Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет50/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   146

Еркін жазу



Еркін жазу арқылы студенттің шығармашылық қабілеті дамиды, ойлауға еш шек қойылмайды. Ол үшін ең алдымен қалам және ақ парақ дайындауға нұсқау беріледі. Оқу бөлмесі тыныштық құшағына бөленеді, тыңдауға дайындалады. Ал оқытушы жүзеге асырылатын қадамдарды нақты түсіндіруі тиіс. Ол қадамдар:

☺ аудио жазба тыңдалады;

тыңдай отырып, парақтан қолдарын алмай, жазуды тоқтатпай, ойларын қағазға түсірулері тиіс;

☺ сөз тіркесін жазса да, сөйлем жазса да, іркіліп қалмай, туындаған ойды жаза береді;

☺ аудио жазба біткен кезде жазу да тоқталады;

☺ әркім жазбаларына бір рет көз жүгіртіп қарап шығады;

☺ не туралы жазғанын ортаға салып, ой бөліседі.

таңдаған тақырыптары анықталып, рефлексия жасалады.

Еркін жазу студентке не береді және неге дағдыландырады? Біріншіден бір ғана тақырып бойынша әр студентте әртүрлі пікір болатынын білуге болады. Ойлаудың, қабылдаудың, қиялдың әрқилы екенін түсінеді. Бір мәселенің сан қыры бар екенін, кім қалай қабылдаса, солай шешілетінін ұғынады. Ең бастысы шығармашылық ойлау жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет