Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет44/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Байланысты:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Бақылау сҧрақтары 
1. Әртүрлі континенттердегі ӛсімдіктерді зерттеу нәтиже-
сінде А. Гумбольд ұсынған ӛсімдіктердің тіршілік формалары. 
2. Әдепкі кездерде ботаниктер, экологтар ӛсімдік түрлерін 
жүйелеуді қандай белгілер бойынша жүргізді. 
3. Конвергенттік белгілер туралы түсінік. 
4. Ӛсімдіктердің тіршілік формаларын жүйелеуді Раункиер 
қандай белгілер негізінде жүргізді.
5. Раункиер жүйесі бойынша ӛсімдіктердің тіршілік форма-
лары түрлері. 
6. Фанерофит және хамефит ӛсімдік түрлері, олардың сипат-
тамасы, мысалдары. 
7. Гемикриптофит ӛсімдік түрлері, сипаттамасы, мысалда-
ры. 
8. Криптофит және терофит ӛсімдік түрлері, олардың сипат-
тамалары, мысалдары. 
9. Тіршілік формаларын анықтаудағы И.Г. Серебряков кон-
цепциялары. 
11 – Тақырып.
 Антропогендік факторлардың ӛсімдіктер 
әлеміне әсері
Адамзаттың барлық тарихи кезеңдерінде ӛсімдіктер жамыл-
ғысына әсері әртүрлі деңгейде болды. Еуразия кеңістігінде кӛш-
пенділердің мал шаруашылығын күшті дамытуы нәтижесінде, 
далалық аймақтардағы жайылымдықтар деградацияға ұшырап, 
ондағы ӛсімдіктер жамылғысының ӛнімділігі күрт тӛмендеді. 
Нәтижесінде халық саны ӛскенімен, мал шаруашылығы ӛнімді-


69 
лігі тӛмендеді. Бұл кӛшпенділердің оңтүстікке және батысқа қа-
рай жаппай кӛшуінің себептерінің бірі болды.
Отырықшы халықтардың егіншілікпен айналасуының бары-
сында ормандарды ӛртеп, қырқу арқылы егістік жерлер (алқап-
тар) дайындалды. Мысалы, Кӛне мәдениет орталығы Жерорта 
теңізі жағалауы елдерінде, Кіші Азия мен Месопотамияда ор-
мандарды жаппай қырқып, жою нәтижесінде аталған террито-
рияларда шӛлейттену процесі жүріп, аймақтың аридизацияла-
нуы, топырақтың эрозия және деградацияға ұшырауы күшейе 
түсті. Африка мен Индияда тропикалық ормандар кӛлемінің 
азаюы саванна аймақтарын кеңейтті. Орталық Азия мен 
Солтүстік Америкада мал шаруашылығын қарқынды дамыту – 
жылжымалы бархан құмдарының пайда болуын туындатты. 
Географиялық сапарлар жасау және жаңа жерлерді ашу, оларды 
игеру кезеңдерінде кӛптеген ӛсімдіктердің тұқымы тасымалда-
нып, олар жаңа аймақтарда тез таралып, кӛбейіп кетті. Адамзат-
тың табиғатқа, соның ішінде ӛсімдіктер әлеміне әсері қоғамдық 
формациялардың дамуына, ғылымның дамып, техникалық мүм-
кіншілігінің артуына және демографиялық дүмпуге, яғни адам-
дар санының күрт ӛсуіне тікелей байланысты.
Адамзаттың табиғатқа, соның ішінде ӛсімдіктер әлеміне 
әсері: 
ойлаусыз жасалынған
және 
саналы түрде жасалынған
әсерлер болып бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет