ОҚЫРМАНДАРДЫҢ
ПІКІРІ
Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за-
манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи
баспа ісін де қолға алып жатырсың.
Алла Тағала берекетін
берсін!»
Shynggys Mukan: «Бақытжан кітапты өзінің айызын
қандыру үшін емес, білгенімен бөлісу үшін, білімін ел игілігіне
жарату үшін оқиды. «Күміс кітап» соның айғағы. Шығарма
авторының басқа оқымыстылардан ерекшелігі де осында».
Мөлдір Жұмағұлова: «Бақытжан Бұқарбай ағамыздың
«Күміс кітап» туындысын бір күнде тез оқып шықтым. Там-
сандырды! Осы кітапты оқуға кеңес беремін».
Eskendir Bestai: «Күміс кітап» ұнады. Кітап оқу жа-
йында жақсы бір өмірлік кейс деп қабылдадым. Көбімізге
өнеге боларлық үлгілер баршылық. Кітаптың жүйелігі мен
бір бағытта өрбігені үздіксіз оқуға негіз болды. Меніңше,
кітаптың мұқабасы оның идеясын толыққанды беріп тұр. Өте
сауатты таңдалған».
Сәлім Қойшыбай: «Құдды бір автормен сұхбаттасып,
әңгіме-дүкен құрып отырғандай сезімде боласыз. Бақытжан
Бұқарбай ағамыз балалық шағынан бастап қазіргі күнге дейін-
гі кітапқа қатысты барлық қызықтарын
қазақ қаріптерімен
көркем жеткізген».
Шолпан Алтайбаева: «Күміс кітап» Бахытжана Бухарбая
очень полезно читать всем. Потому что она написана от души
страстным читателем и адресована
именно к читателям как к
категории особых людей, тех, кто полюбил книгу и для кого
чтение стало и любимым занятием всей жизни, и
необходимо-
стью, а книга – источником знаний, эмоций, чувств, пережива-
ний, словом, верным и самым ценным другом».
Айгүл Болатханқызы: «Бұл
кітап жайлы Зейнеп
Ахметованың пікірі мынадай: «Мына кітапты кітаптың бетін
ашпайтындар (ашпағандар, кітап оқуды қажет санамайтын-
дар) оқуы керек. Кел де, менен осы кітапты алып кетіп оқы!
Өйткені, бұл – cен оқуға тиіс кітаптың бірі».
Magzhan Ziyabek: «Телефонға телмірген, əлеуметтік
желі пайдаланушыларының дəурені жүріп
жатқан кезде кітап
оқудың біз үшін қажеттілігін əртүрлі оқиғалар сарынымен
қысқа түрде айшықтап көрсетеді».
Нұрлан Құлманов: «Жеңіл тілмен, терең оймен
жазылған кітап. Шағын шығарма
ішіне автор қоғамда орын
алған барлық түйткіл мәселелерді қозғап, олардың шешу
жолдарын ұсынған. Аз уақыт ішінде маңызды ақпарат алғысы
келетін тұлға үшін таптырмас кеңесші».