Сыбайлас жемқорлық пәні емтихан жауаптары. 1 Сыбайлас жемқорлық ұғымы


) Қазіргі заманда сыбайлас жемқорлық себептері мен шарттары



бет77/85
Дата06.01.2022
өлшемі191,91 Kb.
#12236
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
82) Қазіргі заманда сыбайлас жемқорлық себептері мен шарттары

Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір aзaматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындaтaды, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды.Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық:

– қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр жайған зұлымдық;

– билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті;

– адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы сияқты көрінеді.

Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды:

– өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;

– азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын

тоқтатуының бір себебі;

– ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;

– мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;

– заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет