Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
ҚОРЫТЫНДЫ 
1. Ұсынып отырған жұмыстың мақсаты мен шешілетін мәселелеріне 
сәйкес әдебиеттерге шолу жасап, осы саладағы ізденістердің арасындағы біздің 
диссертацияның орны анықталып, оның өзектілігі мен жаңалық деңгейлері 
нақтыланды.
2. Әртүрлі 
масштабтағы 
дифференциацияланған 
ландшафттық 
карталарды құрастыруға арналған ГАЖ технологиялары мен ғарыштық 
түсірілімдердің оларға сәйкестелінген кеңістіктік дәлдігін көрсететін оңтайлы 
нұсқалары таңдалып алынды. Салыстырмалы ізденістердің нәтижелерінде 
караталарды құрастыруға ArcGIS бағдарламасы қолданып, бедердің сандық 
үлгілерін 
құрастыруға 
осының 
Spatial 
Analyst 
және 
3D 
Analyst 
қосымшаларының көмегіне жүгіндік, ал ғарыштық түсірілімдердің жоғары 
дәлділіктегі 30 м-лік көлемі пайдаланылады. 
3. Осыларды қолдана-пайдалану арқылы зерттеу нысанының 1:100 000 
масштабтағы физикалық, топырақтық-геоморфологиялық, жер бетінің сулары 
мен 
ирригациялық 
жүйесінің 
еңістіктік, 
экспозициялық 
карталары 
құрастырылып, олардың негізінде Жамбыл ауданының ландшафттық 
картасының қағаз бетіндегі және электрондық нұсқалары жасалып шығарылды. 
Бұл картадағы мәліметтер ірі шаруа қожалықтарына арналған ЛБЕЖ-дің 
жобасын жасағандағы агротехнологиялық жүйелердің құрамды бөліктеріне 
енетін мүмкіндіктері бар.
4. Осы құрастырылған карталардағы жайғасқан Қастек мекеніндегі 
ландшафттарды қоныс, қонысша және фациялық деңгейлердегі морфологиялық 
бірліктерге дифференциациялап, олардың 1:25 000 масштабтағы карталары 
жасалып шығарылды. Бұлар орта (30-40га) және шағын (20-30 га) шаруа 
қожалықтарына 
арналған 
ЛБЕЖ-дің 
жобаларын 
жасап, 
пайдалану 
мүмкіндіктерін туындатады. 
5. Фациялық деңгейдегі ландшафттық картаны ГАЖ технологиясы мен 
ғарыштық түсірілімдер арқылы құрастыру үшін 1:25 000 масштабтағы 
геоморфологиялық, топырақтық, жер бетінің сулары, еңістіктік, экспозициялық 
карталар жасалып шығарылды. Бұл құрамды бөліктер агроландшафттардың 
ЛБЕЖ-дік жобасын жасағанда, негізгі агротехнологиялық шаралардың жүйесіне 
енетін болады. 
6. Жамбыл 
ауданындағы жайғасқан табиғи және антропогендік 
ландшафттардың экологиялық жағдайларын талдай келе, бұл аумаққа кері әсер 
ететін факторлар өте аз, жоқтың қасы екендігі анықталды. Бірақ, ауданның Іле 
Алатауының солтүстік беткейінде орналасуына байланысты, еңістіктер мен 
беткейлердегі жайғасқан ландшафттардың су эрозиясына ұшырау қауіптілігінің 
әртүрлі деңгейлері айқындалды. Бұлардың ішіндегі ең көлемдісі 5-тен 7°-қа 
дейінгі еңістіктер болып шықты, ал ең қауіптісі 10°-тан жоғары мәні бар 


92 
беткейлер екендігі біздің жүргізген эксперименттілік тәжірибеміз арқылы 
анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет