Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы



бет21/48
Дата15.12.2023
өлшемі153,84 Kb.
#138679
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Мәліметтерді зерттеу. Зерттеу жұмысын жасау тақырыпқа байланысты материалдарды жинаудан басталады. Материалдарды, әдебиеттерді кітапханалардан табуға болады. Сонымен қатар, мәліметтерді ғаламтордан да алуға болады, кітапханаларда академиялық бағытта жазылған кітаптар мен ғылыми журналдарды қолдану әлде қайда тиімді.
Жоспарлау. Жұмысты сәтті аяқтау үшін әрқашан оны жоспарлап алған жөн. Академиялық бағытта жұмыс жасау қашанда жоспарлауды қажет ететін үдеріс. Академиялық жұмысты сәтті жазып шығудың бірден-бір жолы ең алдымен зерттеу жасау, жоспарлау. Егер тақырыпқа қатысты қандай да ақпарат жиналса, авторды «осы ақпараттарды қалай жүйелеу жақсы бағаланатын жұмысқа айналдыруға болады?» деген сауал мазалауы мүмкін.
Жоспар құрудың мынандай жолдары бар:

  • Ой шақырту

  • Топтастыру

  • Тізім жасау

  • Сауал қою.

Жазба жұмысының әрбір бөлімінде мыналар қамтылуы тиіс:

  • Жалпы тақырыпты түсіндіретін және ол туралы мәліметтер беретін кіріспе параграф

  • Бірнеше параграфтан тұратын негізгі бөлім

  • Қортынды параграф жазба жұмысында айтылатын мәселенің қортындысын береді

  • Қортынды бөлімнен кейін қолданылатын әдебиеттер туралы мәліметтер берілуі тиіс.



Жұмысты жазу. Академиялық жазба жұмысын жазу көптеген үдерістен тұратын күрделі жұмыс. Жұмыс жоспарлау, мәлімет жинау, алғашқы нұсқаны жазу, қайта жазу және оны түзету сияқты үдерістерге толы. Жазба жұмысының алғашқы нұсқасы көлем талабы тақырыпқа қатысты ақпараттардың дұрыс берілуін қамтуы тиіс.
Алғашқы нұсқаны жазу барысында мына жайттарды есте сақтау қажет:

  • Ақпараттардың берілуі

  • Негізгі тұжырымдарды дәлелдейтін мәліметтер

  • Әрбір тұжырымның тақырыпқа сәйкестігі және олардың қайталанбайтындығын тексеру

  • Барлық мәліметтердің тақырыппен байланыстылығы

  • Негізгі тұжырымдардың автор ойымен сәйкестігі.

6дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет