Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет24/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Шығыс жалғаулы сөз тіркестерi Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы . Мұнда да жалғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп , солардың байланысынан толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады

Толықтауыштық кызметте жұмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары , тіркестерінің мынадай болады.

  1. Заттың басқа заттан істелу тегін білдіреді. Тастан жер ошақ жасап , май қайнаттым. Тастан сарай салғызды.

  2. Мағлұматтың, әрекеттің шығу көзін білдіреді. Мысалы: кісіден есту, үлкеннен үйрену, кітаптан оқу.

  3. Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жазылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы: аурудан айығу, бәледен құтылу, жамандықтан қашу.

Пысықтауышқытң қатынастағы етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары шығыс жалғау арқылы тікелей етістікке не демеулер арқылы етістікке бағынады. Пысықтауыштық кызметте жұмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары , тіркестерінің мынадай болады.

  1. Көлемдік. Көбінесе олар қимыл процесінің орнын көрсетеді, мысалы: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту. Қой әлі өрістен келген жоқ.

  2. Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мәнді және кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады. Мысалы: былтырдан білемін, жастайымнан түсінгенім.

  3. Себеп салдар. Мысалы: қуанғаннан күліп жіберді, ұялғаннан қызарды, ұйықтап қалғандықтан кешікті.

  4. Амал. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде қимылдың амалын (қалай болғанын) білдіреді, мысалы: етпетінен құлау, даусынан тану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет