Сынып жетекшісі, оның тәрбие жұмысын ұйымдастыру қызметі мен міндеттері


Тәрбие жұмысында сынып жетекшісі диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп, оның мақсатын анықтайды. Сынып жетекшісінің мақсатқоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады



бет10/15
Дата08.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#135243
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тәрбие жұмысында сынып жетекшісі диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп, оның мақсатын анықтайды. Сынып жетекшісінің мақсатқоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

  • Тәрбие жұмысында сынып жетекшісі диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп, оның мақсатын анықтайды. Сынып жетекшісінің мақсатқоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
  • Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды әрекеті. Жоспардың қызметі – балаға жасайтын педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындаудың біртұтастығын қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін арттыруды көздейді.
  • Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
  • Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударады. Сол секілді В. А. Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика – балгерлікке айналар еді. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тіпті тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді» – дейді.

Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болып есептеледі.

  • Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болып есептеледі.
  • Сол секілді сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оған түзету енгізіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік береді, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі, қажет болған жағдайда балалар ұжымына немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.
  • Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесінің нәтижесін бақылауы және түзету енгізіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана нәтижелі болады.
  • Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген педагогикалық қызметі, оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет