Шжқ «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханаысы» МҚк медбикелік күтімнің және медбикелік манипуляциялардың стандарттар жиынтығы Неврология және жедел қан ми айналымы бұзылуы бөлімі мазмұНЫ



бет66/144
Дата19.05.2023
өлшемі396,45 Kb.
#94779
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   144
Байланысты:
Стандарт ОСД каз2015

Балауызды тік ішек арқылы енгізу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
Дайындаңыз: тік ішектік балауызды, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, балауыздың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  6. Балауызды енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.

  7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен балауыздың жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

  9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

  10. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту:

  • Балауызды мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

  • Балауыз ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.



Дәрілік ерітіндіні теріге жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет