір сөз айтса, Өлгенше ол жақсымен қас болады.
Басқа жұрт милләт52 жөнін ойлағанда, Қазақтар бейқам жатып нас болады.
Басқа жұрт дәмді астың бәрін алды, Қазаққа енді немене ас болады?
Ей, халқым, айтқанымның бәрі де рас, Бермейсіз дін жолына онша ықылас.
Намысқа басқа жұрттар тырысар еді, Қазақпыз әрі надан, әрі жуас.
Бытырап әрбір тұста қаңғып жүр ғой, Ынтымақ пен милләт53 қамын бәрі ойламас.
50 надандықпен
51 надандықтың
52 ұлт
53 ұлт
Жамандыққа біздің қазақ көңіл берген, Баршасын қалдырмастан түгел берген.
Жамандықтың базарына бару үшін, Жаһилеттің54 аттарына жүген берген.
Жамандыққа ел іші кетті қаптап, Аяғымен мағарифты55 кетті таптап.
«Өзіміздің осынымыз лайық қой!» деп Қазақтар сиырға ұқсап, кетті тарап.
Қазақ байғұс көнбейді бір айтсақ та, Қан қылып көзден жасты ағызсақ та.
Айтқанға надан адам көнбейді сол, Тілді малшы, қағазды мал қылсақ та.
Осы сөз көңліңізге майдан болсын, Білумен көңілдерге әбден толсын.
Қазағым, елім оқып, өнерлі боп, Халыққа сол өнерің тамам болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |