Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?



бет1/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Патфиз 1 рк


Сұрақтар

  1. Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?

Жауап:  Реанимация – (лат. re – қайта және animation — жандандыру) организмнің тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіруі. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, организмнің тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жоғалтпайды. Мұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алуға жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5-8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай:

  • жүрек-өкпелік,

  • жүрек, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді.

Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері 
Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) терминалды (ақтық) жағдайлар деп айтамыз.


Преагония— жанталасуға дейінгі жағдай. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылулары мен гемодинамиканың бірден нашарлауымен сипатталады. Науқастың есі әлі сақталған, бірақ шатасқан, терісі боз немесе көгерген, пульс жіп тәріздес, жүрек соғуы жылдам (тахикардия). Артериялық қысым 80 мм с.б. дейін төмендейді. Дем алысы жиіленеді, үстірт болады. Көз рефлекстері сақталады, көз қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы әлсіз. Осы фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше тәулікке созылады.
Агония— жанталасу. Агония кезінде естің болмауы мүмкін, бірақ емделуші естуі мүмкін. Тері жамылғылары бозарады, акроцианоз, бастың мәрмәр түсті болуы немесе цианозы байқалады. Пульс тек ірі (ұйқы) артерияларда ғана анықталады, брадикардия. Тынысы сирек, ырғақсыз, «тынысты жұтады» (атоналды тыныс); Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз; тырысулар, еріксіз зәр, нәжіс бөлінуі мүмкін. Бұл кезең бірнеше минуттан бір неше сағаттарға дейін созылады. Клиникалық өлім — бұл бірнеше уақыт аралығында ағзаның басынан кешіретін жағдайы. Ол кезде қан айналым және тыныс тоқтайды, тіршіліктің, өмір сүрудің сыртқы көріністері толық жоғалады, бірақ гипоксияға сезімтал ұлпаларда әлі қайтымсыз өзгерістер дамымайды. Бұл өмір мен өлім арасындағы қысқа уақытылы кезең. Клиникалық өлімнің белгілері:

  1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болмауы.

  2. Көз карашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының болмауы.

  3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс салу.

  4. Естен тану.

  5. Қоңыр-сұр түске ену.

Алғашқы үшеуі анық белгісі болып табылады, бір секунд та тоспай, реанимацияны бастау керек. Тыныс салу мен қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру науқасты терминальды күйден шығаруы мүмкін. Клиникалық өлімнің себептері: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәндіктердің уымен улану т.б. Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация әдістерін жасауға кірісу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет