Шыққан рисала



бет6/18
Дата01.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#88665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тұр қазақ (копия)

Тәсірлі78 мәктуб79


Қостанай уезінің Арақарағай болысының руы Қып- шақ Құттық тайпасынан Нұржан Наушабаев деген бір мәшһүр ақын бар. Сол әпендеміз хазіретләрінің сөзі бек ғибратты, тәсірлі80 сөз еді.


1904 жылында (бір) «Манзумат81 казақия» деген ри- саласы да шыққан еді, менде сол рисаласының бір да- насы бар еді. Сол рисаласында жазылған адресіменен хат жіберген едім, маған қайтадан өлеңменен хат жа- зып жіберіпті.


Хаты үшбу-дүр82


Сатуы жоқ жігітке шыққан тердің, Бағасы артық қадірін білген ердің, Түсті шұқып кетсе де жара салып, Ынтық бар сұңқарына әрбір елдің.





78 әсер
79 хат
80 әсер
81 өлең
82 бұл өлеңнің ұйқастарында бірізділік жоқ. Баспагерлер тарапынан кейбір жолдар қате жазылған немесе біраз жолдар түсіп қалған.
Тасындай магниттің леппен тартып, Көп көрдік пайдасын да қызыл тілдің, Ар жағында не барын білу қиын, Шықпаса төбесіне асқар белдің.

Жүзе алмас нәһан83 балық өрге найқап, Толқыған суы бітсе шалқар көлдің, Биіктен еңкейіске қадам басып,


Осы күнде үшіндеміз біз елудің.

Болған іс мәңгі-бақи болып тұрмас, Өлшеулі уақыты бар ғой әрбір гүлдің, Аңқытып бетімізбен біз келеміз,


Бір сарын ортасымен дабыл жолдың.

Ылтымас84, заказынай85 жазған хатың, Жолықты он бірінде декабрдің,


Бұл күнде елу асып шықтым белге, Өмірді зая өткізіп бекер желге.

Жан тәнде, тән саламат тұрғанында, Үлесті беріп жүрміз әркімдерге, Тура сөз хәл-қәдәри86 айтқанменен, Ешбір сөз айтқан жоқ-ты әркім бізге.


Бойынша өтінішіңіздің Байбатырым, Бір ғазал сөз жібердім сіздің жолға, Бізге сіз хат жазыпсыз кеңес сұрап, Азырақ білгенімше жаздым құрап.


Сауыттың тозыңқырап тұрған кезі, Нұржанның да тоқталып тұрған кезі, Зейініміз бұрынғыдан кеткен тарап, Бұрынғы көп жарыстан қалған кезі.





83 үлкен
84 өтініш
85 тапсырыспен
86 шама келгенше
Бар еді жігіттікте әрбір түрлі, Дүниені таң-тамаша қылған кезі, Бар еді неше сөзді жазған кезі, Қатар жүрген құрбыдан озған кезі.

Ықыласпен канша айтқанда тыңдаушылар, Сөздің де құны кетіп тұрған кезі,


Тор мен есік орнында парық болмады, Лашын мен қарға қатар қонған кезі.

Пәлен солай дегенді көтере алмай, Бұл күнде болмағанның болған кезі, Ағайын бір-біріне дұшпан болып, Көңіліне кәкір-шүкір толған кезі.


Қадірін білмегенге харам астай, Жатамын көңіл сырын қалай ашпай, Сөйлеген сөзден сөз туар екен, Шығар ма еккен егін тұқым шашпай.


Ешкім теріс деген жоқ әлі күнге, Келемін бала жастан қалам ұстай, Қарымнан көздеп бір кез еліп жүрдік, Баулаған саятшылар алғыр құстай.


Отбасынан шешендік көлден озып, Білінбес жүйріктігі белден аспай, Жақсылық, жамандық ет өз басыңа, Кез келіп дүниеде елден қашпай.


Өлшеуліден ұзап кете алмассың, Шукрана87 қыл әр іске асып-таспай, Бір күнде ор киіктей орғып-орғып, Болдырған атша тұрмыз аяқ баспай.


Жігіттік балалыққа тіпті арман жоқ, Жарамас кете беру артты қыспай,





87шүкіршілік
Қайтадан жігіттігім келсең енді, Хоштығын тамаша қып көрсем енді.

Дариға, ол бір қызық заман екен, Ақырында ойға салып білсем енді, Ғайыбымнан сырттан ғашық әпендемсің, Нәсіп боп сіздерді көрсем енді.


Қостанай атырабынан табылармыз, Құттық Нұржан Наушабаев дерсің енді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет