Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының


БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНМЕН ОНЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІМЕН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ



бет3/18
Дата06.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#30015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
1 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНМЕН ОНЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІМЕН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ
1.1 Қауіпсіздік ережелерімен танысу.
Мен өңдірістік техникалық іс-тәжірибемді "ИП Алексей Чемисов" құрылыс компаниясында өттім. Қауіпсіздік ережесімен ішкі тәртіп ережелері колледж студенттеріне орындау үшін міндетті болып табылады.

Компаниядағы ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қазір Қазақстандағы қазақ тілді БАҚ қолданыстағы БАҚ жалпы санының тек 19 пайызын құрайды екен. Ал елдегі қазақтардың қазіргі салыстырмасы 70 пайызға жуықтайды. Бұл деген сөз Қазақ елінде отырып қазақ тіліндегі ақпаратпен тыныстамаған елдің рухы мен ойы осы елді жаулап отырған ақпарат беруші басқа пиғылдағы топтардың жетегінде кетеді деген сөз. Осыған қарап-ақ, ақпараттық қауіпсіздіктің Қазақстанда қандай өреде екенін білуге болады.

Арақашықтық, шекара деген бөгеттерді білмейтін, көпшіліктің қолдануына өте ыңғайлы дүиежүзілік ғаламтор? Интернет — әлемдік мәселелерді шешуде БАҚ-тың рөлін бұрынғыдан да көтеріп жіберді. Мұндай жағдайда, кез-келген мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті өзінің шекарасының қауіпсіздігінен кем көрмеуі қажет.

Ақпараттық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің егемендігінің аса маңызды элементінің бірі болып саналады.

Міне осыдан кейін барып ақпараттық қауіпсіздік деген не? Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бар ма? деген сұрақтар туындап отыр. Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау — ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық) — саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Тұтастық — ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы.

Жасырындылық — заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған.

Заңмен қорғалатын құпиялар:

— Арнайы ақпарат. Отбасы және жеке өмірдің құпиясы;

— Хат жазу, телефон, телеграф және т.б. хабарламалардың құпиясы;

— Бала асырап алу құпиясы;

— Медициналық құпия;

— Коммерциялық және қызметтік құпия;

— Банктік құпия;

— Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік ақпарат;

— Тергеу және алдын ала тергеудің құпиялары;

— Адвокаттық және нотариаттық құпия;

Мемлекеттік құпиялар:

— Әскери саладағы кейбір мәліметтер;

— Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер;

— Сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық саладағы кейбір мәліметтер;

— Жедел іздестіру және қарауыл қызметі саласындағы кейбір мәліметтер;

Мұрағаттық ақпарат

Ашық пайдаланатын, мемелекеттік мұражайда болатын, мұрағаттық ақпарат

— Белгіленген категориядағы жеке және заңды тұлғалар үшін анықталған құжаттарды пайдаланудың шектелуі

— Меншік құқығы сақталатын және тек меншік иесінің келісімімен ғана анықталатын мұрағаттық ақпаратты пайдалану. Адамзат адамдардың, қоғамның және мемлекеттің өміріне ықпал ететін, басты факторлардың біріне айналған ақпараттық саланың тез дамуын сипаттайтын түбегейлі әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да өзгерістер кезеңіне қадам басты.

Әлемнің жетекші мемлекеттері жаңа технологияларға, жаңа әдістер мен жаңа ұстанымдарға негізделген ақпараттық қоғамның дәуіріне енді немесе оны құру процесінде тұр. Сайып келгенде оларды пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, мемлекеттілікті нығайтудың жаңа болмысына ықпал етуі тиіс.

Қоғам мен мемлекетті ақпараттандыру процестерінің жедел дамуы, оның ішінде «электрондық үкіметті» озық дамыту нәтижесінде Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды құру үшін басты алғышарттар қалыптасты. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылғы электрондық үкімет технологияларын пайдалануға елдердің дайындығы рейтингінің деректеріне сәйкес Қазақстан 192 елдің ішінде 46-орынды (2008 жылы 81-орын) иеленді.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған процестердің дамуы елдің ақпараттық қауіпсіздігінің қазіргі проблемалары мен қатерлерінің күшеюіне және жаңаларының туындауына әкеледі.

Мемлекетаралық қатынастарда ақпараттық қысымды жаһандық бәсекелестіктің пәрменді тетігі ретінде пайдалану үрдісі қарқын алып келеді. Ақпараттық соғыс пен ақпараттық өктемдіктің түрлі құралдарын пайдалану ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси қақтығыстарды шешудің ажырамас құралына айналды. Әлемнің жетекші елдері өз қарулы күштері құрамында ақпараттық әскерлер құрды және оларды белсенді пайдалану ниеттерін жасырмайды Ақпараттық қылмыстың (киберқылмыстың), оның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтар қызметінің таралуы айтарлықтай проблеманы құрайды. Киберқылмыстардың ерекшелігі олардың аса жасырын болуы. Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) — ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін, қылмыс түрі.

Ұлттық ақпараттық кеңістіктің ашық болуына және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде телевизияның және интернет-ресурстардың (пошта қызметтері, әлеуметтік желілер, блогтар мен бейнепорталдар) танымалдығына байланысты халықтың қоғамдық санасына ақпараттық әсер етудің нақты қаупі пайда болып отыр.

Қоғамдық сана — қоғамдық тұрмысты бейнелейтін және оған әсер ететін сезімдер, көңіл-күй, көзқарастар, идеялар, теориялар жиынтығындағы қоғамның рухани өмірі. Жалпы құқықтық және ақпараттық мәдениеттің, оның ішінде қазақстандық қоғамда киберкеңістікті қауіпсіз пайдалану дағдыларының салыстырмалы түрде төмен деңгейі белгілі бір қатер тудырады. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздік ұзақ мерзімдік басымдық болып белгіленген, ал ақпараттық қауіпсіздік? оның құрамдас бір бөлшегі. Осы құжатқа сәйкес, бұқаралық ақпарат және насихат құралдарындағы «қоғамдық сананы қалыптастыру жүйесі» (өмірге түсінігі, саяси көзқарасы, рухани құндылығы және басқалар) мемлекет алдына тұрған қатерлердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы қоғам мен мемлекеттiң ақпараттық саладағы мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында 2011 жылы 14 қыркүйекте әзірленді.

Тұжырымдама «Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының негiзгi ережелерiне сай келедi, мұнда ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiндегi ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ұзақ мерзiмдi негiзгi басымдықтардың бiрi болып айқындалған.

Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қазiргi халықаралық тәжiрибе, атап айтқанда АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Канаданың, Ресейдің, Үндiстанның, Эстонияның тәжiрибесi ескерiлдi.

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ: Техникаға ұқыпты көңіл бөлу керек, кабинетке асықпай, итермелемей, компьютер тұрған үстелдерге соқтықпай жаймен кіру қажет, жұмыс үстелінде ЭЕМ-ның құрамды бөліктері-жүйелік блок, пернетақта, монитор (дисплей) орнатылған.

Қатаң түрде тиым салынады:



  • Біріктірілген желілердің жалғасқан жерлерін қозғауға;

  • Экранға және монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиісуге;

  • Оқытушының рұқсатынсыз құрылғыны қосып өшіруге;

  • Монитор мен пернетақтаның бетіне дискілер, кітап, дәптерлер қоюға;

  • Су киіммен, дымқыл қолмен жұмыс істеуге.

  1. Жұмыс жасап отырған кезде ДК-ден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе дереу құрылғымен жұмысты тоқтатып, Оқытушыге хабарлау қажет. Өрт сөндіруге көмек көрсету қажет;

  2. ДК жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • ДК-ді іске қосу кезінде оның көзге көрініп тұрған бұзылған, зақымданған жерлері бар-жоғына көз жеткізу қажет;

  • Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;

  • Оқытушы тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда оқытушыға беру керек;

  • Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты оқытушының рұқсатымен ғана бастау керек.

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет