Биіктік артқан сайын ландшафттық белдеулердің өзгеруін



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#82140
  1   2

Ландшафттық дифференциацияға зоналық жəне секторлық жылу, ылғалданудың өзгеруінен кейінгі негізгі фактор болып - құрлықтың теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқаны кіреді. Осы фактордың əсерінен ландшафттық сфера сатылы құрылымға ие болады: əртүрлі биіктік белдеулерде өзіне сəйкес ландшафттар класы қалыптасады.
Ылғалдылық пен жылудың зоналық және секторлық өзгерістерінен кейінгі фактор – құрлықтың теңіз деңгейінен биіктігі.
Биіктік артқан сайын ландшафттық белдеулердің өзгеруін биіктік белдеулігі деп атайды. Көптеген географтар «биіктік зоналылығы» мен «вертикальды зоналылық» түсінігінің мұхиттың тереңдік зоналылығына да қатысы бар, сондықтан ол кең ұғым. Бұл ұғымды 1899 ж. енгізген. Бұл туралы алғаш еңбек жазғандар: , А. Гумбольдт, -Тянь-Шанский. өзінің « Жер қабаттары туралы» деген еңбегінде таулы аймақтар климаты мен табиғатының өзгеше болуы ондағы жер бетінің атмосфераның суық қабатына жақын болуынан деп түсіндіреді. А. Гумбольдт климат пен өсімдік жамылғысының биіктік белдеулігін анықтады
Жазық территориядағы қалыптасқан ландшафттардан-ақ абсолюттік биіктіктің алғашқы 100 м-ге дейінгі ауытқуларынан гипсометрлік орынның əсерін байқауға болады. Белгілі бір биіктік шегіне дейін рельефтің өсуі ландшафттардың сол зонаға сəйкес қасиеттерін жоймайды. Осы шектен жоғарылағанда ландшафттарда көршілес солтүстікте (солтүстік жарты шар үшін) жатқан ландшафтар қасиеті басым болады да, биіктік өскен сайын басқа ландшафттық белдеуге ауысады. Бұл заңдылықты биіктік белдеулігі деп атайды. Биіктік белдеулік шартты түрде зоналық ендіктің аналогы ретінде қаралады .
Биіктік белдеудің қалыптасуының негізгі себебі жылу балансының жоғарылаған сайын өзгеруі. Дегенмен, биіктік пен ендік бойынша температура өзгеру қасиеттері əрқалай. Күн радиациясының мөлшері биіктеген сайын азаймайды, керісінше, əрбір 1000 м биіктікке 10 артып отырады. Оның негізгі себебі атмосфера қабатының қалыңдығы мен тығыздығының азаюынан, құрамындағы су буларымен шаң-тозаңдардың мөлшерінің кемуінен. Дегенмен, Күн радиациясы жыл бойы жоғарғы биіктікте тепе-теңдікте, біркелкі болады, ал оның құрамының өзгеруі ультракүлгін сəулелердің көбеюінен. Бірақ, жер бетінің сəуле шашу қасиеті инсоляцияға қарағанда биіктеген сайын тез өседі. Осының нəтижесінде радиациялық баланс азаяды, ауа температурасы төмендейді. Биіктік бойынша температуралық градиент горизонтальдықтан 100 есе көп, сондықтан биіктік бойынша бірнеше км аралығында экватордан мұз зонасына дейінгі созылған көптеген физгеографиялық өзгерістерді бақылауға болады.
Жер бетіндегі тау сілемдерінің биіктік системаларының əрқалай екендігі анықталды. Биіктік белдеулер саны зоналық ендіктен біршама екендігі айқындалды. Биіктік белдеулердің əртүрлілігі таулардың қандай ландшафттық зонада орналасқанына жəне олардың орографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен əрбір ландшафттық зонаға өзіне тəн биіктік белдеу типі немесе белдеу қатары тəн, осыған байланысты белдеулер саны, орналасу ерекшеліктері, биіктік шекаралары əрқалай. Экваторға жақындаған сайын белдеулер саны көбейеді, белдеулер қатарының құрамы өзгереді. Белдеулердің вертикальдық бағытта əртүрлі ландшафттық зонаны кесіп өтетінін тау қыраттарынан байқауға болады. Мысалы, Орал таулы қыраты.
Орографиялық құрылымы жағынан күрделі жəне əртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысқан орталығында орналасқан таулы системалардың биіктік белдеулері күрделі, дегенмен мұндай жағдайда да бір ландшафттық зонаға сəйкес келетін биіктік белдеулер спектрін анықтауға болады. Мысалы, Кавказ тауларында 6-7 негізгі биіктік белдеулерді бөлуге болады.
Климаттың континентальдығына, ылғалдың режимі мен қарқындылығына байланысты əрбір физгеографиялық сектордағы биіктік белдеулердің өзіне тəн ерекшеліктері бар. Мысалы, мұхит маңына жақын орналасқан секторларға альпі шалғынды белдеуі тəн, ал континенталды аймақтарда оның орнына таулы тундра белдеуі қалыптасады. Керісінше таулы далалық белдеу тек континентальдық секторларда қалыптасады. Əсіресе төменгі ендіктерде орналасқан секторларда биіктік белдеулердің толық жиынтығы қалыптасып, біртіндеп жоғарғы ендіктерге жылжыған сайын төменгі белдеулер жоғалып, белдеулердің шекаралары төмендейді, мысалы, жалпақ жапырақты зонасында орналасқан Сихоте-Алинь тауының оңтүстік бөлігінде 500 м дейін жалпақ жапырақты орман, аралас орман 800—900 м , таулы қылқан жапырақты тайга 1300-1500 м, ал ең жоғарғы биіктіктерінде таулы тундра мен тас қайыңнан тұратын сирек орман белдеулері орын алған. Ал таулы қыраттың орталық бөлігінде төменгі белдеу жоғалып, биіктік белдеу қатары аралас орман белдеуінен басталады.
Кунашир аралындағы Сихотэ-Алин мен Менделеев жанартауының биіктік белдеуінің сызбалары. Биіктіктегі биоклиматтық белдеулер: 1-жер асты сусымалы ормандар (балқарағай); 2-тас қайың қисық орманы (көбінесе балқарағай табақшасы бар);3-қара қылқан жапырақты шырша-шырша ормандары (орташа Сихоте-алинда, жапырақтары араласқан); 4-кең жапырақты ормандар; 5-балқарағай-кең жапырақты ормандар(Кунаширде жоқ); 6 - жалпақ жапырақты ормандар, негізінен туындылар.
Биіктік белдеулігінің негізгі факторлары:
1 Биіктік бойынша температураның өзгеруі. 100 м – 0,60.
2 Жылу мен ылғалдылық өзгерісі.
3 Тау жүйелерінің географиялық орны.

Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Экспозицияның 2 типі болады: солярлық немесе инсоляциялық, желдік немесе циркуляциялық. Солярлық экспозицияға беткейлердің жылу, сонымен қатар су режимі байланысты. Солтүстік беткейлерге қарағанда оңтүстік беткейлер тез қызады, булану процесі интенсивті болады, яғни біркелкі жағдайдың өзінде құрғақтау. Сондықтан оңтустік беткейлердегі биіктік белдеулер шекарасы солтүстікке қарағанда біршама жоғары.


Желдік немесе циркуляциялық экспозицияда
Жел соғатын жағы ылғалды
Жел соқпайтын жағы құрғақ болады.
Тау жоталары жел бағытын өзгертіп отырады.
Желдік экспозицияның климат пен беткейлердің ландшафтына әсері соңғысының ылғал орталықтарына қалай бағытталғанына байланысты, яғни ылғалды ауа массаларына, бағытына, циклондар траекториясына. Батыс ағындар басым аймақтарда жауын - шашынның көп мөлшерін батыс беткейлер, ал муссондық секторда шығыс беткейлер алады.
Солярлық экспозицияға беткейлердің жылу, сонымен қатар су режимі байланысты. Солтүстік беткейлерге қарағанда оңтүстік беткейлер тез қызады, булану процесі интенсивті болады, яғни біркелкі жағдайдың өзінде құрғақтау. Сондықтан оңтүстік беткейлердегі биіктік белдеулер шекарасы солтүстікке қарағанда біршама жоғары. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан солярлық беткейлердің айырмашылығы əсіресе əртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысында орналасқан таулы системаларда айқын байқалады. Мысалы, Оңтүстік Забайкалье тауының солтүстік беткейі орманнды, ал оңтүстік беткейінде далалы өсімдіктер кездеседі. Полярлық жəне тропиктік ендіктерге қарағанда қоңыржай ендікте солярлық экспозицияның əсері қатты байқалады. Жоғарғы ендікте полярлық күн қалыптасқан кезде барлық экспозиция беткейлері бірдей жылумен қамтамасыз етіледі, ал төменгі ендікте күн горизонттан жоғары тұрғандықтан беткейлердің инсоляция айырмашылығы бірдей емес

  • Желдік экспозиция 2 түрлі рөл атқарады.

    • Біріншіден, ол бір-біріне қарама- қарсы орналасқан беткейлердің термикалық режиміндегі айырмашылықты арттырады, сөйтіп солярлық экспозицияның эффектін күшейтеді. Мұндай ерекшелік батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тау қыраттарына тəн. Бұл таулы аймақтардың солтүстік беткейлері суық ауа массаларының əсерінде болса, оңтүстігінде суық ағыстардың əсері аз болады. Сондықтан осындай таулы қыраттар көбінесе ландшафттық зоналардың шекарасы ретінде қаралады.

    • Екіншіден, желдік экспозицияның климатпен беткейлердің ландшафтына əсері соңғысының ылғал орталықтарына қалай бағытталғанына байланысты, яғни ылғалды ауа массаларына, бағытына, циклондар траекториясына. Батыс ағындар басым аймақтарда жауын-шашынның көп мөлшерін батыс беткейлер, ал муссондық секторда шығыс беткейлер алады. Алай таулы системасында жауын-шашынның басым бөлігі оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейлерге жауады, өйткені көктем айларында оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысқан иран циклонының əсерінде болады.

Сонымен, биіктік белдеулердің зоналық типтері мен секторлық варианттарының бөлінуі материктердің орографиялық құрырымының жалпы жоспарына бағынышты болады. Биіктік белдеулердің дифференциациясының əртүрлілігі мен ала-құласының қосымша факторы – тау системасының басқа да орографиялық элементтері. Бірнеше параллельді қыраттардан тұратын күрделі таулы системаларда шеткі қыраттарда ортасындағылармен салыстырғанда ылғалдану жағдайы жақсы. Жан-жағынан таулармен қоршалған депрессиялар тау беткейлеріне қарағанда құрғақ, континентальдық климатпен жəне аридті биіктік белдеу спектрімен сипатталады. Континентальдық климат басым, температуралық инверсия жəне атмосфераның антициклональдық жағдайы оқтын-оқтын қайталанып отыратын аймақтарды тауаралық қазаншұңқырларда белдеу инверсиясы болуы мүмкін, яғни биіктік бойынша белдеулердің керісінше орналасуы. Сонымен, биіктік белдеулердің таулардың ландшафттарының дифференциациясына əсері басқа да факторлармен тығыз байланыста екен. Айта келетін бір жай биіктік белдеулер өзінің табиғаты жағынан азональды болса да, пішінін зоналық ендік пен секторлықтың əсерінен қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет