18 – сурет.
Ӛсімдіктердің тіршілік формалары
(Раункиер бойынша). Белгілер: 1-фанерофиттер (терек, емен,
қарағаш); 2-хамефиттер (қаражидек), 3-гемикриптофиттер
(сарғалдақ, бақ-бақ шӛп, злактекті шӛптер); 4-геофиттер
(қызғалдақ, желайдар); 5-терофиттер (добия дәні).
Бұл топта 15 топшалар бар. Топшалар жапырақтар кӛлемі
бойынша (мега-, мезо-, микро- және нанофанерофиттер), жапы-
рақтың ӛмір сүру ұзақтығы (мәңгі жасыл және жапырақтары
түсетін) және қайтадан ӛсетін бүршіктердің қорғалу деңгейіне
байланысты бӛлінген.
Қайтадан ӛсетін бүршіктер жер бетінен биікте орналасқан-
дықтан бүршіктер ашық кеңістікте, қармен немесе басқа да жа-
бынмен қорғалмаған жағдайда ӛтеді. Сондықтан да фанерофит-
67
тер негізінен жұмсақ климатты аймақ ӛсімдіктері. Мұндай ӛмір
сүру формалы ӛсімдіктер табиғаты қатал, суық аймақтарда да
бар (мысалы, қылқан жапырақты ормандар).
Хамефиттер
– онша биік емес ӛсімдіктер. Қайтадан ӛсетін
бүршіктері жер бетіне жақын, 20-30 см биіктікте орналасқан
және де бүршіктері қар жамылғысымен жабылып, қорғалуы
мүмкін. Хамефиттер арасында аласа бойлы, бұталы ӛсімдіктер
(итбүлдірген, су жидек, қара жидек), жартылай бұталы ӛсімдік-
тер бар. Бұл ӛсімдіктердің бұтақтарының біразы қуаңшылық ке-
зеңде ӛледі.
Гемикриптофиттер
– кӛпжылдық шӛптесін ӛсімдіктер.
Ӛсу дәуірінің соңында жер бетіндегі мүшелері ӛледі де, бүршік-
тері топырақ бетінде сақталады, ӛсімдік қалдықтарымен, кейі-
нірек қармен жабылып сақталады. Морфологиялық тұрғыдан
бұл ӛсімдіктер алуан түрлі. Біреулерінің бүршіктері тамыр мен
сабақ түйіскен түбінде (мысалы, жоңышқа), шамалы биіктікте
(түйежоңышқа) немесе жер бетіндегі және астындағы столон-
дарда сақталады (қалақай, қайызғақшӛп). Кейбіреулерінің жапы-
рақтары сабақ түбінде шоғырланып орналасқан (бақбақ шӛп,
шықшӛп, наурызгүл). Гемикриптофитты ӛсімдіктер шабындық-
тарда, далалық аймақтарда, орманды ӛсімдіктер қауымдасты-
ғында кеңінен тараған.
Криптофиттер.
Бұл топқа жататын ӛсімдіктердің қайтадан
ӛсетін бүршіктері жер астында (геофиттер) немесе су қоймалары
түбінде (гидрофиттер).
Геофиттер
– кӛпжылдық шӛптесін
ӛсімдіктер. Жер асты мүшелерінің сипатына қарай жуашықты
геофиттер (қызғалдақ, жуа, қазжуа, супияз), түйнекшелілер (кар-
топ, топинамбур, ақбүйрек, айдаршӛп), борық тамырлы (қамыс,
меруертгүл, жатаған бидайық), тамырлы (тіленқурай, шырма-
уық).
Геофиттердің негізгі ерекшеліктері жер асты мүшелерінде
қоректік заттардың қоры жинақталады. Осы қоректік заттарды
пайдаланып, кӛктемде жақсы ӛседі.
Гидрофиттер
– суда ӛсетін ӛсімдіктер, жапырақтары қал-
қып ӛседі немесе су ішінде болады, ал қысқа қарай ӛледі. Қай-
тадан ӛсетін бүршіктері кӛпжылдық борық тамырларында су тү-
бінде қыстап шығады (тұңғиық, сугүл ӛсімдіктері) немесе түй-
68
некшелер (турион күйінде) күзде су түбіне шӛгеді де, қысты
осылай ӛткереді.
Терофиттер.
Бұлар монокарпты ӛсімдіктер, қолайсыз қыс
айларын немесе аңызақ жаз айларын тұқым немесе спора күйін-
де ӛткереді. Негізгі ерекшелігі – жылдық ӛсу циклін, яғни тұ-
қымнан тұқымға дейінгі қысқа мерзімде ӛткереді. Мысалы, би-
дай, арпа, сұлы, т.б. (17 – сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |