Сынық кезінде көрсетілетін жедел көмек Қолданылатын бұйрықтар


Қолдың иық сүйектерінің сынуы



бет2/4
Дата29.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#53354
1   2   3   4

Қолдың иық сүйектерінің сынуы

Зақымдану шынтағымен, иығымен құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның иығы шыдатпай ауырады. Шынтағынан денеге қарай бүгілген қолды cay қолымен ұстап тұру. Иықтың көлемі өзгеріп, қатты ауырады, ақырын сипап көргенде және қозғалтқанда сынған сүйектің дыбысы естіледі.

Алғашқы көмекҚолын орамалға асып қою, қатты ауырса, денесіне таңып тастау. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Иықтың ортаңғы бөлігінің сынуы тік құламаған жағдайда (шынтақпен құлау, иықтың кенеттен бұралып кетуі), сондай – ақ тікелей жарақат алғаңда (иығынан ұрғанда) орын алады. Сынықка тән сипаттар: иықтың қысқаруы мен деформациялануы, сынған жердің қалыпсыз қозғалуы, сүйек сынықтарының қытырлауы.

Жамбастың сынуы

Қарт адамдардың жамбас мойынының сынуы болмашы жарақаттан (бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы мүмкін;жастарда автокөлік басып кеткенде, биіктіктен құлаған кезде орын алады.Осылар жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап шеккен адамның ұршық буыны қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған, ісік жылдам пайда болады. Жамбасы қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін.

Жедел көмек

Ауруды басатын дәрі егу керек. Дитерихс таңғыш қалағын немесе ол болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ тану керек: ұзынын – қолтықтың астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін – шатынан бастап ішкі тобыққа дейін тану керек. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.

Бас сүйек негізінің сынуы

Белгілері:Басты кезеңде құлақтан, мұрыннан қан ағады, басы айналады, есінен танады. Ал өте кеш жағдайда көз ұясына қан құйылып, мұрны мен құлағынан жұлын сұйықтығы ағады.


Жедел көмек. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызып, тыныс алу жолын сілекей мен құсықтан тазартып, дем алуы бұзылған жағдайда қолдан дем алдыру; егер құлағы мен мұрынынан қан немесе жұлын сұйықтығы ағатын болса, аз уақытқа тығындап, дереу ауруханаға жеткізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет