Сынып жетекшісі, оның тәрбие жұмысын ұйымдастыру қызметі мен міндеттері


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстары және оның бағыттары мен мазмұны



бет12/15
Дата08.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#135243
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

4.4. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстары және оның бағыттары мен мазмұны.

  • Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болса, ал екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әртүрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с.
  • Оны жүзеге асыруда сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың оқушылармен сабақтан тыс уақытта мақсатты түрде әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті – тәрбие жұмысы деп атаймыз.
  • Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және мектеп алдында тұрған педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
  • 1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:

  • -оның жеке-дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қажеттілігін, бейімділігін, қоршаған ортасын танып білу;
  • -тәрбие жұмысын алдын ала болжау, жобалау;
  • -жеке-дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
  • -тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жүргізу.
  • 2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:

  • -белсенді, ынтымағы жарасқан оқушылар ұжымын қалыптастыру;
  • -онда жағымды моральдық-психологиялық көңіл-күйді орнықтыру;
  • -оқушыларды жан-жақты әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
  • -оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет