Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын



бет1/76
Дата02.02.2022
өлшемі150,11 Kb.
#24709
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
синтаксис


  1. Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары

Синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

Жалпы тіл білімінде синтаксистің зерттеу, оқыту нысанын қарастыруда екі үрдісті байқауға болады:

1. Синтаксис нысанын кеңінен қамтитын үрдіс

2. Синтаксис нысанын тарылта, нақтылай қарайтын үрдіс



Синтаксистік құрылыс дегеніміз – кешенді, күрделі жүйеден тұратын сант. Оның бірнеше аспектілері бар:

1. құрылымдық аспект

  1. семантикалық аспект

  2. логикалық аспект

  3. функционалдық-коммуникативтік аспект

Синтаксис ғылымының қарастыратын бірліктерін үлкен екі топқа бөлуге болады:

  1. коммуникативтік емес бірліктер;

  2. коммуникативтік бірліктер

Бірінші топқа құрылымдық, семантикалық, логикалық аспектілер қамтылады.

Екінші топқа төрт аспект де қамтылады.

Екі топтата бірліктердің синтаксемалық қызмет атқара алатыны дәлелденуі қажет.

Синтаксеманы А.Золотова бойынша түсіндіру керек.

Бірінші топқа сөз формалар мен сөз тіркестерін жатқызамыз.

Екінші топқа сөйлем, шумақ, мәтін жатады.

Сөз формалары, әдетте, морфологиялық деңгейде ғана қарастырылады.

Олардың синтетикалық түрлерінің, аналитикалық түрлерінің синтаксистік байланыс пен синтаксистік қатынасқа қызметі тілдік айғақтар арқылы талданады.

Шылаудың әр түрінің (септеулік, жалғаулық, демеулік) қызметі тілдік айғақтар арқылы көрсетіледі.

Бұлардың морфосинтаксистік санаттар екені дәлелденеді. Тіркескен сөздердің сөз тіркесі болып танылуының шарттары санамаланып түсіндіріледі.

Сөйлемге берілген анықтамалар жазғызылады. Сөйлемнің үш белгісі – предимкативтілік, модальділік, интонация - қысқаша түсіндіріледі. (Бұларға арнайы тоқталған жөн).

Шумаққа анықтама беріледі. Оның қазіргі тіл білімінде әр түрлі аталып жүргені көрсетіледі (абзац, күрделі синтаксистік тұтастық, синтаксистік күрделі бірлік, микромәтін, фразадан жоғары бірлік).

Мәтінге анықтама беріледі. Оның бүтін санатына жататыны онан төмен бірліктердің бәрі оған бөлшектік қызмет атқаратыны арқылы түсіндіріледі. Методология – бүтін мен бөлшектің сипаты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет