Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы


АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СТУДЕНТТІҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ МатериалДАРЫ



бет47/48
Дата15.12.2023
өлшемі153,84 Kb.
#138679
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СТУДЕНТТІҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ МатериалДАРЫ
Бақылау мен бағалауға арналған материалдар.


Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:

  1. Ғылым дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Зерттеу дегеніміз не?

  3. Академиялық хат дегеніміз қандай мәтін?

  4. Жазылым деген сөзге сипаттама беріңіздер

  5. Оқылым дегенді қалай түсінесіздер?

  6. Тілдік қатынас деген не?

  7. Академиялық хат пәнінің мақсаты қандай?

  8. Оқылым әрекеті дегеніміз не?

  9. Жазылым әрекеті қандай әрекет?

  10. Мектеп қабырғасы мен ЖОО-да оқылы әрекетінің айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?

  11. Неліктен академиялық бағытта жазылатын жұмыстарда сенімді ақпараттарды қолдануға тура келеді?

  12. Академиялық бағытта сенімсіз ақпараттарға қандай материалдарды жатқызуға болады?

  13. Тақырып дегенімі не?

  14. Эссенің тақырыбының мақсаты қандай?

  15. Тақырыптың құрылымына мән беру қажет пе? Неліктен?

  16. Тақырып таңдау барысында қандай қателіктер орын алу мүмкін?

  17. Таңдалған тақырыптың дұрыс немесе бұрыс бағытта таңдалғанын қалай тексеруге болады

  18. Google сайты қандай сайт?

Ғаламтор арқылы қажетті ақпаратты қалай іздеуге болады?

  1. Зерттеу сұрағын қалай айқындауға болады?

  2. Не себепті жазба жұмысының уақытын жоспарлауымыз қажет?

  3. Ғылыми әдебиеттерге шолуды қалай жасауға болады?

  4. Жазба жұмысын қалай бастауға болады?

  5. Тақырыпқа қатысты зерттеу жұмысын қалай жасауға болады?

  6. Алғашқы нұсқа дегеніміз не және оны жазу үшін қандай шарттарды ескерген жөн?

  7. Сыни ойлау дегеніміз не?

  8. Материалдарды оқу барысында сыни ойлау не үшін қажет?

  9. Сипаттамалық жазылым дегеніміз?

  10. Сыни жазылым мен сипаттамалық жазылымның қандай айырмашылықтары бар?

  11. Оқылатын еңбектің авторына не себепті мән беру қажет?

  12. Сыни тұрғыда ойлаудың қандай ерекшеліктері бар?

  13. Терең түсініп оқу мен үстірт оқудың қандай айырмашылықтары бар?

  14. Плагиат дегеніміз не?

  15. Плагиаттан қалай сақтануға болады?

  16. Төл сөздерді қалай қолдануға болады?

  17. Парафраз дегеніміз не?

  18. Сілтеме жасаудың қандай стильдерін білесіз?

  19. Неліктен өзге авторларға сілтеме жасауымыз қажет?

  20. Зерттеу әдісі бөлімінің негізгі қызметі қандай?

  21. Зерттеу әдісі бөлімін жазу барысында қандай жайттарды ескеру қажет?

  22. Зерттеу жұмысы жүргізілетін топты қалай анықтауға болады?

  23. Сауалнамада қандай сұрақтар қойылуы мүмкін?

  24. Сауалнаманың алдында не үшін түсінік ақпарат беруіміз қажет?

  25. Сұхбат жүргізу мен сауалнама алудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  26. Зерттеу жұмысы барысында сауалнама арқылы мәліметтер жинаудың маңыздылығы неде?

  27. Гипотеза дегеніміз не?

  28. Гипотезаны қалай құруға болады?

  29. Гипотеза қалай жазылады?

  30. Зерттеу нәтижесінің қай кезде статистикалық маңызы болады?

  31. Көп факторлы талдау дегеніміз қандай анализ? Мысал келтіріңіз.

  32. Мәліметті талдау барысында неліктен маңызды деген ақпаратты сипаттауымыз керек?

  33. Кестелер мен графикалардан маңызды ақпараттарды қалай көруге болады?

  34. Кіріспе мен қорытынды арасында қандай айырмашылықтар бар?

  35. Кіріспе жазба жұмысының құрылымы таныстырылады?

  36. Кіріспеде статистикалық мәліметті қолданудың мәні неде?

  37. Жазылым үдерісі барысында кіріспені қай кезеңде жазған дұрыс?

  38. Параграф дегеніміз не?

  39. Параграфтың негізгі құрылымы қандай?

  40. Параграфтың негізгі қызметі қандай

  41. Жазба жұмысында дәйектемелер мен мысалдарды қалай қолдануға болады?

  42. Аргумент дегеніміз не?

  43. Автордың өз ойын беруі дегенді қалай түсінеміз?

  44. Талданатын тұжырымдарды қалай жоспарлауға болады?

  45. Шағын эссе жоспарының құрылымы қандай болады?

  46. Талқылау барысында қандай ұстанымдарды басшылыққа аламыз?

  47. Қорытынды жазу барысында қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

  48. Қорытынды бөлімнің негізгі қызметі қандай?

  49. Қорытындыны қалай сәтті етіп жазуға болады?

  50. Түйіндеменің не екенін білесіз бе?

  51. Түйіндеме жазба жұмысының маңызды бөлігі деп санайсыз ба?

  52. Түйіндеме жазу барысында қандай талаптарды басшылыққа аласыз?

  53. Түйіндеме жазудың құрылымы қандай?

  54. Зерттеу жұмысын жазу барысында мақала жазған кезде неліктен басқа мақалаларадың түйіндемесін оқисыз?

  55. Түйіндеменің көлемі қандай болу керек?

  56. Түйіндеме мен кіріспенің айырмашылығы қандай?

  57. Мақала жазған кезде түйіндемені қай кезде жазған жөн?

  58. Дипломдық жұмысты/жобаны орындау әдістемесі

  59. Ғылыми конференциялар, семинарлар.

  60. Эссе құрылымы. Эссе жоспары. Эссе жазу әдістемесі.

Резюме




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет